БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Таңғы шолу: Chime IPO-сы, Nvidia инвестициясы, Трамптың сауда мәлімдемесі

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Таңғы шолу: Chime IPO-сы, Nvidia инвестициясы, Трамптың сауда мәлімдемесі

Финтех-компания Chime соңғы жылдардағы саланың ең ірі IPO-ларының бірін өткізді. Samsung пен Nvidia Skild AI деп аталатын роботтарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайтын стартапқа инвестиция салып, физикалық жасанды интеллект пен тұтынушылық робототехникаға деген қызығушылықтың қарқынды өсуіне үлес қосуда. Мұнай нарығы Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күтпеген күшеюіне баға беруде. Осы және басқа да тақырыптар жөнінде 12 маусымға арналған таңғы шолуымызда.

Трамп баж салығы бойынша мерзім жақындағанда сауда серіктестерін қорқытты

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы бір жарым-екі апта ішінде сауда серіктестеріне импортқа біржақты белгіленген баж салығы мөлшерлемелері жазылған хаттар жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Bloomberg. «Бір сәтте біз жай ғана хаттарды таратып шығамыз. Және, меніңше, сіздер оның мәнін түсінесіздер: шарт мынадай — қабылдаңдар немесе кетіңдер», — деді ол Вашингтондағы Кеннеди орталығындағы шарада сөйлеген сөзінде.

Нарықтарды дүр сілкіндірген жаңа жоғары баж салығы енгізілгеннен кейін Трамп ең қатал мөлшерлемелерді уақытша тоқтатқан болатын — бұл үзіліс 9 шілдеде аяқталады. Алайда оның соңғы мәлімдемелері осы күн қарсаңындағы белгісіздікті күшейтті.

11 маусым сәрсенбіде қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша шектеулерді тоқтату мерзімі, үлкен ықтималдықпен, ұзартылуы мүмкін. «18 маңызды сауда серіктесі бар — біз олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз — және егер бұл елдер келіссөздерге адал қараса, дедлайнды кейінге қалдырамыз», — деді ол Өкілдер палатасының салық және бюджет комитетіндегі тыңдауларда.

Сейсенбі күні АҚШ пен Қытай сауда шиеленісін азайту бойынша шекті келісімге қол жеткізді. Ол бойынша қазіргі уақытша баж мөлшерлемелері тұрақтыға айналады: АҚШ Қытайдан келетін импорттан жалпы 55% баж жинайды, ал Қытай АҚШ өнімінен — 10%.

Samsung пен Nvidia Skild AI стартапына ондаған миллион доллар инвестиция салды

Samsung Electronics пен Nvidia тұтынушылық робототехника саласында өз позицияларын нығайту мақсатында Skild AI стартапының аз үлесін сатып алмақ, деп хабарлайды Bloomberg. Агенттік дереккөздеріне сүйенсек, оңтүстіккореялық техноалып Skild-ке $10 млн инвестиция салса, америкалық чип жасаушы $25 млн бөледі. Бұл B сериялы қаржыландыру раунды аясында жүзеге аспақ, ал стартаптың жалпы бағасы шамамен $4,5 млрд деп бағаланып отыр. Раундтың жетекшісі — жапондық SoftBank Group, ол $100 млн инвестиция құймақ.

Samsung үшін бұл инвестиция — Skild командасы мен технологияларына қол жеткізуді сақтап қалудың жолы, әрі LG, Hanwha және Mirae Asset секілді өзге кореялық конгломераттардан қалып қоймаудың амалы. Олар да Skild-ке $5–10 млн аралығында қаржы салған. Bloomberg-тің жазуынша Samsung-тың кейбір өкілдері бұл стартаптың шешімдері бәсекелестерден артта қалуы мүмкін десе де, болашағына сеніп инвестиция жасауда.

Nvidia «физикалық жасанды интеллект» концепциясын белсенді түрде ілгерілетуде — компания автономды ойлау қабілеті бар роботтардың болашақ табыс көзі боларына сенеді. Nvidia қазіргі таңда мұндай роботтардың пайда болуын жеделдетуге бағытталған чиптер, бағдарламалар мен қызметтер ұсынады.

Chime IPO барысында $864 млн тартып, $11,6 млрд-қа бағаланды

Финтех-компания Chime алғашқы жария акция орналастыру (IPO) кезінде $864 млн тартқанын жариялады, деп хабарлайды Reuters. Бір акцияның бастапқы бағасы $27 болып бекітілді. Бұған дейінгі бағалық диапазон $24 пен $26 аралығында болған. Осылайша, компания толық разводненная капитализацияны есепке алғанда $11,6 млрд деңгейінде бағаланды.

Бұл IPO АҚШ финтех секторы үшін соңғы жылдардағы ең ірілерінің бірі болды, әсіресе пандемиядан кейін көптеген компаниялардың бағалануы қайта қаралып жатқан кезеңде. Пандемия кезінде финтех пен e-commerce секторларына инвестициялар күрт артқан болатын.

Chime 2012 жылы Visa-ның бұрынғы топ-менеджері Крис Бритт пен Comcast компаниясының бұрынғы қызметкері Райан Кинг тарапынан негізі қаланған. Компания дәстүрлі банктермен серіктестік арқылы банк өнімдерін ұсынады. Негізгі шешімдер қатарына — комиссиясыз овердрафтпен ыңғайлы ағымдағы шоттар кіреді.

Chime соңғы рет қаржыландыруды 2021 жылы $25 млрд бағалау кезінде тартқан. Инвесторлар қатарында — Юрий Мильнердің DST Global, General Atlantic және ICONIQ бар.

Chime акцияларымен сауда бейсенбі күні Nasdaq биржасында CHYM тикерімен басталады.

Мұнай бағасы АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс қаупіне байланысты төмендеді

Мұнай бағасы бұрынғы өсу серпінінен кейін төмендеді — нарық АҚШ-тың Таяу Шығыстағы персоналды әкету туралы шешіміне және Иранмен ядролық бағдарлама бойынша алдағы келіссөздерге баға беруде, деп жазады Reuters.

Brent маркалы мұнай фьючерстері Гринвич уақытымен 04:33 кезінде 0,4%-ға төмендеп, бір баррель үшін $69,47 деңгейіне жетті, ал WTI маркасы 0,3%-ға арзандап, $67,92 болды. Бұған дейін екі марка да 4%-дан астамға өсіп, сәуір басынан бергі максимумға жеткен еді. Саудагерлер АҚШ-тың Ирактағы елшілікті жартылай эвакуациялау жоспары туралы хабарға жауап ретінде әрекет етті — бұл ядролық келіссөздердің сәтсіздікке ұшырау қаупінен туындаған қауіпсіздік қатерлерімен байланысты. Келіссөздер жексенбіге жоспарланған.

Сәрсенбіде жарияланған сұхбатында Дональд Трамп Иран уран байытуды тоқтату туралы Вашингтонмен келісімге келуге көнеді деген сенімі әлсіреді деп мәлімдеді. Бұған дейін Иран қорғаныс министрі Азиз Насирзаде ядролық келіссөздер сәтсіздікке ұшырап, АҚШ-пен қақтығыс ушығатын болса, Тегеран АҚШ базаларына соққы жасайтынын ескерткен еді. Трамп АҚШ Иранға ядролық қару жасауға жол бермейтінін баса айтты. Иран өз ядролық бағдарламасының бейбіт сипатта екенін мәлімдеуде.

Шиеленістің күшеюі мұнай жеткізіліміндегі үзілістерге қатысты алаңдаушылықты арттырып отыр. «Бағаның өсуі шамадан тыс болған. АҚШ тарапынан Иран шабуылы туралы нақты қауіп айтылған жоқ», — дейді Австралияның Commonwealth банкіндегі шикізат нарығы бойынша зерттеу директоры Вивек Дхар. Оның айтуынша Тегеранның жауабы АҚШ-тың әрекетіне байланысты болады. «Баға түзетулері орынды, бірақ геосаяси сыйлықақы келіссөздер аяқталғанға дейін Brent бағасын $65 деңгейінен жоғары ұстап тұрады», — деп болжайды сарапшы.

Нарықтарда жағдай

Азия-Тынық мұхиты нарықтары аралас динамика көрсетті.

— Жапондық Nikkei 225 индексі 0,58%-ға төмендеді, кеңірек қамтитын Topix – 0,24%-ға өсті.

— Оңтүстік Кореялық Kospi 0,83%-ға өсті, шағын капитализациялы Kosdaq — 0,79% қосты.

— Австралиялық S&P/ASX 200 өзгеріссіз қалды.

— Гонконгтың Hang Seng индексі 0,51%-ға төмендеді, Қытайдың материктік CSI 300 индексі өзгеріссіз.

— Үндістанның Nifty 50 индексі сауда сессиясының басында 0,11%-ға өсті.

— АҚШ-тың негізгі индекстерінің фьючерстері шамамен 0,2%-ға төмендеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары