БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Baidu акциясы 50% өсті. Deutsche Bank неге әлі де сатып алу рейтингін беруде?

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Baidu акциясы 50% өсті. Deutsche Bank неге әлі де сатып алу рейтингін беруде?

Қытайдың ең ірі интернет-компанияларының бірі Baidu компаниясының рейтингін Deutsche Bank «ұстаудан» «сатып алуға» көтерді. Банк компания акциясының өсуіне жасанды интеллект ынталандырады деп күтеді. Ол мақсатты бағаны $88-дан $156-ға дейін көтерді, бұл алдағы 12 айда 23% өсу әлеуетін білдіреді.

«Baidu бұлттық есептеулерді, робот-таксиді, интеллектуалды іздеуді және ЖИ-чиптерді қамтитын жетекші жасанды интеллект бизнесінің жиынтығын құрды. Біз осы ЖИ саласында өсіп келе жатқан бағыттар компания дамуының келесі кезеңінің драйвері болады деп есептейміз», — деп жазды сарапшы.

7 қарашадағы саудада Baidu акциясы 0,7% арзандады. Алайда, жыл басынан бері олар 51% өсті, бұл шамамен 18% қосқан Nasdaq Composite технологиялық индексінен айтарлықтай озық нәтиже.

Deutsche Bank Baidu компаниясының өсу драйверін неден көрді?

Чиангтың пікірінше, Baidu акциясының өсуінің негізгі драйверлері болатын төрт бағыт бар. Олардың қатарына — корпоративтік клиенттерге тиімді шығындармен толық ЖИ-инфрақұрылым ұсынатын AI Cloud бұлтты платформасы, әлемдік деңгейде жетекші орынға ие болып, ауқымын кеңейтіп келе жатқан Apollo Go робот-такси қызметі жатады. Үшіншіден, интеллектуалды интернет-іздеуді дамыту, ал төртіншісі — ЖИ-чиптер өндіретін еншілес компания Kunlunxin, ол жасанды интеллект саласындағы капиталдық шығындардың артуынан пайда таба алады. Сарапшының айтуынша, ЖИ саласындағы инвестициялар өскен жағдайда бұл бөлім «өсу үшін айтарлықтай әлеуетке ие».

Чиангтың бағалауынша, қысқа мерзімді перспективада жарнама сегментіндегі әлсіз нәтижелер Baidu компаниясының жалпы табысының 2025 қаржы жылында 3% төмендеуіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, ол бұлттық сервистерден түсетін кірістің керісінше, ағымдағы қаржы жылында жылдық мәнде 23% өсетінін күтеді.

«Алға қарай — 2026 қаржы жылы және одан кейінгі кезеңге көз жүгіртсек біз жалпы табыстың қайта өсе бастайтынын болжаймыз. Бұған іздеу жүйесін жаңарту әсерінің бәсеңдеуімен қатар жарнама табысының біртіндеп тұрақтануы, агенттер мен цифрлық аватарлар арқылы монетизацияның артуы және бұлттық кірістердің тұрақты күшті импульсі ықпал етеді», — деп қосты Deutsche Bank сарапшысы.

Басқа да сарапшылар пікірі

Қазанда Citigroup компаниясы Baidu акциясының мақсатты бағасын $143-дан $166-ға дейін көтеріп, «сатып алу» рейтингін сақтап қалды. Бұл таргет акцияның 30%-дан астам өсу әлеуетін білдіреді.

Macquarie де Baidu бойынша рейтингін «ұстаудан» «сатып алуға» дейін көтеріп, мақсатты бағасын $91-дан $176-ға дейін ұлғайтты. Бұл бағалау шамамен 40% өсу әлеуетін білдіреді.

MarketScreener дерегінше, сарапшылар жалпы алғанда Baidu бойынша позитивті көзқарасты сақтап отыр: 23 сарапшы компания акциясын сатып алуға, ұстауға — 9, ал сатуға —  1 ғана сарапшы кеңес берді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары