БастыReview
Бөлісу

Таңғы шолу: Таяу Шығыс AI-ға қарқынды кірді, Google ақылды көзілдірік жасамақ

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Таңғы шолу: Таяу Шығыс AI-ға қарқынды кірді, Google ақылды көзілдірік жасамақ

Рэй Далионың айтуынша Таяу Шығыс жасанды интеллектке (AI) байланысты «капиталдың Кремний аңғарына» айналып жатыр — аймаққа таланттар мен миллиардтаған инвестициялар ағылуда. Google 2026 жылы алғашқы AI-көзілдіріктерін шығаруды жоспарлап отыр, ал Meta-мен нарықта бәсекелесуге дайын. Осы және басқа маңызды жаңалықтар — 9 желтоқсан таңғы шолуда.

Трамп Nvidia-ға Қытайға H200 чиптерін сатуға рұқсат берді

Yahoo Finance-тың мәліметінше Дональд Трамп бұрын экспорттық шектеулерге байланысты тыйым салынған Nvidia H200 қуатты AI-чиптерін Қытайға сатуға рұқсат берді.

Трамптың айтуынша бұл шешімнен кейін Қытай «оң реакция» білдірген. Ал Nvidia АҚШ-қа роялти төлемдерін 25%-ға дейін арттыруға келіскен. Nvidia басшысы Дженсен Хуанг: «Қытай — әлемдегі AI-әзірлеушілердің жартысы орналасқан нарық. Сол себепті АҚШ технологияларының сонда болуы — стратегиялық артықшылық» деп санайды.

Алайда сыншылар бұл шешім Қытай компаниялары мен әскери секторын күшейтуі мүмкін деп алаңдайды. Сенатор Элизабет Уоррен Трампты ұлттық қауіпсіздікке зиян келтірді деп айыптап, бұл шешім Nvidia және басқа техкомпаниялардың Ақ үйдің жаңа шығыс қанатын қаржыландыруына байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Google 2026 жылы AI-көзілдіріктерімен нарыққа қайта оралады

CNBC жазғандай, Google Samsung, Gentle Monster және Warby Parker-мен серіктестікте алғашқы AI-көзілдіріктерін 2026 жылы шығаруды жоспарлап отыр. Компания екі санатты әзірлеп жатыр. Gemini көмекшісімен басқарылатын аудио-көзілдірік және линза ішінде шағын дисплейі бар нұсқа — навигация және аудармаларды көрсету үшін жасамақ.

Құрылғылар Android XR жүйесінде жұмыс істейді.

AI-көзілдірік нарығы тез дамуда: қазіргі көшбасшы — Meta (Ray-Ban Meta үлгілері). Сондай-ақ Snap пен Alibaba да өнім дайындап жатыр. Google бұл жолы технология жетілген және өндіріс тізбегі нығайған кезде нарыққа қайта кіріп отыр — алғашқы Google Glass жобасынан алынған сабақтар ескерілген.

Carvana, CRH және Comfort Systems акциялары S&P 500 тізіміне енгеннен кейін өсті

The Wall Street Journal дерегінше 8 желтоқсанда Carvana және CRH мен Comfort Systems USA акциялары S&P 500 индексіне енгізілетіні жарияланғаннан кейін күрт өсті. Carvana — +12% (450 долларға жақындап рекорд жаңартты), CRH — +6%, Comfort Systems — +1%.

S&P 500-ге қосылу әдетте акцияларға сұраныс арттырады, өйткені ірі қорлар мен индексниктер оларды міндетті түрде сатып алады.

Далио: Таяу Шығыс — жаңа AI орталығы

CNBC хабарлауынша, Bridgewater негізін қалаушы Рэй Далио Таяу Шығысты болашақ AI орталығы деп атады. Оның айтуынша БАӘ, Сауд Арабиясы және Катар деректер орталықтары, AI-инфрақұрылым және Google Cloud, Nvidia, OpenAI сияқты компаниялармен миллиардтаған келісімшарттар арқылы таланттар мен капиталды тартуда.

Далио аймақтағы прогресс ұзақмерзімді мемлекеттік стратегия нәтижесі екенін айтты. Бірақ сонымен қатар ол алдағы 1–2 жылда жаһандық экономика қиын кезеңге түсуі мүмкін деп ескертті. Оның айтуынша, нарықта 2000 жылғы «дотком кезеңін» еске салатын белгілер байқалады — қарыз өсуі, саяси поляризация және геосаяси тәуекелдер.

Нарықтардағы жағдай

  • Жапонияда Topix өзгеріссіз, Nikkei 225 — +0,2%.

  • Гонконгтағы Hang Seng — −1,38%, Қытай CSI 300 — −0,75%.

  • Оңтүстік Кореяда Kospi — −0,26%, Kosdaq — +0,32%.

  • Австралия S&P/ASX 200 — −0,45%.

  • S&P 500, Nasdaq және Dow Jones фьючерстері өзгеріссіз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары