БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Stellantis АҚШ-та өндірісті кеңейтуге рекордтық $13 млрд құймақ

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Stellantis АҚШ-та өндірісті кеңейтуге рекордтық $13 млрд құймақ

Chrysler мен Jeep брендтерінің иесі саналатын Stellantis автоконцерні алдағы төрт жылда АҚШ-тағы өндірістік қуаттарын кеңейту үшін $13 млрд инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл компанияның жүз жылдан астам тарихындағы ең ірі қаржылық құйылым болмақ.

Жаңа инвестициялық бағдарлама

Stellantis-ке автокөлік шығаруды қазіргі деңгейден 50%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоспарға бес жаңа модельдің іске қосылуы кіреді: орташа өлшемді пикап, екі жаңа Jeep үлгісі, ұзақ қашықтыққа жүре алатын жаңа электркөлік және үлкен бензинді жол талғамайтын авто. Бұған қоса қаражаттың бір бөлігі ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға, қозғалтқыш өндірісі орталығын кеңейтуге және жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты дамытуға бағытталады.

Stellantis акциялары бұл жаңалықтан кейін Нью-Йорк қор биржасындағы сауда-саттықта 5%-ға, ал кейіннен Blue Ocean ATS платформасында 10%-ға дейін қымбаттады.

Stellantis үшін маңызы

2025 жылы компания тізгінін ұстаған жаңа бас директор Антонио Филоза Stellantis-тің инвестициялық басымдықтарын қайта қарап, АҚШ нарығына ерекше назар аударып отыр. Бұрынғы CEO Карлос Таварес кезінде компания өндіріс пен инженерлік процестерді шығындары төмен елдерге, мысалы, Мексикаға көшірген еді. Енді Филоза бұл үрдісті кері бағытқа бұруға тырысуда, деп жазады Bloomberg.

Stellantis-тің жаңа стратегиясы АҚШ президенті Дональд Трамптың импорттық баж салығынан айналып өтіп, өндірісті ел ішінде күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа модельдер желісі сатылымның қалпына келуіне серпін беруі мүмкін, деп жазады Barron’s.

Контекст

Stellantis-тің АҚШ-тағы сатылымдары 2018 жылы, компания әлі Fiat Chrysler аталған кезде, ең жоғары деңгейге жеткен еді. Алайда 2024 жылы түсім 15%-ға, ал 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында тағы 17%-ға қысқарды.

2023 жылы компанияның операциялық табысы шамамен $24 млрд болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш $4 млрд-қа дейін төмендеді. Уолл-стрит сарапшыларының болжамынша 2025 жылы пайда $2,5 млрд, ал 2026 жылы $7 млрд деңгейіне көтерілуі мүмкін (Barron’s).

Акциялар динамикасы

Stellantis акциялары 2025 жылдың басынан бері 24%-ға, ал 2024 жылғы ең жоғарғы көрсеткіштен бері 66%-ға арзандаған. Осы себепті компанияның қағаздары соңғы уақытта күтілетін 12 айлық табысқа (Forward P/E) шаққанда 2 еседен төмен мультипликатормен саудалануда. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш шамамен 3 болған, деп жазады Barron’s.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары