БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nvidia — Nokia мәмілеге жақын: Mizuho оптикалық желілер бойынша 10 акция ұсынды

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Nvidia — Nokia мәмілеге жақын: Mizuho оптикалық желілер бойынша 10 акция ұсынды

Жасанды интеллект нарығында бөлшек инвесторлар ең аз түсінетін және, мүмкін, ең аз қаржы құятын сала бар — ол оптикалық желілер секторы. Бұл бағыт компьютер жадысы, энергия және жартылай өткізгіш өндірушілеріне қарағанда инвесторлардың назарынан көбірек тыс қалып отыр, деп санайды Mizuho сарапшысы Джордан Кляйн. Жасанды интеллект деректер тасымалына сұранысты күшейтті: мыс сымдар жеткіліксіз, ал оптикалық технологиялардың рөлі артып келеді. Mizuho осы трендтен пайда табуға болатын 10 акцияны атады.

Егжей-тегжейлі

Mizuho сарапшысы Джордан Кляйн пікірінше,  оптикалық желілер саласындағы компаниялардың акциясы жасанды интеллект дәуіріндегі баламалы инвестициялық мүмкіндікке айналуы мүмкін, деп хабарады MarketWatch.

Басылымның мәліметінше, қазіргі заманғы ЖИ-модельдер үлкен көлемдегі деректерді өңдейді, сондықтан дәстүрлі мыс кабельдер мұндай жүктемеге төтеп бере алмайды. Жаңа буын ЖИ-чиптері компанияларды меденің орнына оптикалық технологияларға көшуге мәжбүр етуде. MarketWatch пікірінше, жасанды интеллектті периферияда (құрылғыларда, мысалы, смарт-сағаттар, автокөліктер мен роботтарда) дамыту үшін бұл салада жаңа инновациялар қажет. Nvidia мен Nokia арасындағы серіктестік, онда ЖИ-процессор өндіруші $1 млрд көлемінде желілік компанияның үлесін сатып алады, желі жылдамдығы мен сапасының ЖИ дамуын тежеп тұрған негізгі фактор екенін көрсетеді.

Кляйннің айтуынша, инвесторлар оптикалық желілер компанияларын аз түсінеді және оларға аз қаржы құяды, сондықтан бұл сала көбіне назардан тыс қалып отыр. Дегенмен, бұл акциялар жылдам өсіп жатқанымен, жоғары құбылмалылық олардың тәуекелін арттырып, бағалауды күрделендіреді, деп ескертті сарапшы.

Mizuho қандай 10 компанияны ұсынды?

Кляйннің айтуынша, жоғары жылдамдықтағы байланысқа сұраныстың артуына ең жақсы дайындалған он компания бар:

— Credo Technology Group Holding Ltd. Акциясы 2025 жылы бірден 174% қымбаттады. Компанияны қадағалайтын 14 сарапшының 13-і қағазды сатып алуға (Buy, Overweight), біреуі ұстауға (Hold) кеңес берді.

— Lumentum Holdings Inc. 2025 жылы акциясы 140% күрт өсті. Компанияны 21 сарапшы қадағалайды: сатып алуға — 15, ұстауға — 6 сарапшы кеңес берді.

— Ciena Corp. 2025 жылы акциясы 124% өсті. Компанияда 20 рейтинг бар: сатып алу — 14, ұстау — 4, сату (Underweight, Sell) — 2 сарапшы.

— Amphenol Corp. 2025 жылдың басынан бері акциясы 103% көтерілді. MarketWatch дерегінше, 22 рейтингтің ішінде 15-і сатып алу, ұстауға — 7 сарапшы кеңес берді.

— Fabrinet. Жыл басынан бері қағазы 101% қымбаттады. Оны қадағалайтын 10 сарапшының жетеуі сатып алуға, ұстауға — 3 сарапшы кеңес берді.

— Astera Labs Inc. Акциясының құны қаңтардан бері 46% өсті. 21 рейтингтің ішінде сатып алу — 15, ұстау — 5 , сату — 1 сарапшы.

— Arista Networks Inc. 2025 жылы акциясы 41% өсті. Компанияда 29 рейтинг бар: сатып алу — 24, ұстау — 4, сату (Underweight) — 1 сарапшы.

— Coherent Corp. Жыл басынан бері акциясы 39% өсті. 23 рейтингтің 19-ы — сатып алу, ал ұстау — 4 сарапшы.

— Macom Technology Solutions Holdings Inc. 2025 жылдың басынан бері 14%-ға өсті. 17 рейтингтің ішінде 14 — сатып алу, ұстау — 3.

— Semtech Corp. 2025 жылы акциясы небәрі 8% қымбаттады, бірақ сарапшылар оны сатып алуға дерлік бірауыздан кеңес берді: 15 рейтингтің тек бірі — ұстау, сату бойынша ұсыныс жоқ.

Нарықты осы компаниялар туралы не айтылды?

MarketWatch жазғандай, бұл компаниялардың P/E және P/S көрсеткіштері S&P 500 орташа деңгейінен жоғары, бірақ олардың жылдық сатылым өсімі индекстегі 6,5%-дан әлдеқайда жоғары. 2025 жылы бұл компаниялардың акциясы S&P 500-ден жылдам өсіп жатыр.

Circular Technology зерттеу және талдау бөлімінің басшысы Брэд Гастуирттің айтуынша, бұл компаниялардың барлығы жоғары жылдамдықтағы интернет пен байланыс инфрақұрылымына деген сұраныстың артуынан ұтады. Ол 2025 жылы оптикалық компоненттер нарығы 50%-дан астам өсіп, 2026 жылы да қарқынды дамитынын болжайды. Сарапшы саладағы құбылмалылықты оның циклдік сипаты, ірі клиенттерге тәуелділік, жиі технологиялық жаңару және сұраныс ауытқуы арқылы түсіндіреді. Дегенмен, ол жақын болашақта байланыс инфрақұрылымына арналған шешімдер тапшылықта болады, бұл өз кезегінде осы компанияларды нарықта қолдайды деп есептейді.

«Біз әлі артығымен өндіру кезеңіне жақындаған жоқпыз деп есептеймін», — деді Гастуирт.

Needham сарапшысы Н. Куинн Болтон тамыз және қыркүйек айында Semtech пен Credo акциясының мақсатты бағасын көтерді. Оның айтуынша, Credo-ның жаңа буын чиптері энергияны аз тұтынып, тиімдірек жұмыс істейді, ал Semtech компаниясы Google-дің жасанды интеллект жұмысын жеделдетуге арналған Tensor Processing Unit (TPU) процессорларына компоненттер өндірісін ұлғайтуға дайын.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары