БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью‑Йорктегі таң: нарық Трамптың Иранға шабуыл туралы шешімін күтуде

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью‑Йорктегі таң: нарық Трамптың Иранға шабуыл туралы шешімін күтуде

Freedom Capital Markets Research вице-директоры Михаил Денисламов ұсынған  АҚШ қор нарығына күнделікті шолуы мен болжамы.

Біз не күтудеміз

Инвесторлардың басты назарында Таяу Шығыстағы жағдай. Кеше Ақ үй Дональд Трамптың АҚШ-тың Иранға қарсы соғыс әрекеттеріне қатысу мәселесінде екі апта ішінде шешім қабылдайтынын мәлімдеді. Президент әкімшілігінің айтуынша негізгі мақсат — Ислам республикасының ядролық қаруға ие болуының алдын алу, ал ең басым жол — бұл дипломатиялық жол. Израиль мен Иран арасындағы соққы алмасу жалғасып жатқан жағдайда қақтығыстың кеңею қаупі сақталып отыр.

Сауданың күн тәртібі де шиеленісті күйінде қалып отыр. Канада Вашингтонмен келіссөздерде еш ілгерілеу болмаған жағдайда 21 шілдеден бастап америкалық болат пен алюминийге баж салығын көтеруі мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар, мемлекеттік жобаларда шетелдік металл қолдануға шектеулер енгізілуде. Еуропалық комиссия өкілдері АҚШ-пен сауда диалогында алға жылжу болғанын айтты, бірақ америкалық тарап жаңа баж салығын енгізген жағдайда жауап шаралары қарастырылатынын атап өтті.

Макроэкономикалық тұрғыда бүгін Филадельфия Федералдық резерв өңдеу секторының белсенділік индексін (маусым айы бойынша) жариялайды. Консенсус −1,5 балл деп есептесе, бұл көрсеткіш мамырдағы −4 баллдан кейінгі құлдыраудың жалғасып жатқанын білдіруі мүмкін.

Негізгі сессия басталғанға дейін Accenture (ACN), Carmax (KMX) және Kroger (KR) компанияларының үш айлық есептері жарияланады.

Қазіргі фьючерстер АҚШ индекстерінде айтарлықтай төмендеуді көрсеткенімен, Иранға қатысты АҚШ шешімінің кешіктірілуі нарықты 18 маусымдағы жабылу деңгейіне жеткізді. Тәуекел балансын біз нейтралды деп бағалаймыз, құбылмалылық орташа деңгейде. S&P 500 қозғалысын 5940–6020 аралығында күтеміз (алдыңғы жабылудан −0,7%‑ден +0,7%‑ге дейін).

Басты назарда

  • OpenAI Microsoft-пен (MSFT) шектеулі пайданы көздейтін ұйым ретінде қайта ұйымдастыруды келіспесе, $20 млрд көлемінде инвестициядан айырылуы мүмкін. Корпорациямен келіссөздер тоқтап қалған. OpenAI монополияға қарсы органдарға жүгіну жолын қарастыруда.

  • SoftBank Аризонада ЖИ және робототехника жобаларына арналған $1 трлн бағалы технопарк құруды ұсынды. Бұл жоба TSMC (TSM) және АҚШ билігімен салық жеңілдіктері бойынша талқыланып жатыр.

  • SpaceX тағы бір сәтсіздікке ұшырады: Starship зымыраны Техастағы жердегі сынақ кезінде жарылып кетті. Илон Масктың айтуынша себеп — газ сақтау жүйесіндегі ақау. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Кешегі күнге дейінгі нарықтағы ахуал 

АҚШ қор биржалары 19 маусым күні Азаттық күніне (Juneteenth) байланысты жұмыс істемеді. Оған дейінгі сессия қор нарығында әртүрлі бағытта аяқталды: S&P 500 –0,03%, Nasdaq 100 өзгеріссіз, Dow Jones –0,1%, Russell 2000 +0,52%.

Күннің басты оқиғасы — АҚШ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) отырысы болды. Күткендей, негізгі мөлшерлеме өзгеріссіз қалдырылды. 2025 жылға арналған жаңартылған болжам да бұрынғысынша — екі мәрте төмендетуді қарастырады.

Инфляция бойынша ФРЖ болжамы (PCE көрсеткіші) 3%-ға дейін көтерілді, ал ЖІӨ өсімінің болжамы 1,4%-ға дейін төмендетілді. Қорытынды мәлімдемеден жұмыссыздық пен инфляция қаупі туралы тұстар алынып тасталды. Сонымен қатар, экономикалық келешекке қатысты жоғары деңгейдегі белгісіздік сақталып отырғаны атап өтілді. Джером Пауэллдің баспасөз мәслихаты тосын жайттарсыз өтті.

Ал бастапқы жұмыссыздық жәрдемақысына өтінімдер саны күткендей — 245 мың болды. Тұрғын үй нарығынан түскен деректер көңіл көншітпеді:

  • Мамыр айында жаңа құрылыс көлемі 9,8%-ға төмендеп, 1,256 млн деңгейінде тіркелді;

  • құрылысқа берілген рұқсат саны 2%-ға қысқарып, 1,393 млн болды.

Бұл — 2020 жылдан бергі ең төмен көрсеткіштер.

Компания жаңалықтары

  • Сенат GENIUS заң жобасын қабылдағанда стейблкоиндерге нормативтік базаны енгізгеннен кейін Circle Internet Financial (CRCL: +33,8%) акциясы көтерілді. Бұл бастама шілдеде Өкілдер палатасына ұсынылатын болады.

  • Coinbase (COIN: +16,3%) акциясының өсуіне стейблкоиндерді реттеу бойынша прогресс пен электрондық коммерция платформаларына арналған жаңадан пайда болатын Coinbase Payments төлем шешімі ықпал етті.

  • Marvell Technology (MRVL: +7,1%) акциясы Custom AI іс-шарасында мәлімделгендей, 2028 жылға дейінгі дерек-орталықтар нарығының көлемін болжауды жақсартқаны және XPU шешімдерінің тапсырыспен жұмыс істейтін чиптер сегментіндегі үлесін ұлғайтқаны туралы хабарламадан кейін айтарлықтай өсті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары