БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Microsoft Google-дің ЖИ мамандарын тарта бастады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Microsoft Google-дің ЖИ мамандарын тарта бастады

Жуырда Microsoft-қа ауысқан Google DeepMind-тың теңқұрушысы Мустафа Сулейман бұрынғы жұмыс орнында бірге істеген жетекші жасанды интеллект мамандарын өзіне тарта бастады, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Басылым дерегінше, ол инженерлерді тарту үшін жоғары жалақы мен кең автономия ұсынуда, бұл Microsoft-тың ЖИ жарысындағы позицияларын күшейтуге бағытталған. Мұндай тәсіл нәтиже бере бастады: ол жаққа соңғы бірнеше айда ондаған қызметкер Microsoft қатарына қосылған.

Егжей-тегжейлі

Meta Platforms негізін қалаушы Марк Цукерберг секілді, жасанды интеллект нарығында мамандарды өзі «хантиң» жасайтын Сулейман да кандидаттарға жеке қоңырау шалып, Microsoft компаниясында бір жыл бұрын құрылған ЖИ бөлімшесінің жұмыс тәсілін түсіндіреді. WSJ дереккөздерінің айтуынша, ол бұл бөлімше стартапқа ұқсайтынын, ал Google бақылауындағы DeepMind керісінше бюрократияға толы ауыр құрылымға айналғанын айтып, айырмашылықты ерекше атап өтеді. Сулейманның айтуынша, Microsoft AI басшысы ретінде ол жоғары жалақы ұсынып, Copilot чат-ботын нарық көшбасшысы — ChatGPT-ге елеулі бәсекелеске айналдыру мүмкіндігін береді.

Microsoft ұсынған сыйақы көлемі Meta-дан төмен, дейді ұсыныс алғандар. Мысалы, Цукербергтің компаниясы кейбір зерттеушілерге $300 млн-дық келісімшарттар ұсынған. Дегенмен, Microsoft-тың жалақысы Google DeepMind-тен әлдеқайда жоғары, әсіресе тәжірибелі инженерлер үшін.

Microsoft қанша ЖИ маманын ауыстырды?

WSJ дереккөздерінің айтуынша, соңғы бірнеше айда Microsoft компаниясына кемінде жиырма Google қызметкері ауысқан, олардың көпшілігі DeepMind бөлімшесінен. Арасында DeepMind-тың бұрынғы жетекші инженері Адам Садовски мен Google-дің инженерлік жобалар жөніндегі бұрынғы вице-президенті Амар Субраманья да бар.

Бұрын кадрларды Microsoft-тен өзіне тартып жүрген Google енді өз кадрларын жоғалта бастады деп еске алады Google-дің бұрынғы HR-маманы Ласло Бок. Оның айтуынша, бүгінде бәрі керісінше: Google бұрынғы Microsoft-қа ұқсай бастады — орасан пайдасы бар, бірақ баяу қозғалатын, иерархиясы күрделі және саясиланған компанияға айналған. «Қазір бұл компанияны инженер емес, қаржыгер басқарып жатқандай әсер қалдырады», — дейді ол. Microsoft-қа жаңадан өткен екі қызметкер WSJ-ге DeepMind-тегі шектен тыс бюрократиядан кеткісі келгенін растады: соңғы жылдары бұл бөлімше шағын зертханадан 6 мың қызметкері бар құрылымға айналған.

Ал Google өз кезегінде бұл саладан кадрлардың кету деңгейі орташа көрсеткіштен төмен екенін айтып, өзі де Microsoft-тен мамандар жалдайтынын еске салды.

Meta қалай әрекет етеді?

Цукерберг OpenAI мен Google секілді нарық көшбасшыларынан қалып қоймас үшін ЖИ-ды Meta компаниясының басты басымдығына айналдырды. Ол OpenAI, Apple және басқа да бәсекелестерден үздік мамандарды өз командасына тартуға белсенді кірісіп, жасанды «суперинтеллект» жасау жобасына қосылуға шақыруда. Бұл үшін ол тоғыз таңбалы сомаға дейін жететін сыйақылар ұсынуда. Bloomberg дерегінше, Meta негізін қалаушы болашақ қызметкерлермен келіссөздерге өзі қатысып, олармен Кремний алқабындағы және Лейк-Таходағы үйлерінде кездесіп, кездесулерді өзі ұйымдастырады.

Контекст

Соңғы апталардағы қаржылық есептер жасанды интеллект саласындағы бумның Microsoft пен Google-дің бас компаниясы Alphabet-ке қалай әсер етіп жатқанын көрсетті. Екі ірі технологиялық алпауыт та табыстың күрт өскенін хабарлады — бұл көбінесе ЖИ-ға арналған бұлтты қызметтерге сұраныстың артуымен байланысты. Сонымен қатар, олар деректер орталықтарына инвестицияны арттыру жоспарын жариялады: Alphabet жылдық капиталды шығындар болжамын $75 млрд-тан $85 млд-қа дейін көтерсе, Microsoft осы тоқсанда $30 млрд-тан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары