Tesla, Alphabet және тарифтегі бейберекеттік: осы аптада инвестор нені білуі керек

Уолл-стрит бұл аптада сауда соғысы жағдайында жұмысын жалғастырады, бірақ Yahoo Finance мәліметінше инвесторлардың назары Дональд Трамптың саясатына қарағанда компаниялардың есептеріне көбірек ауысады. S&P 500 индексіндегі 120-дан астам компания өткен тоқсан бойынша табыстары туралы есеп береді. Олардың қатарында — Tesla, Alphabet және Boeing бар. Экономикалық маңызды деректер аз болады — АҚШ нарығы өндірістік белсенділік пен тұтынушылардың көңіл-күйі туралы ақпаратты күтуде.
Еуропада статистикалық жарияланымдардың күнтізбесі әлсіз болғандықтан, басты оқиға ретінде Франция, Германия және Еуроаймақтағы сәуір айына қатысты іскерлік белсенділік бойынша алдын ала деректер шығады. Бұл көрсеткіштер Трамп бастаған сауда соғысының алғашқы әсерлерін бизнестің қалай өткеріп жатқанын көрсетеді.
Қытайда инвесторлар тарифтердің артуына билік қалай жауап береді деген белгі іздеуді жалғастыруда. Пекиннен келетін кез келген мәлімдеме маңызды белгі ретінде қарастырылады. Қытай билігі АҚШ-пен «өзара құрметке» негізделген диалогқа дайын екенін мәлімдеді, ал Трамп келісімге қол жеткізуге сенімді екенін жеткізді.
21 сәуір, дүйсенбі күні Қытай халық банкі базалық мөлшерлемелерді алтыншы ай қатарынан өзгертпеді. Бір жылдық несие беру мөлшерлемесі (LPR) 3,1% деңгейінде қалды, ал бес жылдық LPR, яғни ипотекалық несиелердің эталоны — 3,6% деңгейінде сақталды. Екеуі де тарихи минимумда тұр. Қытай реттеушісі сауда соғысының салдарын бағалау үшін жаңа ынталандыру шараларын кейінге қалдырып отыр. Trading Economics дерегі бойынша, бұл үзіліс сыртқы қауіптермен қатар, Қытайдың ішкі ЖІӨ өсімі (5,4%) де әсер еткен.
22 сәуір, сейсенбі күні Tesla, Capital One, Enphase Energy, GE Aerospace, Halliburton, Lockheed Martin, SAP, Steel Dynamics және Verizon компанияларының қаржылық есептері жарияланады.
Еуроаймақта сәуір айындағы тұтынушылық белсенділік бойынша алдын ала деректер жарияланады.
23 сәуір, сәрсенбі күні Chipotle, Alaska Air Group, AT&T, Boeing, GE Vernova, IBM, Las Vegas Sands, Newmont, NextEra Energy, O'Reilly Automotive, Philip Morris International, ServiceNow, Texas Instruments және Vertiv өз есептерін ұсынады.
АҚШ пен Еуроаймақта өнеркәсіп пен қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік (PMI) туралы алдын ала деректер шығады. The Wall Street Journal мәліметіне сүйенсек АҚШ-тағы PMI есебі жаңа тапсырыстар көлемінің азаюын көрсетуі мүмкін, бұл сауда белгісіздігі аясында экономикалық өсімге алаңдаушылық туғызады. Ал RBC Capital Markets сәуір айында еуропалық экспорттың тарифтерден қаншалықты зардап шеккенін мұқият қадағалайтынын жеткізді.
24 сәуір, бейсенбі күні Alphabet, American Airlines, Freeport-McMoRan, Hess, Intel, Merck, PepsiCo, Sanofi, Southwest Airlines, T-Mobile және Union Pacific қаржылық есептерін ұсынады.
АҚШ-та ұлттық риелторлар қауымдастығы наурыз айындағы қайталама тұрғын үй нарығындағы сату деректерін жариялайды. FactSet болжамы бойынша, бұл көрсеткіш ақпанмен салыстырғанда 0,9%-ға өсуі мүмкін.
ФРЖ «Беж кітабын» (Beige Book) — экономика жағдайы туралы 12 округ бойынша мәліметтер жинағын ұсынады. Бұл есеп ашық нарықтағы операциялар жөніндегі комитет отырыстарына дайындық үшін қолданылады.
25 сәуір, жұма күні AbbVie, Charter Communications, Colgate-Palmolive, Phillips 66 және Schlumberger өз есептерін ұсынады.
Мичиган университеті АҚШ-тағы тұтынушылық көңіл-күй индексінің сәуір айындағы қорытынды мәнін жариялайды. FactSet дерегіне сүйенсек, көрсеткіштің төмендеуі күтіледі. Barron’s мәліметі бойынша, бұл индикатор 2024 жылдың желтоқсанынан бері 30%-ға төмендеген — сауда соғысы туралы алаңдаушылық себеп болған.








