БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nvidia, Microsoft, Palantir: Wedbush жыл соңына дейінгі ЖИ фавориттерін атады

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Nvidia, Microsoft, Palantir: Wedbush жыл соңына дейінгі ЖИ фавориттерін атады

Wedbush сарапшылары 2025 жылдың екінші жартысына арналған технологиялық компаниялар ішіндегі өз фавориттерін атады. Олар жасанды интеллектке деген қызығушылықтың қарқынды өсуі мен бизнестер мен мемлекеттік құрылымдар тарапынан жасалатын ауқымды инвестициялар есебінен ұтатын компанияларға сенім артып отыр. Негізгі назарда — Nvidia, Microsoft, Palantir, Meta және Tesla. Wedbush бағалауынша, алдағы үш жылда бизнес пен мемлекеттік құрылымдар AI-ға шамамен 2 трлн доллар жұмсайды. Ал ағымдағы тоқсан сарапшылар «төртінші өнеркәсіптік революцияның бастауы» деп сипаттайтын трансформацияның үдей түскенін көрсетті.

Егжей-тегжейі

SeekingAlpha жазуынша, Wedbush технологиялық секторда 2025 жылдың екінші жартысы үшін инвестициялауға лайық негізгі бес фаворит ретінде Nvidia, Meta, Microsoft, Palantir және Tesla компанияларын атаған. Бұған дейін де Wedbush бұл компанияларды ұсынған болатын, олардың акциялары 2025 жылдың екінші жартысында қарқынды өседі деп болжаған.

Дэн Айвз басқаратын сарапшылар тобы Уолл-стриттің жасанды интеллектпен байланысты «Ғажайып жетілік» өкілдерін әлі де толық бағаламай отырғанын атап өтеді. Олардың пікірінше, соңғы тоқсанның күшті есептері осы мегакап-компанияларға қатысты олардың оптимистік болжамдарын растаған.

«Біз оптимистік көзқарасымызды сақтап отырмыз. Өйткені инвесторлар әлі толық түсініп үлгермеген, AI саласына салынатын өсу қарқыны $2 трлн көлеміндегі инвестициялармен қатар жүрмек», — деді Айвз және оның командасы.

Palantir компаниясының «AI революциясының символы ретінде жарылғыш тоқсандық нәтижелері мен болашағы» бұл үрдістің айқын мысалы екенін атап өтті.

Олар сондай-ақ «біз төртінші өнеркәсіптік революцияның әлі бастапқы кезеңіндеміз» дейді, ал оны қазір Nvidia, Microsoft, Palantir, Meta, Alphabet және Amazon секілді технологиялық алыптар жүргізіп отыр.

«Біздің ойымызша, тарифтік және геосаяси қиындықтарға бірнеше ай бойы сәтті бейімделгеннен кейін, технологиялық компаниялардың акциялары жыл соңына дейін жаңа серпіліске дайын тұр, Бұл қозғалыстың көшбасшысы технологияның «алтын дәуірінің» жеңімпаздары ғана бола алады», — деп жазды Wedbush мамандары.

Сарапшылар сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету секторының кең ауқымды бөлігі жасанды интеллект революциясына қосылатын кез келді деп санайды. Олардың айтуынша, 2025 жыл корпоративтік ортада генеративті AI үшін бетбұрыс кезең болды: компаниялар идеядан нақты іске көшуге кірісіп, шығындарды азайтып, өнімділікті арттыруды көздеуде.

Акциялар бойынша жағдай

• Nvidia — әлемдегі ең қымбат компанияның акциялары жыл басынан бері шамамен 33% өсті. Сарапшылардың 90%-ы оның акцияларын сатып алуды ұсынады. Ең оптимистік болжам бойынша, акциялар тағы 40%-ға өсуі мүмкін (MarketWatch деректері бойынша).

• Meta — компания капитализациясы жыл басынан бері 30%-ға артты. Сарапшылардың 86%-ы акцияны сатып алуды ұсынады. Орташа мақсатты баға 5 тамыздағы жабылу бағасынан 12%-ға жоғары.

• Microsoft — жыл басынан бері акциялары 25%-ға қымбаттады. Бұл компанияға қатысты 94%-ға жуық сарапшы оң пікірде және акцияны сатып алуға кеңес береді. Ең оптимистік болжам — 33% өсу.

• Palantir — жыл басынан бері шамамен 130% өскен. Дегенмен сарапшылар оған сақтықпен қарайды: 60%-дан астамы акцияны ұстауды (Hold) ұсынады. Орташа мақсатты баға бойынша котировкалар 18,5%-ға төмендеуі мүмкін.

• Tesla — жыл басынан бері шамамен 24% жоғалтты. Компанияның нәтижесіне электромобильдер сатылымының төмендеуі мен бас директор Илон Масктың саяси белсенділігі әсер етуде. Алайда осы аптада компания Маскқа шамамен $30 млрд көлемінде Tesla акциялары түрінде аралық төлемді мақұлдады. Бұл шешім 2018 жылғы компенсациялық пакетке қатысты жалғасып жатқан сот процесі аясында қабылданды. Инвесторлар бұл жаңалықты оң қабылдап, Масктың Tesla-ға көбірек көңіл бөлуін күтуде.

Tesla акцияларын сарапшылардың 40%-ы сатып алуға, ал 40%-ы ұстауға кеңес береді. Ең жоғары мақсатты баға шамамен 62% өсімді болжайды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары