БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Таңғы шолу: Palantir таңқалдырды, Figma құлдырады, Firefly $6 млрд-ты көздеп отыр

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Таңғы шолу: Palantir таңқалдырды, Figma құлдырады, Firefly $6 млрд-ты көздеп отыр

Palantir-дің тоқсандық табысы тарихта алғаш рет $1 млрд межесінен асты. Figma IPO-дан кейінгі күрт өскен акцияларынан соң бір күнде құнының төрттен бірін жоғалтты. Firefly Aerospace биржадағы орналастыру бағасының ауқымын кеңейтіп, бағалау құнын $6 млрд-тан жоғары деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Осы және өзге де тақырыптар — 5 тамыздағы таңғы шолуымызда.

Palantir нарықтың күткенінен асып түсті

Palantir жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізушісі ретінде компания тарихында алғаш рет тоқсандық табысын $1 млрд межесінен асырды, деп хабарлайды CNBC. Бұл көрсеткіш жылдық мәнде 48% артты. Сарапшылар табыс $940 млн болады деп күткен, ал $1 млрд межеге тек төртінші тоқсанда жетеді деп болжаған еді. Акцияға шаққандағы пайда 14 центтің орнына 16 цент болды.

«Біз табысты арттыра отырып, персонал санын қысқартуды жоспарлап отырмыз, – деді CEO Алекс Карп CNBC арнасына берген сұхбатында. – Бұл — ессіз тиімді революция. Мақсат – 3600 адаммен он есе табысқа жету. Қазір бізде 4100 қызметкер бар».

Компания жылдық болжамын да жақсартты: енді табыс $4,14–4,15 млрд диапазонында болады деп күтуде (алдың табыс $3,89–3,90 млрд-ты құрады). Сонымен қатар операциялық пайда мен еркін ақша ағынына қатысты да бағалау жоғарылады.

Figma биржадағы дебюттен кейін 27% құнын жоғалтты

Figma акциялары 4 тамызда 27% төмендеді — бұл өткен аптадағы биржаға шыққаннан кейінгі жылдам өсу кезеңінен кейін болды, деп жазады CNBC. Дүйсенбі күнгі сауданың соңында қағаздары $88,6-ға дейін арзандады, ал жұмада $122 болған.

Figma мен оның басты акционерлері сәрсенбі күні кешке шамамен 37 млн акцияны $33 бағамен сатып, $412 млн табыс тапты, оның бір бөлігі компанияның өзіне түсті. Нью-Йорк қор биржасындағы дебют күні — бейсенбіде — қағаз бағасы үш есе өсті. Бұл жағдайды соңғы жылдары әлсіз болған IPO нарығына қарамастан, Уолл-стриттің жылдам өсіп келе жатқан технологиялық компанияларға деген қызығушылығының қайта оралуы деп бағалады, деп хабарлайды CNBC.

Figma жаңартылған проспектісінде екінші тоқсандағы табыс өткен жылмен салыстырғанда 40% өседі деп күтіп отырғанын айтты. Соңғы жылдары биржаға шыққан көптеген технологиялық компаниялардан айырмашылығы — Figma тұрақты түрде пайда көрсетіп келеді.

Қазір компанияның толық нарықтық бағасы шамамен $56 млрд-ты құрайды — бұл Adobe компаниясының 2022 жылы ұсынған бағадан үш есе жоғары. Ол мәміле ЕО мен Ұлыбритания реттеушілерінің қарсылығына байланысты жүзеге аспай, 2023 жылдың соңында ресми түрде жойылған еді.

Трамп Үндістанға Ресеймен саудасы үшін баж салығын күшейтумен сес көрсетті

Дональд Трамп Ресей мұнайын сатып алып жатқан Үндістанға қарсы баж салығын көтеретінін айтты, дейді CNN. «Үндістан Ресейден орасан көлемде мұнай сатып алып қана қоймай, оның бір бөлігін ашық нарықта қомақты пайдамен қайта сатып отыр. Сол себепті мен Үндістанның АҚШ-қа төлейтін баж салығын едәуір арттырамын», — деп жазды ол Truth Social платформасында.

Үндістан АҚШ пен ЕО-ны Ресеймен сауданы жалғастыра отырып, әділетсіз қысым жасады деп айыптады. Елдің мәлімдеуінше, Ресейден мұнай сатып алу — Украинадағы конфликттен кейін дәстүрлі жеткізілімдердің Еуропаға бұрылуына байланысты мәжбүрлі қадам екенін жеткізді. Ал Ресейлік импорт бағаны болжамды әрі қолжетімді деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Firefly алдағы IPO үшін баға диапазонын көтерді

Firefly Aerospace алдағы IPO аясында акциялардың бағасын $41–43 диапазонына дейін арттырып, компанияның нарықтық бағасын $6 млрд-тан жоғары деңгейге жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Reuters. Дүйсенбіде берілген өтініште компания осы баға арқылы $697 млн-ға дейін қаражат тартуды жоспарлап отырғанын көрсетті. Бұған дейінгі жоспарланған диапазон $35–39 шамасында болып, бағалау құны $5,5 млрд көлемінде еді.

Firefly биржаға шығу туралы өткен айда жариялаған. Бұл — Илон Масктың SpaceX компаниясы секілді ойыншылар белсенді қаржы тартып жатқан, ғарыш технологияларына деген қызығушылық артқан кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.

Компания зымырандар, ғарыштық буксирлер және Ай модульдерін шығарады. Ол ең алдымен шағын спутниктерді орбитаға шығаратын Alpha зымыранымен танымал. Firefly Lockheed Martin, L3Harris және NASA сынды ірі қорғаныс мердігерлерімен әріптестік орнатқан және Northrop Grumman тарапынан $50 млн инвестиция алған.

Firefly мәліметінше, оның жылдық табысы $8,3 млн-нан $55,9 млн-ға дейін артқан, алайда таза залалы да $52,8 млн-нан $60,1 млн-ға  дейін  өскен.

Нарықтың ахуалы

— Жапонияның кең ауқымды Topix индексі 0,7% өсті, ал Nikkei 225 0,6% қосты.

— Оңтүстік Кореяда Kospi индексі 1,4% күрт өсті, ал шағын компаниялар индексі Kosdaq 1,7% қосты.

— Австралиялық S&P/ASX 200 индексі 1,1% өсті.

— S&P 500 мен Dow Jones индексіне арналған фьючерстер шамамен 0,2% көтерілді, ал Nasdaq 100 бойынша келісімшарттар 0,3% қосты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары