БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nvidia-ның раллиі жалғаса ма? Уолл-стрит акция бағаларының таргеттерін көтерді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Nvidia-ның раллиі жалғаса ма? Уолл-стрит акция бағаларының таргеттерін көтерді

Уолл-стрит сарапшылары 2026 қаржы жылының екінші тоқсаны бойынша Nvidia есебін күтіп отыр. Есеп 27 тамызда жарияланады. Негізгі мәселе – компания Қытайға ЖИ-чиптер сатудан түсетін болжамды кірісті есепке қосады ма, жоқ па деген сұрақ. АҚШ үкіметі бұл жеткізілімдерге ресми лицензияны әлі берген жоқ. Соған қарамастан бірқатар талдаушылар таргеттерді көтеріп, Уолл-стриттегі консенсус бағасы 3%-ға өсіп, тарихи максимумға жетті. Бірақ соңғы үш күн қатарынан Nvidia акциялары арзандауда.

Егжей-тегжейлі

Тек осы аптада кемінде тоғыз аналитик Nvidia акцияларының мақсатты бағасын көтерді. Соның нәтижесінде консенсус-баға шамамен $194-қа жетті – бұл тарихтағы ең жоғары деңгей. Яғни бейсенбі күнгі жабылу бағасынан 11%-ға жоғары. Ең жоғары таргет – Cantor Fitzgerald: $240. Келесі – TD Cowen: $235. Ең төменгі таргет – HSBC: $200. Бірақ дәл сол HSBC ең үлкен түзету жасады – бірден 60%-ға ($85).

Oppenheimer болса өзгеріс енгізбей, «Нарықтан жоғары» рейтингін сақтап, таргетті $200 деңгейінде қалдырды. Bloomberg-пен сөйлескен Zacks Investment Management портфель менеджері Брайан Малберридің айтуынша: «Nvidia өсімі мықты іргетасқа негізделгенін бәрі мойындауда. Талдаушылар таргеттерді көтермеске шарасыз: бұл акция бәсеңдемейді».

Нарықтағы жағдай

ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің жұма күнгі сөзін күтуде, инвесторлар сақтық танытып отыр. Мөлшерлемелерді қыркүйекте төмендету кейінге қалуы мүмкін деген қауіп бар. Осының аясында S&P 500 – бес күн қатарынан төмендеді, Nasdaq Composite – үш күн қатарынан құлдырады, Nvidia – соңғы үш сессияда 4,6% жоғалтып, $174 деңгейінде жабылды.

Bloomberg атап өткендей, ірі технологиялық компаниялар рекордтық бағаларға жеткен соң, инвесторлар пайдасын бекітіп, қаражатты қауіпсіздеу секторларға аударуда.

Сарапшылар не дейді?

UBS Global Wealth Management инвестициялар директоры Марк Хефеле: «Технологиялық сектордың циклдік сегменттерінде сақтық қажет. Бірақ біз ЖИ саласының ұзақмерзімді өсіміне сенімдіміз».

Wedbush: таргетті $175-тен $210-ға көтеріп, «Нарықтан жоғары» рейтингін растады. Олар гиперскейлерлердің инвестициялары ЖИ-инфрақұрылымға бағытталатынын, ал бұл жерде негізгі жеңімпаз – Nvidia екенін атап өтті.

Susquehanna (Кристофер Ролланд): таргетті $180-нен $210-ға көтеріп, «сатып ал» деген ұсынысты растады. Бірақ Қытайға H20 чиптерін сатудан түсетін табысты есепке қоспады. Оның есебінше, бұл жеткізілімдер компанияға қосымша $8 млрд әкелуі мүмкін.

• Jefferies (Блейн Кертис): Қытайға сатылымдарды да болжамға енгізбеді, себебі лицензия келісімі ресми бекітілмеген.

Есептен не күтуге болады?

Аналитиктердің ортақ болжамы: табыс (EPS): $1,01 акцияға шаққанда, түскен кіріс: $45,94 млрд жетеді (Бірінші тоқсанда бұл көрсеткіштер $0,81 және $44,06 млрд болған).

Nvidia-ның негізгі клиенттері – Meta, Microsoft, Alphabet және Amazon. Олар миллиардтаған капиталдық шығындарды жариялаған, ал олардың шамамен 40%-ы Nvidia үлесіне тиеді. Бұл чипмейкерді негізгі бенефициар етеді.

Bloomberg ескерткендей, осындай үлкен күтілімдер аясында кез келген сәтсіздік тек Nvidia-ны ғана емес, бүкіл нарықты түзетуі мүмкін. Бірақ сарапшылар «күтілмеген теріс сценарий ықтималдығы тым аз» деп отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары