БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Федерер инвестициялаған компания болжамын көтеріп, баға өсімін ескертті

Евгения Ватаманюк

Евгения Ватаманюк

Oninvest тілшісі
Федерер инвестициялаған компания болжамын көтеріп, баға өсімін ескертті

Теннисші Роджер Федерер инвестиция салған швейцариялық On Holding спорттық брендінің бірінші тоқсандағы табысы жоғары болған соң, компания жылдық кіріс өсімі бойынша болжамын көтерді. Бағаның жоғарылығына қарамастан, жаһандық экономикадағы белгісіздік пен импорттық тарифтердің өсу қаупі жағдайында да швейцариялық кроссовкаларға сұраныс жоғары болып отыр. Нью-Йорктегі премаркетте On Holding акциялары қымбаттады.

Егжей-тегжейлі

On Holding компаниясы 2025 жылғы табысы кемі 28% өсіп, 2,86 млрд швейцар франкіне (шамамен 3,4 млрд доллар) жетеді деп болжап отыр. Бұл — алдыңғы болжамнан бір пайыздық тармаққа жоғары, дегенмен сарапшылардың орташа бағасынан сәл төмен, деп хабарлайды Bloomberg. Сондай-ақ, компания пайыздарды, салықтарды, амортизация мен тозуды есепке алмайтын түзетілген операциялық пайда маржасының өсімі 16,5–17,5% аралығында болады деп күтуде. Бұған дейінгі болжам 17–17,5% болатын, деп көрсетеді Reuters.

Сауда саясаты белгісіз күйінде қалып отырғанымен, On компаниясының басшылығы түрлі сценарийлерге дайын екенін айтады. «Қиындық болса да — On кез келген дауылға төтеп бере алады, деді компанияның негізін қаұрушылардың бірі Каспар Копетти. — Бренд өте мықты, сұраныс жоғары, ал инновациялық өнімдер кеңінен қолданылуда», — деп сөзін келтіреді Bloomberg.

«On компаниясы болжамдарға сақтықпен қарайтынын жалғастырып келетінін және оларды әрі қарай да асыра орындайды деп сенеміз», — деді Truist Securities сарапшысы Джозеф Чивелло.

Компания шілде айынан бастап АҚШ-та бағаларды көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл шешім сауда тарифтерінің әсерін жұмсартуға бағытталған. «Біз [жеткізу тізбегін] әртараптандыру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, бірақ қазіргі кезеңде баға саясаты салдарларды азайтудың бір тетігі болады», — деді журналистерге On компаниясының қаржы әрі бас директоры Мартин Хоффманн (Reuters).

On компаниясының негізгі өндірістік хабтары Вьетнам мен Индонезияда орналасқан. Атап айтқанда, 2024 жылы компания аяқ киімді шамамен 90% және киім мен аксессуарлардың 60%-ын Вьетнамда өндірген, дейді Reuters. Қазір Вьетнам мен Индонезиядан келетін импортқа 10% мөлшеріндегі негізгі сауда тарифі қолданылады, алайда егер бұл елдер шілдеге дейін АҚШ-пен келісімге келе алмаса, тарифтер 46%-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Есепте тағы не айтылған?

On компаниясының сатылымы бірінші тоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43% өсіп, 727 млн швейцар франкіне жетті, дейді Reuters. Бұл көрсеткіш 681,2 млн франк болжамынан асып түсті. Компанияның айтуынша, мұндай нәтижеге әнші әрі актриса Зендеямен көптің назарын аудартқан коллаборациялар, сондай-ақ Cloud 6 және Cloudsurfer 2 атты жаңа кроссовка үлгілерінің нарыққа шығуы ықпал еткен.

Түзетілген бір акцияға шаққандағы пайда 0,23 швейцар франкін құрады, ал сарапшылар 0,22 франк болады деп болжаған еді, деп жазады Reuters LSEG деректеріне сілтеме жасап.

On компаниясының табысы Америкада – 32,7%, Азия-Тынық мұхиты өңірінде – 130%, Еуропа, Таяу Шығыс және Африкада – шамамен 33,6% артты.

«Біз жылды өте жақсы бастадық және сұраныстың жоғары деңгейде сақталып отырғанын байқап отырмыз», — деді Мартин Хоффманн. Сәуір — сатылым көлемі бойынша ең жоғары ай болғанын атады.

Сарапшылар ұсынады

Жыл басынан бері On Holding компаниясының акциялары шамамен 6,5% арзандады. Дегенмен, соңғы 12 айда олардың құны 41,5% өскен.

Салыстыру үшін, Puma акциялары 12 ай ішінде 54%, Nike — 32,5%, Adidas — 3,5% төмендеген. FactSet деректеріне сүйенсек, сарапшылардың басым бөлігі On Holding акцияларын сатып алуға кеңес береді. Бұл қағаздарға Buy және Overweight (сатып алуға кеңес) рейтингін берген — 25 сарапшы. Hold (ұстау) деген баға қойған — тек үшеу ғана, сатуға кеңес берген ешкім жоқ.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары