БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Уолл-стрит Иранға соққылар аясында тәуекел активтерінің сатылымын күтуде

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Уолл-стрит Иранға соққылар аясында тәуекел активтерінің сатылымын күтуде

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ-тың қор нарығына қатысты күнделікті шолуы және болжамы.

Біз не күтеміз

13 маусымның таңында Израиль Rising Lion операциясын бастады — Ирандағы ядролық және әскери нысандарға, оның ішінде Натенздегі зауыттағы центрифугалар мен Революциялық гвардияның командалық орындарына жаппай соққылар жасалды. Тегеран қарымта шабуылға дайын екенін жариялап, Израильге қарай жүзден астам дрон ұшырды. Осы оқиғалар аясында Brent маркалы мұнай бағасы бір мезетте 10%-дан астам өсіп, кейін аздап түзетіліп, қазіргі уақытта 5–6%-ға қымбаттап отыр. Бұл жағдайларды ескере отырып, мұнай нарығында құбылмалылықтың күшеюі мен тәуекел активтерінен капиталдың кетуін күтеміз.

Макроэкономикалық күнтізбедегі маңызды оқиға — Мичиган университетінің маусым айына арналған тұтынушылық көңіл-күй индексі бойынша алдын ала деректердің жариялануы (консенсус: 53,5 пункт, мамыр: 52,2). Бұл көрсеткіштің қазіргі деңгейі әлі де төмен болып тұр және тұтынушылардың алаңдаушылығының айқын белгісі. Дегенмен, нақты индекс консенсустен жоғары болуы мүмкін, өйткені мамырдағы нәтижелер Conference Board индексімен белгіленген өсіммен айтарлықтай қайшылықта. АҚШ қор индекстеріне арналған фьючерстер теріс аймақта саудаланып жатыр. Алдағы сессия бойынша тәуекелдердің балансы құбылмалығы жоғары жағдайда теріс сипатта болады деп бағаланады. Біз S&P 500 қозғалысын 5920–6060 пункт диапазонында (сейсенбі күнгі жабылу деңгейінен −2,0% – +0,3%) күтеміз.

Назарда

— Restoration Hardware (RH) тоқсандық есеп жариялап, кірістің 12%-ға өскенін хабарлады. Негізгі өсім шетелдік сегменттен келді: АҚШ-тан тыс сұраныс офлайнда 47%-ға, онлайнда 44%-ға артты. Компания тарифтік саясаттың қысымына және жаңа коллекцияның 2026 жылғы көктемге шегерілуіне қарамастан болжамдарын растады. Осы жаңалықтар аясында RH акциялары 18%-ға өсті.

— Adobe (ADBE) соңғы есептік тоқсанда $5,87 млрд көлемінде кіріс тапты, оның $4,35 млрд-ы Digital Media сегментіне тиесілі (жылдық есеппен +12% ARR). Firefly сервисіне жазылушылар саны тоқсан ішінде 30%-ға артты. Жыл бойынша AI шешімдерін енгізу есебінен $250 млн көлеміндегі қайталанатын кіріс межесі қазірдің өзінде асып түсті, дегенмен бәсекелестік пен баға саясаты маркетингтің күшеюін талап етеді.

— NextDecade (NEXT) Bechtel компаниясымен Train 4 үшін EPC келісімшартын $4,77 млрд-қа жаңартып, Train 5 үшін де сондай келісім жасады ($4,32 млрд). Әр жоба бойынша иесінің күтілетін шығындары $1,8–2 млрд аралығында.

— Tesla (TSLA) Model S AWD және Model S Plaid бағасын $5 мыңға өсіріп, сәйкесінше $84,99 мың және $99,99 мың деңгейге жеткізді. АҚШ-тағы Model X модельдер желісі де сонша қымбаттады.

Кешегі нарық жағдайы

12 маусымдағы саудада АҚШ-тың негізгі қор индекстерінің басым бөлігі оң аймақта жабылды. S&P 500 0,38%-ға, Nasdaq 100 және Dow Jones — әрқайсысы 0,24%-ға өсті. Тек Russell 2000 0,38%-ға төмендеді. Нарық назары ірі технологиялық компания акцияларында болды. Microsoft (MSFT) пен Nvidia (NVDA) бағасы сенімді түрде өсті. Tesla (TSLA) мен Alphabet (GOOGL) қысым астында қалды. Өсім бойынша коммуналдық сектор (XLU: +1,21%) көш бастады, ал телекоммуникациялар (XLC: −0,81%) артта қалды.

Мамыр айындағы Өндірушілер бағасы индексі (PPI) айлық есеппен 0,1%-ға өсті (консенсус: 0,2%), ал сәуір көрсеткіші −0,5%-дан −0,2%-ға дейін қайта есептелді. Негізгі PPI 0,1%-ға артты, ал күтілген өсім — 0,3% еді.

Өткен аптадағы алғашқы жұмыссыздық жәрдемақысына өтінім саны 248 мыңды құрады (күтілген деңгейде), қайталама өтінімдер саны 2021 жылдың қарашасынан бергі ең жоғарғы деңгейге жетіп, 1,956 млн болды. Нарық бұл статистикаға айтарлықтай реакция білдірген жоқ.

30 жылдық қазынашылық облигацияларды $22 млрд сомасына орналастыру қарашадан бергі ең төменгі дилерлік мөлшерлемемен өтті. Бұл облигациялық апта сәтті аяқталғанын және сұраныс пен ұсыныс теңгерімі бойынша алаңдаушылықтың төмендегенін көрсетті.

Компания жаңалықтары

— GameStop (GME: −22,5%) $1,75 млрд сомасына айырбасталатын облигациялартшығарылатынын жариялап, бұл қадам компания қарыз жүктемесінің өсуіне қатысты алаңдаушылық туғызғандықтан, акциялар жаппай сатылды.

— Boeing (BA: −4,8%) акциялары Air India AI171 рейсінің апатқа ұшырауынан кейін құлдырады. Бұл рейсті 787-8 Dreamliner ұшағы орындаған. Апат себебі анықталуда.

— General Electric (GE: −2,3%) акциялары да теріс реакцияға ұшырады — Үндістандағы Boeing ұшағы апатына қатысты пилот пен диспетчер арасындағы сөйлесулерде GE өндірген қозғалтқыштардың біреуінің істен шыққаны белгілі болды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары