Вакцинадан кейінгі 10 өлім: Moderna мен Novavax акциясы құлап кетті

COVID-19 вакцинасын өндіретін екі ірі компанияның акциясы 1 желтоқсанда құлады. Бұған себеп, АҚШ-тың FDA өкілі коронавирусқа қарсы екпелер 10 баланың өліміне «әкелген болуы мүмкін» деген мәлімдемесі. Сондай-ақ, ведомство вакциналарды мақұлдау талаптарын күшейтетінін хабарлады, деп жазды The Wall Street Journal.
Moderna және Novavax акциясы COVID-19-ға қарсы вакциналар сатылымына тәуелді — шамамен 6% және 3,5% төмендеді.
Ал вакцина сатылымы жалпы табысының аз бөлігін құрайтын Pfizer акциясы сауда басында сәл өскенімен, кейін шамамен 1% төмен сырғыды.
«Жанама әсерлері»
FDA вакциналар бөлімінің басшысы Винай Прасад қараша айының соңында қызметкерлеріне электрондық хат жолдап, вакцинадан кейінгі жанама әсерлер туралы алғашқы талдауда кемінде 10 өлім жағдайын анықтағанын, олардың «вакцинациямен байланысы ықтимал» екенін хабарлаған. Газеттің жазуынша, FDA бұл деректерде қай өндірушінің вакциналары туралы айтылғанын ашып көрсетпеді және қосымша дәлелдер де ұсынбады.
Алайда осы мәліметтерді ескере отырып, Прасадтың айтуынша, FDA тұмауға қарсы жыл сайын жаңартылатын вакциналарды мақұлдау тәртібін қайта қарайды және компаниялардан вакциналарға қатысты ауқымдырақ зерттеулер жүргізуді талап етпек.








