БастыЖаңалықтар
Бөлісу

HSBC сарапшылары AMD акцияларын неге ұсынады?

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
HSBC сарапшылары AMD акцияларын неге ұсынады?

HSBC банк микропроцессор өндірушісі AMD компаниясының акцияларына деген рейтингін көтеріп, оларды сатып алуға кеңес беріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, чипмейкер алдағы уақытта жасанды интеллектке арналған процессорлардан түсетін табыстың арқасында қайта бағалануы мүмкін. Бұл чиптер Nvidia өнімдеріне қарағанда қымбат бағамен сатылып жатыр. Банк сонымен қатар AMD акцияларының мақсатты бағасын бірден 100%-ға көтерді. HSBC-дің бұл оптимизмі Goldman Sachs-тың сақтық танытқан бағалауымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары: Goldman-ның жаңа таргеті акциялардың ағымдағы бағасынан төмен болып шықты.

Егжей-тегжейлі

«Advanced Micro Devices жасанды интеллект жарысына қайта оралды», – деп жазды HSBC сарапшысы Фрэнк Ли 10 шілдеде CNBC келтірген жазбасында. Ол чип өндіруші компанияның қағаздарына қатысты ұсынысын Hold (ұстау) деңгейінен Buy (сатып алу) деңгейіне көтеріп, мақсатты бағасын $100-ден $200-ге дейін екі есеге арттырды. Бұл AMD қағаздарының 9 шілдедегі жабылу бағасынан 44,5% өсуін білдіреді.

HSBC рейтингті көтеруге басты себеп ретінде AMD-нің жаңа ЖИ-чиптерін атады. MI350 сериясындағы жасанды интеллектке арналған процессорлар жоғары маржамен сатылып жатыр және өнімділігі Nvidia-ның Blackwell чиптерімен бәсекелесе алады. Бұл AMD-нің табысына оң әсер етеді деп күтуде Ли.

«Өнімділігі Nvidia B200 деңгейінде болғандықтан, біз енді MI355 чипінің орташа сату бағасы $25 мыңға дейін жетеді деп болжап отырмыз (бұған дейін $15 мың деп есептелген еді), – деп жазады сарапшының сөзін Seeking Alpha. – Біз 2026 қаржы жылында ЖИ саласынан түсетін табыстың өсуі AMD акцияларының қайта бағалануына алып келеді деп күтеміз. Бұл өсу компанияның 14%-дық презентациядан кейінгі серпініне қарамастан, әлі толық есепке алынбаған».

HSBC сондай-ақ AMD-нің келесі MI400 сериялы ЖИ-чиптерін таныстырған кезде қағаздардың қосымша өсуі мүмкін екенін айтады.

«ЖИ саласынан 2026 жылға арналған жаңартылған табыс болжамымыз – $15,1 млрд, бұл нарықтағы консенсус бағалауынан ($9,6 млрд) 57% жоғары», – деп жазды HSBC сарапшысы.

Goldman Sachs AMD акцияларының өсуін неге күтпейді?

Goldman Sachs 10 шілдеде AMD қағаздарына қатысты алғашқы талдауын жариялап, оларға бейтарап (нейтрал) рейтинг берді және мақсатты бағасын $140 деп белгіледі. Бұл 9 шілдедегі жабылу бағасынан небәрі 1,2%-ға жоғары, деп хабарлайды investing.com. Алайда бұл таргет ағымдағы бағаған төмен — сол күні AMD акциялары бір сәтте 5,3% өсіп, $145,82-ге жеткен.

Банк сарапшылары AMD компаниясы стратегияны сәтті жүзеге асырып жатқанын және x86 архитектурасындағы серверлік және тұтынушылық процессорлар нарығындағы үлесін айтарлықтай арттырғанын атап өтті. Бұл соңғы 12 айда табыстың 21,71% өсіп, $27,75 млрд-қа жеткенімен дәлелденеді, деді Goldman Sachs.

Сонымен қатар, инвестбанк серверлік сегментте AMD үлесінің өсуі баяулауы мүмкін деп болжайды, өйткені ARM архитектурасына негізделген шешімдер нарықта күшейіп келеді. Бұл жағдай нарықтағы жалпы оң динамикаға қарамастан байқалуда.

Бұдан бөлек, банк AMD-нің жасанды интеллектке арналған чиптері Nvidia-ның мықты позициясына байланысты үлкен нарық үлесін ала алмайды деп есептейді. Nvidia-ның артықшылығы – оның бағдарламалық қамтамасыз етудегі басымдығы мен тапсырыс беруші клиенттер арасындағы кастомды чиптерге (ASIC) деген сұраныстың артуы. Бұл чиптер ірі клиенттердің капитальды шығындарынан көбірек үлес алып жатыр.

Сондай-ақ Goldman ескертуі: AMD ЖИ чиптерін дамытуда «инвестициялық кезеңде» қалып отыр, бұл компанияның пайдасының инвесторлар күткен деңгейден төмен өсуіне әкелуі мүмкін.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары