БастыSmall Caps
Бөлісу

«Өмір мен өлімнің арасында»: J.P. Morgan Krispy Kreme-нің қайта жандануына сенбейді

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
«Өмір мен өлімнің арасында»: J.P. Morgan Krispy Kreme-нің қайта жандануына сенбейді

J.P. Morgan инвесторларға пончик өндіруші Krispy Kreme акцияларын сатуды ұсынады. Инвестбанк McDonald’s-пен сәтсіз серіктестіктің үзілгенінен кейін компанияның қайта қалпына келу жоспарына сенбейді және оны «өмір мен өлімнің шегінде» тұр деп бағалайды.

Егжей-тегжейлі

27 тамызда J.P. Morgan Krispy Kreme акциялары бойынша ұсынымын «ұстау» (Neutral) деңгейінен «сату» (Underweight) деңгейіне дейін төмендетті, деп жазады Barron’s. Инвестбанк пончик өндірушінің акциялары үшін мақсатты баға белгілемегенін Yahoo Finance мәліметтері көрсетіп отыр.

McDonald’s-пен серіктестіктің биылғы шілдеде үзілгені компанияны «шегіне жеткізді», ал оның қайта жандану жоспары тәуекелге толы, деп жазады Barron’s сілтеме жасаған J.P. Morgan инвестжазбасында.

J.P. Morgan Krispy Kreme-ге неге сенбей отыр

Компания тамыз айында қайта құрылу жоспарын жариялады. Ол келесі қадамдарды қамтиды:

  • жоғары табысты әрі трафигі көп сауда нүктелері арқылы жаңа өнімдерді жеткізуді кеңейту,

  • бірқатар нүктелерді франчайзилерге сату,

  • логистиканы аутсорсингке беру.

Алайда J.P. Morgan бұл жоспарды тым тәуекелді деп бағалады. Инвестбанктің пікірінше дүкеннен тыс сату моделін табу қиын, себебі өнімнің табиғаты соған кедергі. «Біздің командамыз Krispy Kreme брендімен көп жыл жұмыс істеп келеді. Шындық мынадай: пончик дайын болғаннан кейін бірден жеп қойылмаса, өзінің дерлік барлық тартымдылығын жоғалтады», — делінген жазбада.

Франчайзингке қайта көшу идеясы да J.P. Morgan-ды қуандырмады. Оның ойынша әсіресе шетелдік нарықтарда бұл қадам компанияның қазірдің өзінде жоғары қарызын ұлғайтады. Krispy Kreme-нің таза қарызы $939 млн болып, оның $616 млн көлеміндегі нарықтық капитализациясынан асып түседі.

Сонымен қатар, кез келген логистикалық модель компания үшін «соңғы шақырым» жеткізілім шығындарымен байланысты. Тіпті сыртқы логистикалық серіктестер болған күннің өзінде, «әр өнім бірлігінің тиімділігін басқару оңай емес», — делінген жазбада.

Уолл-стрит не күткен еді

Аналитиктер Krispy Kreme мен McDonald’s арасындағы серіктестікке үлкен үміт артқан еді. 2024 жылдың көктемінде жарияланған бұл келісім, Morgan Stanley болжамынша, компанияға күнделікті жаңа өнім жеткізу (DFD) сегментінде сатылымды жылдамдатуға және пайдасын айтарлықтай арттыруға көмектесуі тиіс болатын.

Алайда жағдай басқаша өрбіді. Мамырда сатылым бәсеңдеген соң серіктестік уақытша тоқтатылды. Krispy Kreme жылдық қаржылық болжамын қайтарып алып, тоқсан сайынғы дивидендтерді төлеуді тоқтататынын хабарлады. Бұл шешім компанияға қаржылық икемділік беріп, қарызын азайтуға бағытталды. Ал шілдеде серіктестік түбегейлі үзілді.

Екінші тоқсан қорытындысында компания акцияға шаққанда 15 цент шығын көрсетті, бұл Уолл-стриттің консенсус-болжамынан бес есе жоғары. Бас директор Джош Чарльзуорт мұны McDonald’s-пен серіктестіктің үзілгенімен байланыстырды. Дегенмен ол үшінші тоқсанда компания қалпына келе бастайды деп уәде берген еді.

Акциялардың жағдайы

Сәрсенбі күні, яғни J.P. Morgan жазбасы шыққан кезде, Krispy Kreme акциялары 3,5%-ға төмендеп, $3,6 деңгейінде жабылды. Жыл басынан бері олардың құны шамамен 64%-ға құлдыраған.

MarketWatch-тың мәліметінше Уолл-стрит сарапшылары компанияның келешегіне әзірге сақтықпен қарап отыр. Бесеуі — «ұстау», екеуі — «сату», тек біреуі — «сатып алу» ұсынымын беруде. Орташа мақсатты баға $4,24 болып, бұл қазіргі бағадан шамамен 18% жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары