Legence IPO-сы: «болашақ технологияларын құрушылардың» акциялары пайда болды

Инжинирингтік және сервистік қызметтерді жеткізуші Legence компаниясының акциялары Freedom клиенттері үшін сауда жүйесінде алдын ала саудалануда. 12 қыркүйек күні кешке бұл бағалы қағаздар Nasdaq биржасында LGN.US тикерімен саудаға шығады.
Егжей-тегжейлі
Инжинирингтік және сервистік қызметтерді жеткізуші Legence IPO кезінде 728 миллион доллар тартты. Компания акцияларын бір данасы үшін 28 доллар бағасымен орналастырды. Бұл баға бұрын жарияланған 25–29 доллар аралығындағы диапазонның жоғарғы шегінен сәл төмен. Reuters-тің мәліметінше осы орналастыру нәтижесінде компанияның нарықтық құны 2,85 миллиард доллар шамасында бағаланып отыр.
Андеррайтерлерге комиссиялар мен жеңілдіктерді шегергендегі IPO бағасы бойынша 3,9 миллион қосымша акция сатып алуға 30 күндік опция берілді.
Мәмілені ұйымдастырғандар: Goldman Sachs, Jefferies, BofA Securities, Barclays, Morgan Stanley, RBC Capital Markets, Societe Generale, BMO Capital Markets, Cantor Fitzgerald, Guggenheim Securities, WR Securities, Nomura Securities, MUFG Securities America, Roth Capital, Santander, Stifel, TD Cowen, BTIG Securities және Rothschild.
IPO аяқталғаннан кейін Blackstone басқаруындағы қорлар дауыс беретін акциялардың шамамен 74% бақылауына ие болады, деп хабарлайды Bloomberg.
Компания несімен қызықты?
Legence — Калифорниядағы Сан-Хосе қаласынан шыққан компания, 1963 жылы құрылған. Компания жылыту, желдету және ауаны кондициялау (HVAC), сантехника, және басқа да инженерлік жүйелерді жобалау, орнату және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Legence деректер орталықтары секілді техникалық жағынан күрделі инфрақұрылымы бар, жылдам өсіп келе жатқан салаларға басымдық береді.
Blackstone — балама инвестициялар саласындағы әлемдегі ең ірі басқарушы компания — Legence-ті 2020 жылы сатып алған (ол кезде компания Therma Holdings деп аталған). 2024 жылы қор бұл бизнесті сату немесе IPO-ға шығару нұсқаларын 5 миллиард долларға дейін бағалап, қарастырған (қарызды ескергенде).
2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша Legence-тің залалы 23 миллион доллар болды, ал кірісі 1,1 миллиард доллар. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 8,8 миллион доллар залал және 989,6 миллион доллар кіріс болған.
2025 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша тапсырыстар мен келісімшарттар портфелі 2,8 миллиард долларға жеткен — бұл өткен жылмен салыстырғанда 29% көп.
Сарапшылар не дейді?
Freedom аналитигі Әлем Бектеміровтың айтуынша компания үшін негізгі қауіптер — Honeywell International, Siemens, Schneider Electric, Hitachi, Cleerly, Hikvision сынды компаниялармен нарықтағы бәсеке.
Freedom есептеулері бойынша Legence әділ нарықтық құны (Equity) шамамен 3,22 миллиард доллар немесе әр акцияға 31,6 доллар — бұл орналастыру бағасынан 13% жоғары. Бұл есептеулерде Бектеміров салалық орташа EV/S (компания құны / сату көлемі) көрсеткішін – 2,17, соңғы 12 айдағы кірісті – 2,21 миллиард доллар, баланстағы қарызды – 1,5 миллиард доллар және қолма-қол қаражатты – 97,9 миллион доллар деп алған.
IPO Edge инвестициялық тобының жетекшісі Донован Джонстың айтуынша Legence операциялық табыс пен ақша ағымының өсуіне сүйенеді, бірақ кіріс өсімі баяулап, таза шығын сақталып отыр. Орналастырудан түскен қаражат ең алдымен үлкен қарызды азайтуға, пайыздық шығынды төмендетуге және қаржылық икемділікті арттыруға жұмсалмақ.
Ғимараттарды басқару жүйелері нарығы — ауқымды әрі жылдам өсіп келе жатқан нарық, бұл Legence үшін салалық өсу мүмкіндіктерін арттырады. Алайда, негізгі тәуекелдер қатарына коммерциялық шығындардың артуы, жекелеген клиенттерге жоғары тәуелділік, тұрақты бағадағы келісімшарттар шеңберіндегі осалдық, және қатаң бәсекелестік кіреді, дейді сарапшы.
Контекст
АҚШ IPO нарығы белсенділіктің артуын көрсетуде. Сәуірдегі сауда саясатына байланысты төмендеуден кейін, инвесторлардың сенімі қалпына келіп, компаниялар биржаға шығуға ұмтылуда, деп жазады Reuters.
IPOX сарапшысы Лукас Мюльбауэрдің айтуынша, соңғы жұмыспен қамту мәліметтері экономиканың баяулауын көрсеткенімен, бұл ФРЖ мөлшерлемесін төмендету және құбылмалылықты азайту ықтималдығын арттырып отыр — бұл күзгі IPO-лар үшін оң фактор болмақ.
12 қыркүйекте биржаға сонымен қатар Via (көлік және технологиялар компаниясы), Black Rock Coffee Bar (кофехана желісі) және Gemini (криптобиржа) да шығады.
Freedom клиенттері Legence акцияларына негізгі биржалық сессия ашылмай тұрып-ақ қол жеткізе алады. Сауда АҚШ биржалары ашылғанға дейін 2–3 сағат бұрын, Астана уақыты бойынша 15:30–16:30 аралығында ерте премаркет форматында басталады.
Қатысу үшін LGN.US тикеріне басыңыз.








