БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nestlé акциясы 2008 жылдан бергі максимумға шарықтады. 6% қызметкері қысқарады

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Nestlé акциясы 2008 жылдан бергі максимумға шарықтады. 6% қызметкері қысқарады

Швейцариялық азық-түлік алыбы Nestlé акциясы 8%-дан астам қымбаттап, 2008 жылдан бергі максимумға жетті. Компанияның тоқсандық сатылымы күткеннен жоғары болып шықты және 16 мың жұмыс орнын қысқартатынын хабарлады. Ішкі дағдарыс пен әлсіз нәтижелер кезеңінен кейін Nestlé жаңа басшысы Филипп Навратил сату көлемін қалпына келтіру мен компания портфелін оптимизациялауды басты мақсат етіп қойды.

Егжей-тегжейлі

Nestlé азық-түлік өндірушісінің акциясы 16 қазанда Швейцариядағы саудада 8%-дан астам қымбаттап, 2008 жылдан бергі максимумға жетті. Мұндай өсім компанияның тоқсандық сатылымы күткеннен жоғары болғаны мен 16 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отырғаны туралы хабарынан кейін тіркелді, деп жазды Bloomberg. Компанияның шығынды үнемдеу мақсаты 2027 жылдың соңына дейін 2,5 млрд швейцариялық франктан 3 млрд франкқа (шамамен $3,7 млрд) дейін ұлғайтылды.

Қызметкерлерді қысқарту алдағы екі жыл ішінде жүзеге асады және жалпы персоналдың шамамен 6%-ына әсер етеді. Қысқартылатын орындардың басым бөлігі — офис қызметкері. «Әлем өзгеріп жатыр, және Nestlé де тезірек бейімделуі тиіс. Бұл штат санын азайту бойынша күрделі, бірақ қажетті шешімдерді қабылдауды талап етеді», — деді компания басшысы Филипп Навратил.

Сонымен қатар, Nestlé үшінші тоқсандағы сатылымының 4,3% өскенін хабарлады. Бұған себеп, бағалның көтерілуі мен ішкі нақты өсім көрсеткішінің (RIG) жақсаруы — бұл Уолл-стрит мұқият қадағалайтын негізгі индикаторлардың бірі. Екінші тоқсанда осы көрсеткіштің әлсіздігі компания акциясының төмендеуіне әсер еткен негізгі фактордың бірі болған еді. RBC Capital Markets сарапшысы Джеймс Эдвардс бұл көрсеткіш инвесторлар үшін ең үлкен алаңдаушылық туғызғанын атап өтіп, Навратилдің RIG-ті әрі қарай арттыруды басым бағыт ету жөніндегі уәдесіне назар аударды.

«Жағдай әлі де осал, бірақ бұл нәтижелер Nestlé компаниясына инвесторлардың сенімін ішінара қалпына келтіруге көмектеседі деп санаймыз», — деді Vontobel сарапшысы Жан-Филипп Берши.

Компания ахуалы

Соңғы 12 айда Nestlé акциясы шамамен 9% жоғалтты, дейді CNBC. Компания инвесторлардың қысымына тап болды: олар сатылым өсімінің баяулауына, ең ірі тұтыну нарықтарының бірі — Қытайдағы қиындықтарға және ішкі басқарушылық дағдарыстарға наразы болды. Бұл факторлар азық-түлік алыбының бәсекелестеріне қарағанда позициясын әлсіретті.

Қыркүйекте компанияда басшылық ауысты: Лоран Фрейкс бағынышты қызметкерімен жеке романтикалық қарым-қатынасты жасырғаны үшін жұмысынан кетіп, оның орнына жаңа CEO тағайындалды. Даудан кейін басқарма төрағасы Поль Бюльке де өз қызметінен мерзімінен бұрын кетті. Оның орнына Inditex компаниясының бұрынғы басшысы Пабло Исла келді, деп еске салды Bloomberg.

Nestlé компаниясының жаңа басшысы Филипп Навратил — компанияда 20 жылдан астам еңбек еткен тәжірибелі маман, бұған дейін Nespresso бизнесін басқарған. Ол бұрынғы басшы Фрейкстің стратегиясын сақтайтынын мәлімдеді: жарнамаға арналған шығынды арттыру, бірнеше негізгі брендке басымдық беру және пайда әкелмейтін бөлімшелерден бас тарту. Алайда, сарапшылар бұл жоспарға күдікпен қарады. Deutsche Bank сол кезде: «Көптеген ұзақмерзімді инвесторлар нарықта онша танымал емес адамға сену үшін әлі де көбірек дәлел қажет», — деп жазған.

Жаңа басшы сатылым көлемін қалпына келтіруге және Қытайдағы бизнесті жандандыруға уәде берді. Сондай-ақ, инвесторлар компанияның бутылкаланған су өндірісі сияқты проблемалы және тиімсіз витаминдер бизнесінің бөлігін сатуы, және L’Oréal-дегі 20%-дық үлесіне қатысты жоспары туралы жаңалықтарды күтуде.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары