БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Trump Media капиталының үштен екі бөлігін биткойнға айырбастады

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Trump Media капиталының үштен екі бөлігін биткойнға айырбастады

Trump Media компаниясы биткойн мен оған қатысты активтерді 2 миллиард долларға сатып алғанын мәлімдеді. Бұл – компания иелігіндегі жалпы активтердің үштен екісі. Дүйсенбі күнгі сауда кезінде медиакомпания акциялары 8 пайыздан аса қымбаттады. Айта кетейік, бұл - АҚШ президенті Дональд Трамптың отбасымен байланысы бар және Truth Social әлеуметтік желісі, Truth+ стримингтік сервисі мен Truth.Fi финтех-брендін басқаратын компания.

Егжей-тегжейі

Trump Media and Technology Group (TMTG) компаниясының хабарлауынша, биткойн және оған байланысты активтерінің қазіргі нарықтық құны шамамен 2 миллиард долларға жетті. Жалпы ликвидті активтер көлемі 3 миллиард долларға бағаланып отыр.

«Біз жария түрде қабылданған стратегиямызды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз. Биткойн-резервтерді қалыптастыру жоспарын орындаудамыз», – деді Trump Media президенті Девин Нуньес баспасөз хабарламасында.

Компания қосымша 300 миллион долларды биткойнға байланысты бағалы қағаздарға опциондар сатып алу стратегиясына бағыттағанын да хабарлады.

Дүйсенбі күнгі саудада Trump Media акциялары 8,4 пайызға өсіп, бір акция құны 20,2 долларға жетті. Алайда жыл басынан бері акциялар шамамен 40 пайызға арзандаған.

Контекст

Мамыр айының соңында Trump Media биткойн-резерв қалыптастыру жоспарын жария еткеннен кейін компания нарықтағы құнының 10 пайызын жоғалтты. Ол кезде компания криптовалюта сатып алу үшін 2,5 миллиард доллар тартуды көздеген.

Yahoo Finance жазғандай, мұндай стратегия соңғы айларда криптовалюта саласындағы кәсіпкерлер арасында жиі қолданыла бастады. Оның мәні – жаңа акциялар мен қарыз құралдарын шығару арқылы биткойнды белсенді түрде жинақтауда.

Бұл бағыттағы алғашқы компания Майкл Сейлор негізін қалаған Strategy (бұрынғы MicroStrategy) болды. 2020 жылдан бастап ол бағдарламалық жасақтама жасаудан бас тартып, биткойн сатып ала отырып, инвестициялық қор форматына көшті. Оған Ақ үй кеңесшілерінің туыстары басқаратын бірнеше компания қосылды.

Өткен жұмада президент Дональд Трамп Конгрессте өзі қолдаған стейблкоиндар туралы заңға қол қойды. Бұл заң АҚШ долларына байланған токендерге арналған алғашқы федералдық нормативтік база болып саналады. Құжаттың қабылдануы цифрлық активтерді заңды түрде мойындауға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Сондай-ақ ол олардың жаппай қолданылуын жылдамдатуы мүмкін.

Сонымен қатар Yahoo Finance дерегінше, Дональд Трамп пен оның ұлдары қатысатын криптостартап World Liberty Financial компаниясы BitGo криптобанкінің қатысуымен USD1 атты өз стейблкойнын іске қосып үлгерген. BitGo бұл токеннің долларлық резервтерін қамтамасыз етуге жауапты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары