БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Уолл-стриттегі «қорқыныш индексі» де Трамптың сөзінен кейін шарықтады

Юлия Котова

Юлия Котова

Oninvest жаңалықтар қызметінің жетекшісі.
Уолл-стриттегі «қорқыныш индексі» де Трамптың сөзінен кейін шарықтады

АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдан келетін тауарларға баж салығын айтарлықтай көтеру туралы ескертуі қор нарығындағы алаңдаушылық деңгейін күрт көтерді. «Қорқыныш индексі» деп аталатын VIX құбылмалылық индексі сауда барысында 35% шарықтап, 22,18 пунктке жетті.

Бұл индикатор алдағы 30 күн ішінде S&P 500 индексінің құбылмалылығына қатысты нарықтың күткенін көрсетеді. Әдетте, VIX өссе — акциялар төмендейді, ал VIX азайса нарық көтеріледі. 20 пункт деңгейі VIX үшін психологиялық маңызды межe: егер мәні осы көрсеткіштен төмен болса нарықтағы құбылмалылық төмен дегенді білдіреді. Ал егер индекс 20–21 пункт диапазонында сақталса, ұзақ мерзімді жоғары құбылмалылық кезеңі жақындап қалуы мүмкін деген белгі, деп жазады Barron’s басылымы Bensignor Investment Strategies компаниясының сарапшысы Рик Бенсиньорға сілтеме жасап.

Сәуір айындағы Трамптың сауда соғысы туғызған жаппай сатылым кезінде «қорқыныш индексі» 60-тан жоғары күрт өсті. Кейін АҚШ сауда келісімдерін жасай бастап, баж салығын төмендеткен соң, индекс шарықтау шегінен артқа шегінді. Сауда деректеріне сәйкес, VIX индексі соңғы рет 20-дан жоғары деңгейге тамыздың басында көтерілген. Сол кезде инвесторлар еңбек нарығындағы әлсіз мәліметтер мен Amazon сияқты компаниялардың көңіл көншітпейтін есептерінен кейін, сондай-ақ Трамптың АҚШ-тың бірқатар сауда серіктестеріне 41%-ға дейін баж салығын арттыру туралы жарлығынан соң америкалық акцияларды жаппай сата бастаған еді.

9 қазандағы жаппай сатылымға Трамптың мәлімдемесі себеп болды: ол Қытайдың сирек жер металдарының экспортына бақылауды күшейткеніне жауап ретінде баж салығын көтеремін деп сес көрсетті. Бұл металдар — жоғары технологиялық өнімдердің, соның ішінде қару-жарақ жүйесі, робототехника, электр көлігі және электроника өндірісінің негізгі құрамдас бөлігі. Пекин сирек жер шикізатының жаһандық жеткізу тізбегінде басым орнын сақтап отыр, ал АҚШ әлі де қытай импортына тәуелді, дейді CNBC.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары