БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Бьюрри компанияларды қызметкерлерге «тым жомарт» болғандары үшін сынға алды

Денис Елаховский

Денис Елаховский

Экономист, автор YouTube канала Елаховский
Бьюрри компанияларды қызметкерлерге «тым жомарт» болғандары үшін сынға алды

Белгілі инвестор Майкл Бьюрри өз блогында компаниялардың кең тараған практикасын қатты сынға алды — қызметкерлерге ақшалай емес, компанияның акциясымен бонус беру.

Оның айтуынша мұндай акция түріндегі сыйақыларды компаниялар тікелей шығын ретінде көрсетпейді, ал бұл инвесторларды компанияның нақты қаржылық жағдайы туралы шатастырады. Бьюрри бұл ойды Уоррен Баффеттің акционерлерге жазған хатынан алынған сөздермен нығайтады: «Кейбір компаниялар акциямен берілетін сыйақыны шығын деп есептемеу керек дейді. (Онда ол не — акционерлердің тегін сыйлығы ма?)»

Негізгі проблема неде?

Бьюрридің ойынша көптеген бағалау модельдері еңбекақының нақты құнын төмен көрсетеді. Себебі қызметкерлерге берілетін акциялар іс жүзінде компания шығынын әлдеқайда арттырады — бірақ есепте ол көрінбейді.

Сонымен бірге бұл бағдарламалар акционерлердің үлесін жыл сайын «сұйылтады». Компаниялар бұл әсерді жою үшін акцияларын кері сатып алады, бірақ Бьюрри мұны «айнада әдемі көрсетілген, бірақ акционерге пайдасы жоқ операция» деп атайды.

Мысал ретінде — Nvidia

Бьюрридің есебінше 2018 жылдан бері Nvidia қызметкерлерге акция беру және оған байланысты салықтарды төлеу үшін 112,5 млрд доллардай жұмсаған. Ал компания қанша байбек жасаса да, акция саны айтарлықтай азаймаған.

Яғни, оның пікірінше, компания тапқан ақшаны акционерлер емес, қызметкерлер алады. Тіпті, ол анонимді сауалнама нәтижесін келтіреді: Nvidia қызметкерлерінің 80%-ы миллионер, ал 50%-ының байлығы 25 млн доллардан жоғары.

Бьюрридің негізгі тұжырымы: «1% сұйылту да бағаға әсер етеді»

Ол классикалық бағалау формуласына түзету ұсынады: дисконттау есебіне міндетті түрде акционерлік капиталдың жылдық «сұйылу нормасын» қосу керек.

Мысалы, жыл сайынғы 1% жаңа эмиссия компанияның әділ бағасын автоматты түрде төмендетеді.

Ал егер байбек жаңа эмиссияны жаппаса, онда акционерлердің пайдасы нақты азаяды — есепте қалай көрінгеніне қарамастан.

Сынға іліккендер — Tesla, Palantir, Amazon

Бьюрри Nvidia-мен шектелмей, дәл сол практиканы Tesla, Palantir мен Amazon-нан да көреді. Оның ойынша жыл сайынғы 1–2% сұйылту да миноритар акционер үлесін айтарлықтай азайтады.

Tesla туралы Бьюрридің сөзі тіпті қатаң. Компания жылына 3,6% сұйылту жасайды, бірақ мүлде байбек жүргізбейді. Демек, акционерлік құн «жүйелі түрде жойылып жатыр».

Ол Илон Маскке ұсынылған триллиондық компенсация пакетін мысалға алып, сұйылту одан әрі күшейетініне сенімді. Сондықтан Tesla-ның нарықтық бағасы «негізсіз қымбат» дейді.

Palantir-де де жағдай ұқсас — Бьюрри есептегенде компания жылына шамамен 4,6% сұйылту жасайды. Ол тіпті былай дейді: «Palantir — табысынан көп миллиардер жасаған алғашқы компания. Онда бес миллиардер бар, ал жылдық табыс $4 млрд-қа да жетпейді».

Nvidia не деп жауап берді?

Компания мұндай айыптаулармен келіспейді. Олардың мәліметінше 2018 жылдан бері байбекке $91 млрд жұмсалған, ал Бьюрридің бұл соманы өсіру үшін салықтарды қосуы бұрыс әдіс.

Nvidia қызметкерлерге берілетін өтемақы басқа ірі технокорпорациялардан ерекшеленбейтінін айтады.

Бірақ Бьюрри бұл жауапты «екіжүзділік» деп атап, егер компания акция беруді тоқтатпау үшін байбек жасаса, онда байбек пен компенсация — бір-бірінен бөлек емес, бір процесс. Бірі болмаса, екіншісі де жұмыс істемейді, деп тап өтті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары