БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Бір күнде 304 миллиард доллар: әлемнің ең бай 500 адамы рекордтық табысқа кенелді

Күннің басты қаһарманы — Tesla компаниясының жетекшісі Илон Маск

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Бір күнде 304 миллиард доллар: әлемнің ең бай 500 адамы рекордтық табысқа кенелді

Әлемнің ең бай

500 адамының жиынтық байлығы бір күнде 304 миллиард долларға артты — бұл

Bloomberg Billionaires Index тарихындағы ең үлкен өсім. Олардың

активтері АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайдан басқа барлық елдерге қатысты

сауда тарифтерін уақытша тоқтата тұру жөніндегі уәдесінен кейін күрт

қымбаттады. Күннің басты қаһарманы — Tesla компаниясының бас директоры Илон

Маск, ал салыстырмалы өсім бойынша көш бастаған — Carvana иесі.

Толығырақ

9 сәуір күні қор нарығындағы серпіліс ең алдымен Tesla

басшысы Илон Маскқа пайда әкелді: Bloomberg мәліметінше оның байлығы бір күнде

36 миллиард долларға артты. Бұл электромобиль өндіруші компания акцияларының

23%-ға өсуінің арқасында мүмкін болды. Масктан кейін Meta Platforms

компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр — оның байлығы шамамен 26

миллиард долларға көбейді. Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуангтың

байлығы да 15,5 миллиард долларға өсті, себебі чип өндіруші компания акциялары

бір апталық құлдыраудан кейін 19%-ға көтерілді.

Салыстырмалы өсім бойынша көш бастаған — Carvana

компаниясының басшысы Эрнест Гарсия III. Қолданылған көліктермен айналысатын

ритейлердің акциялары күрт қымбаттап, оның байлығы бір күнде 25%-ға немесе 1,4

миллиард долларға артты.

Бұған дейінгі күндерде орын алған құлдыраудың кері бет бұруы

әлемнің ең бай 500 адамының байлығын орта есеппен 3,5%-ға көбейтті.

Азия артта қалған жоқ

10 сәуірде нарықтағы раллиге Азия миллиардерлері де қосылды.

SoftBank басшысы Масайоши Сон бір күнде 1,7 миллиард долларға байыды. Қытайдағы

ең бай әйелдердің бірі — Lens Technology компаниясының негізін қалаушы Чжоу

Цюньфэйдің байлығы 14,3%-ға өсіп, 9,5 миллиард долларға жетті. Ал Uniqlo

брендінің иесі Тадаси Янаи бір күнде 3,5 миллиард доллар табыс тапты.

Контекст

Трамп сауда сессиясының ортасында кедендік баж салықтарын 90 күнге

шегеретінін жариялағаннан кейін, S&P 500 индексі 2008 жылдан бері болмаған

ең ірі біркүндік өсімді көрсетті. Nasdaq Composite индексі де қалпына келіп,

соңғы 24 жыл ішіндегі ең жоғары күндік өсімге қол жеткізді.

9 сәуірде тіркелген байлық өсімі алдыңғы рекордты — 2022

жылғы наурызда белгіленген 233 миллиард долларды артта қалдырды. Ол кезде АҚШ

Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл ұзақ үзілістен кейін алғаш

рет пайыздық мөлшерлемені көтеріп, инвесторларды экономиканың тұрақтылығына

сендірген болатын.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары