БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Трамп АҚШ-тың автонарығына арналған импорттық баж салықтарын жұмсартпақ — Bloomberg

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Трамп АҚШ-тың автонарығына арналған импорттық баж салықтарын жұмсартпақ — Bloomberg

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі елдің автокөлік өнеркәсібіне қатысты баж салығын төмендетуге дайындалып жатыр және бұл туралы алдағы бірнеше сағатта хабарлануы мүмкін, деп жазады Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап. Бұл шешім импортқа салынған рекордтық баж салықтарының теріс әсерін азайтуға тырысып жүрген америкалық автоөндірушілер үшін маңызды қолдау болмақ.

Егжей-тегжейлі

Bloomberg-тің деректеріне сүйенсек, АҚШ-тың Сауда министрлігі 17 қазанда америкалық автоконцерндерге импорттық бөлшектерге салынған баж салығын азайтуға мүмкіндік беретін бағдарламаның мерзімін тағы бес жылға ұзарту туралы хабарламақ. Бағдарлама алғаш рет 2025 жылдың сәуірінде екі жылға енгізілген болатын.

Бұл механизм екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде, 2025 жылдың 3 сәуірінен 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін АҚШ-та құрастырылған көліктер үшін өндірушілер ұсынылатын бөлшек бағасының 3,75%-ы мөлшерінде өтемақы алуға құқылы болды. Екінші кезеңде, 2026 жылдың 1 мамырынан 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін өтемақы көлемі 2,5%-ға дейін төмендеп, содан кейін бағдарлама аяқталуы тиіс еді.

Акцияларға әсері 

Баж салықтарының жеңілдеуі туралы жаңалық шыққан соң, 16 қазанда Нью-Йорктегі постмаркет саудасында GM акциялары 3,8%-ға өсті.

«Үлкен Детройт үштігіне» кіретін Ford пен Stellantis компанияларының да акциялары қымбаттады.

Кейінірек америкалық Blue Ocean ATS алаңындағы бейресми саудада GM қағаздары тағы 1,5%-ға өсті. Ал Ford пен Stellantis акциялары тиісінше 0,6% және 0,4% төмендеді.

FactSet-тің мәліметінше Уолл-стрит аналитиктері GM акцияларын әлі де тартымды инвестиция деп санайды — орташа «нарықтан жоғары» (Overweight) рейтинг беріп, сатып алуға кеңес береді. Ал Ford пен Stellantis қағаздарына қатысты сарапшылар сақтық танытып, «ұстап тұру» (Hold) ұстанымын ұсынады.

Контекст

Америкалық автоконцерндер Трамп енгізген импорттық баж салықтары салдарынан шығындардың өсуімен бетпе-бет келді. Бұл баж салықтары  автокөліктерге, бөлшектерге және шикізатқа — соның ішінде болат пен алюминийге де қатысты.

Ford компаниясының бас директоры Джим Фарли Вашингтон мен Токио арасындағы сауда келісімі Toyota және басқа да жапон өндірушілеріне әр көлік бойынша бірнеше мың долларлық баға артықшылығын беріп отыр деп мәлімдеген. Себебі Жапонияда еңбекақы мен валюта бағамы АҚШ-пен салыстырғанда төмен.

Келісім аясында жапон автоимпортына салынған баж салығы 27,5%-дан 15%-ға дейін төмендетілген.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары