БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Goldman Sachs таңдаған 4 ЖИ акциясы: кемі 13% өсім әкелуі мүмкін

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Goldman Sachs таңдаған 4 ЖИ акциясы: кемі 13% өсім әкелуі мүмкін

Goldman Sachs жасанды интеллектке сұраныс артқан кезде сатып алуға тұрарлық төрт компанияның акциясын атады. Банк бұл тізімге әмбебап және тапсырыс бойынша жасалатын чип өндірушілерін, сондай-ақ электроника жобалауға арналған бағдарламалық жасақтама әзірлеушілерін қосты. Бұл бағдарламалар ЖИ-ге құйылып жатқан ірі инвестициялар аясында жоғары сұранысқа ие. Алдағы бес жылда инференция нарығы — яғни дайын нейрожелілерді нақты тапсырмаларға қолдану сегменті — күрт өседі. Бұл өсімді негізінен бұлтты технология ұсынатын ірі компаниялар мен бизнес секторы қамтамасыз етеді, деп санайды Goldman Sachs. 

Тізімге кім кірді?

– Nvidia. 2025 жылдың басынан бері компанияның акциялары 21%-дан астам кіріс әкелді. Алайда Goldman Sachs сарапшысы Джеймс Шнайдер бұл қағаздардың бағасы әлі де өседі деп есептейді, бір акция $185 тұруы мүмкін, бұл 9 шілдедегі бағадан 13,5% жоғары. Сарапшының айтуынша, Nvidia ЖИ инфрақұрылымының өсімінен ең көп пайда көретін компания болады. Бұған оның кең клиенттік базасы, технологиялық басымдылығы, өнімді жиі жаңарту мүмкіндігі және бағасының әлі де қолжетімділігі себеп.

– Broadcom. Бұл чип өндірушіге қойылған мақсатты баға — $315. Бұл да қазіргі бағадан 13% жоғары. Жыл басынан бері акциялары 20%-ға жуық өсті. Broadcom ірі бұлтты қызмет ұсынатын компаниялар үшін тапсырыспен жасалатын чип нарығындағы үлесін арттырып жатыр. Сонымен қатар, оның инфрақұрылымдық бағдарламалық қамтама (ПО) бизнесі тұрақты табыс әкеліп отыр. Сарапшы 2026 жылға қарай Broadcom табысының 40%-дан астамы ЖИ жобаларынан түсетінін айтады. «Компанияның чиптерін тек ерекше келісіммен жеткізуі және оның бағдарламалық өнімдерінің маңыздылығы акция бағасының қымбаттығын ақтайды», — дейді Шнайдер.

– Cadence Design Systems. Бұл компания чип жобалауға арналған бағдарламалар мен жабдықтар шығарады. Сарапшы Cadence акциялары алдағы 12 айда тағы 18%-ға дейін өсуі мүмкін деп санайды (мақсатты баға — $380). Жыл басынан бері қағаздары 7,5% қымбаттады. Сарапшы бұл бизнесті сапалы және өсу мүмкіндігі жоғары деп бағалайды.

– Synopsys. Бұл компания чип жобалауға арналған бағдарламалар мен IP-блоктар (зияткерлік меншікке жататын дайын шешімдер) жасайды. Жыл басынан бері акциялары 13%-дан аса өсті. Goldman Sachs олардың әлі де осындай көлемде өсу мүмкіндігі бар деп есептейді (мақсатты баға — $620). Ұзақ мерзімде акция бағасының өсуіне тапсырыспен жасалатын микрочиптерді қолданудың кеңеюі әсер етеді. Әсіресе, IP-блоктарды қажет ететін клиенттер арасында сұраныс артады. Бірақ сарапшы Қытайға экспортқа шектеулер енгізілуі мүмкін екенін және бұл қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Goldman Sachs тағы не деп ойлайды

Инвестициялар жасанды интеллектке өтпелі кезеңде тұр. Қазірдің өзінде инфрақұрылымға  $350 млрд-тан астам қаржы құйылған. Монетизация әлі баяу жүріп жатса да, алғашқы нақты нәтижелер көріне бастады — табыс өсіп, шығын азайып жатыр. Бұл жағдай, сарапшы Шнайдердің пікірінше, инвестицияны жалғастыруға негіз болады. Алдағы уақытта салынатын қаржы көлемі де арта береді.

Ол ЖИ енгізудің нақты тиімділіктерін атап өтті: автоматтандыру және сатылымның көбеюі. Бұл компанияларға қайта инвестиция салып, өсуді жалғастыруға жол ашады. Сарапшының болжамынша, болашақта ЖИ-ге инвестиция салу «штанга» үлгісімен дамиды: бір жағында – технологиялық көшбасшылар мен өз экожүйесін құрған ірі компаниялар, екінші жағында – ЖИ-ді кең қолданысқа енгізетін қолжетімді әрі тапсырысқа бейімделген шешімдерді шығаратын өндірушілер болады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары