БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Amazon-ның «нағыз құндылығы»: инвесторлар байқамай жүрген жарнама бизнесі

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Amazon-ның «нағыз құндылығы»: инвесторлар байқамай жүрген жарнама бизнесі

Needham талдаушысы Лора Мартин Amazon-ның басты құндылығы – оның жарнама бизнесі екенін айтады. Қазіргі таңда компания табысының негізгі бөлігін онлайн-сауда мен бұлтты қызметтер әкелгенімен, болашақта басты драйвер дәл жарнама болады деп сенеді.

Егжей-тегжейлі

Amazon көпшілікке интернет-дүкен және бұлтты сервисімен (AWS) танымал. Алайда оның жарнама бизнесі жалпы сатылымның 10%-дан азын құрағандықтан, инвесторлар көбіне бұл бағыттың әлеуетін елемей келеді. Бұл – үлкен қателік, дейді Мартин. Ол Amazon жарнамасын компанияның «бас құндылығы» деп атады, деп хабарлайды MarketWatch.

2025 жылы Amazon «Ғажайып жетілік» технологиялық алыптарының ішінде ең әлсіз динамика көрсетті: акциялары небәрі 1,4%-ға өсті. Бірақ сарапшының ойынша скептиктер басты факторды жіберіп отыр — болашақта компанияны алға сүйрейтін негізгі күш дәл осы жарнама болады.

3 қазандағы премаркет саудасында Amazon қағаздары шамамен 0,4% қымбаттады.

Сарапшы неге сенімді?

2019 жылдан бері Amazon-ның жарнама бизнесі жылына шамамен 20% өсіп келеді, бұл компанияның жалпы табыс өсімінен екі есе жоғары.  Бұл бағыт ең маржиналды сегментке айналды: операциялық рентабельділігі 70% шамасында, яғни AWS көрсеткішінен екі есе артық. Қазірдің өзінде жарнама Amazon-ның жалпы операциялық пайдасының жартысынан көбін қамтамасыз етіп отыр.

Осылайша Amazon жарнама нарығында әлемде үшінші орынға шықты — Google-дың Alphabet холдингінен және Meta-дан кейін. Бұл – небәрі 2019 жылы басталған бизнес үшін аса ірі жетістік.

Артықшылығы неде?

Amazon өз жарнама экожүйесінде басты күш ретінде клиенттердің сатып алу деректерін қолданады. АҚШ-тағы тұтынушылардың басым бөлігі тауар іздеуді дәл осы платформадан бастайды. Бұл компанияға сатып алуға дайын аудиторияға жарнама ұсынуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, тұтынушылардың бұрынғы белсенділігі туралы деректер қосылып, таргетинг тиімділігін арттырады.

Мартиннің пікірінше бұл Amazon-ға «көрсетілімді нақты мәмілеге айналдыруда» Google немесе Meta-дан да тиімді болуға жағдай жасайды.

AWS бұлтты бизнесі ұзақмерзімді өсім факторы болып қала бермек, бірақ ол аса ауқымды инвестицияны талап етеді және жылдам пайда әкелмейді. Needham бағалауы бойынша, 2025 жылы Amazon-ның $100 млрд капитальды шығынының 80%-дан астамы дәл осы AWS-қа бағытталады. Бірақ рентабельділігі жарнамаға қарағанда төмен, ал бәсекелестік өте жоғары.

Басқа сарапшылар не дейді?

Amazon акциялары бойынша Уолл-стрит сарапшылары негізінен оптимистік көзқараста. Goldman Sachs: 3 қазанда мақсатты бағаны $275-ке көтерді, «сатып алу» ұсынымын растады. Бұл шамамен 24% өсу әлеуетін білдіреді. Wolfe Research: қыркүйек соңында таргетті $270-ке көтерді (өсім әлеуеті 21,6%). HSBC: болжамын $256-дан $260-қа жаңартты, «сатып алу» ұсынымын сақтады (шамамен 17% өсу).

Жалпы, 72 аналитиктің 69-ы Amazon акцияларын сатып алуға кеңес береді (рейтинг — Buy және Overweight). Тек үшеуі ғана бейтарап ұстанымда қалып отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары