БастыЖаңалықтар
Бөлісу

PayPal және Palantir негізін қалаушы Питер Тиль ЖИ-бумы кезінде Nvidia акциясын сатты

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

PayPal және Palantir негізін қалаушы Питер Тиль ЖИ-бумы кезінде Nvidia акциясын сатты

Жапонияның ең бай адамы Масаеси Сон SoftBank үшінші тоқсанда Nvidia-дағы $5,8 млрд тұратын үлесін толығымен сатқанын жариялағаннан кейін бір апта өткенде, АҚШ-тың ең ауқатты тұлғаларының бірі Питер Тиль де дәл сондай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Технологиялық сектордағы ықпалды инвестор саналатын Тильдің Nvidia-дағы үлесін сатуы ЖИ-компаниялардың акциялары көпіршік күйінде тұрғаны немесе шарықтау шегінен өткен болуы мүмкін деген қауіптерді күшейте түседі.

Егжей-тегжейлі

Тильдің хедж-қоры Thiel Macro 2025 жылдың шілде–қыркүйек аралығында Nvidia-ның өзіне тиесілі 537,7 мың акциясын толығымен сатқанын хабарлады. Келісімнің жалпы көлемі $85 млн болды. 2025 жылдың маусым айының соңында ЖИ бумының басты бенефициары саналатын Nvidia акциямы қор портфелінің 40%-ын құраған еді.

Өткен аптада Arm Holdings негізгі акционері саналатын жапондық SoftBank та Nvidia-дан шыққанын жариялады. Тиль мен SoftBank-тың мәмілелері, сондай-ақ әйгілі шортист Майкл Бьюрридің ЖИ-чиптер нарығының көшбасшысы Nvidia-ға қарсы ставка жасағаны туралы жаңалықтар компанияның жарқын екінші тоқсандық нәтижелерінен кейін пайда болды: Nvidia-ның сатылымы 56% өсіп, $46,7 млрд-қа жетті, ал қазан айында компания тарихта алғаш рет $5 трлн капитализацияға қол жеткізді.

Nvidia-дан Тильдің шығуы оның венчурлық капиталист ретіндегі беделіне байланысты инвесторларды алаңдатуы мүмкін (ол PayPal мен Palantir тең құрылтайшысы, Facebook-тің алғашқы сыртқы инвесторы), бірақ MarketWatch еске салғандай, Тиль 2012 жылы Facebook капиталынан шыққаннан кейін де компания акциялары өсе берген.

Тил тағы не сатып алды және сатты?

Thiel Macro үшінші тоқсанда электромобиль өндірушісі Tesla-дағы үлесінің шамамен ширегін сатқан. Соған қарамастан, Tesla қазір қордың ең ірі позициясы болып отыр. Сонымен қатар шілде–қыркүйек айларында қор АҚШ-тың ең ірі электр энергия өндірушілерінің бірі Vistra компаниясының акциясынан толықтай құтылды.

Бұған қоса, Тиль Microsoft пен Apple акциясынан жаңа позициялар ашқан. Нәтижесінде, қазан айының басында оның қоры тек үш компанияның қағаздарын ұстап отырды: Tesla, Microsoft және Apple. Олардың портфельдегі үлесі тиісінше 39%, 34% және 27% болды.

Уолл-стриттің акциялар жөнінде ойы

Соңғы апталардағы тоқырауға қарамастан, 2025 жылдың басынан бері Nvidia акциясы 42% өсіп, «Керемет жетіліктің» көп компанияларын басып озды (Alphabet-тен басқа). Дүйсенбі күнгі премаркетте Nvidia қағазы 1,2% төмендеп жатыр.

19 қарашада жарияланатын қаржылық есеп қарсаңында сарапшылардың басым бөлігі компания акцияларын сатып алуды ұсынады. FactSet дерегінше, 66 рейтингің 60-ы — Buy немесе Overweight, Hold — 5, ал сатуға (Sell) — 1 ғана сарапшы кеңес берді.

Премаркетте Tesla акциясы 0,7% арзандады, Microsoft – 0,3%, Apple – 0,9%. Tesla қағазы бойынша консенсус-болжам нейтралды (Hold) деңгейде — бұл электромобиль өндірушісіне қатысты нарықтың сақтық көзқарасын көрсетеді. Ал Microsoft пен Apple бойынша Уолл-стрит оптимистік позициясын сақтап отыр: сарапшылар софтвер алпауытының акциясын орташа Buy рейтингімен, ал iPhone өндірушісіне Overweight рейтингін берді, деп жазды FactSet.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары