БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Мұнай бір күнде шамамен 3% арзандады. Brent үшін әлсіз жылдық нәтиже

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Мұнай бір күнде шамамен 3% арзандады. Brent үшін әлсіз жылдық нәтиже

CNBC жазуынша, 16 желтоқсанда әлемдік мұнай бағасы шамамен 3% төмендеді. Бұған Украинадағы бейбіт үдерістегі ілгерілеу және трейдерлердің нарықта ұсыныс тым көп болып кетуі мүмкін деген алаңдаушылығы әсер етті.

Егжей-тегжейі

Brent мұнайын жеткізу келісімшарттарының бағасы 2,8% түсіп, барреліне $58,83 болды. АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай фьючерстері 2,9% төмендеп, барреліне $55,15 деңгейіне түсті. CNBC мәліметінше, WTI 2021 жылғы ақпаннан бергі ең төмен деңгейге түсті. Ол кезде нарық Covid-19 пандемиясынан кейін қалпына келіп жатқан. Жыл басынан бері америкалық мұнай шамамен 23% арзандады. Бұл 2018 жылдан бергі ең нашар динамика. Сол кезеңде Brent те шамамен 21% төмендеді. Телеарнаның айтуынша, бұл Brent үшін 2020 жылдан бергі ең әлсіз жылдық нәтиже.

Нарықты не қозғап тұр?

CNBC пікірінше, мұнай бағасының құлауы экономиканың баяулап жатқанын көрсетуі мүмкін. Сейсенбі күні АҚШ-та еңбек нарығы туралы дерек жарияланды. Қарашада елде 64 мың жұмыс орны ашылды. Ал қазанда жұмыс орындары 105 мыңға қысқарған. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға жетті. Бұл төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұдан бөлек, мұнай нарығына биыл ОПЕК+ факторы қысым түсірді. Телеарна жазуынша, альянс көп жыл шектеуден кейін өндіру көлемін күрт арттырды.

Инвесторлар Украинадағы бейбіт үдеріс туралы жаңалықтар аясында геосаяси тәуекел азаяды деп те бағаға енгізіп отыр. Мысалы, Украина президенті Владимир Зеленский ел НАТО-ға кіру ниетінен бас тартуға дайын болуы мүмкін екенін айтты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп 15 желтоқсанда, дүйсенбі күні мәлімдеме жасады. Ол АҚШ өкілдері және еуропалық көшбасшылармен «ұзақ әрі өте жақсы келіссөздерден» кейін Ресей мен Украина қақтығысты аяқтауға «бұрынғыдан да жақын» деді.

CNBC түсіндіруінше, 2022 жылдан бері мұнай нарығында жеткізілім үзіліп қалуы мүмкін деген қауіп күшейген. 2025 жылы Киев бірнеше рет дронмен Ресейдің мұнай инфрақұрылымына соққы жасаған. Ал АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Ресейдің мұнай саласына санкция енгізген.

Дегенмен Rystad Energy компаниясының геосаяси талдау бөлімінің жетекшісі Хорхе Леон бейбіт келісім жасалса, Украина шабуылды тоқтатуы ықтимал дейді. Ал Вашингтон санкцияны алып тастауы мүмкін деп санайды.

«Бұл жақын мерзімде Ресей мұнайын жеткізуде үзіліс болу қаупін едәуір азайтады. Сондай-ақ танкерлерде сақталып тұрған мұнайдың үлкен көлемін нарыққа қайтаруға мүмкіндік береді», — деді Леон. Rystad бағалауынша, қазір қалқымалы қоймаларда шамамен 170 млн баррель ресейлік мұнай тұр.

Леонның айтуынша, АҚШ санкцияны алып тастаса, ОПЕК+ үшін ынталандыру да өзгереді. Оның сөзінше, өндірісті агрессивті арттыру стратегиясын тоқтатқан альянс геосаяси қысым азайса, нарық үлесі үшін күреске қайта оралуы мүмкін.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары