БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: макродеректер мен ФРЖ-ның мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі назарда

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: макродеректер мен ФРЖ-ның мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі назарда

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған  АҚШ қор нарығына күнделікті шолу және болжам.

Бүгіннен не күтеміз

Алдағы сауда сессиясында инвесторлар өндірістік сектордағы іскерлік белсенділік индексіне (PMI) қатысты ISM Manufacturing (консенсус: 49,3, қазан: 48,7) және S&P Global (соңғы бағалау: 51) мәліметтеріне назар аударады. ISM көрсеткіші 50-ден төмен тұрғандықтан, өндірістегі баяулаудың жалғасып жатқанын білдіреді. Екі релиз де ФРЖ-ның желтоқсан айындағы отырысы алдында экономиканың жағдайын бағалау үшін маңызды. Егер мәліметтер күткеннен төмен болса, мөлшерлемені төмендетуге деген үміт күшейеді. Ал керісінше, көрсеткіштердің жақсы шығуы нарыққа қысым жасап, монетарлық саясатты жұмсартудың қажеттілігіне күмән туғызуы мүмкін.

Бүгіннен бастап ФРЖ ресми түрде сандық қатаңдату бағдарламасын (QT) аяқтайды — бұл монетарлық жағдайды жұмсартуға бағытталған маңызды қадам.

АҚШ президенті Дональд Трамп реттеушінің басшысы Джером Пауэллдің орнына таңдаған кандидатын анықтағанын хабарлады. Polymarket дерегінше бұл орынға ақ үй кеңесшісі, мөлшерлемені белсенді төмендетуді қолдайтын Кевин Хассеттің келу ықтималдығы 70%. Бұл жаңалық реттеушінің «көгершіндік» саясатына деген күтімді күшейтті.

Негізгі сауда жабылған соң Credo Technology Group (CRDO) және MongoDB (MDB) өздерінің тоқсандық нәтижелерін жариялайды.

АҚШ индекстеріне арналған фьючерстер төмендеп жатыр, бұл — маңызды статистика жарияланар алдындағы инвесторлардың сақтығын көрсетеді. Бұған Жапония Банкі басшысының «қатаң» пікірлері мен жапон облигацияларының табыстылығының өсуі де әсер етуде. Алдағы сессиядағы тәуекелдер балансы теріс, құбылмалылық жоғары болады деп бағалаймыз. S&P 500 индексі бойынша 6780–6880 тар аралығында (алдыңғы жабылудан −1,0% – +0,5%) қозғалыс күтеміз.

Назарда

  • Amazon (AMZN) және Alphabet (GOOGL) AWS пен Google Cloud арасында жоғары жылдамдықты жеке байланыс орнатуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты. Бұл мультибұлтты жұмысқа қолайлылық береді. Алғашқы клиенттердің бірі — Salesforce (CRM).

  • UnitedHealth Group (UNH) 1 млрд долларға өздерінің соңғы оңтүстікамерикалық активі Banmedica-ны Patria Investments компаниясына сатады. Бұл компанияға негізгі бизнеске көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

  • Micron Technology (MU) ЖИ-ға арналған чиптерге сұраныс өсуіне байланысты Жапонияда HBM жад чиптерін шығаратын зауыт салуға 9,6 млрд доллар инвестиция құятынын мәлімдеді. Жапония үкіметі жобаны белсенді түрде қолдайды.

  • Airbus (EADSY) A320 ұшақтарының шамамен 6 мыңын бағдарламалық жасақтаманы шұғыл жаңарту үшін шақыртып алды. Бұл шешім күн вспышкаларына байланысты ықтимал осалдық анықталғаннан кейін қабылданды. Компания мұндай әрекеттер қауіпсіздікке деген жаңа көзқарасты көрсететінін айтады.

  • Adobe Analytics дерегінше АҚШ-тағы Black Friday сатылымдары 11,8 млрд долларға жетті (+9,1% жылдық өсім).

  • Netflix (NFLX) тарапынан Warner Bros. Discovery (WBD) және HBO Max-ты сатып алу ықтималдығы Ақ үйде бәсекелестікке қарсы реттеу тұрғысынан алаңдаушылық тудырып отыр.

Алдыңғы күнгі сауда нарығы

28 қарашадағы сауда сессиясы АҚШ-та оң динамикамен аяқталды. S&P 500 — +0,54%, Nasdaq 100 — +0,78%, Dow Jones — +0,61%, Russell 2000 — +0,58%. Негізгі драйвер — ФРЖ желтоқсанда саясатты жұмсартуы мүмкін деген үміт.

«Ғажайып жетілік» компаниялары Meta (META: +2,26%) бастаған өсім көрсетті, жалғыз теріс аймақта — Nvidia (NVDA: −1,81%). Ең жоғары өсім энергетика секторында (XLE: +1,31%), ал денсаулық сақтау (XLV: −0,49%) аздап төмендеді.

Алғыс айту күнінен кейінгі қысқарған сауда сессиясында маңызды макродеректер болмады. Инвесторлар ФРЖ-ның мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген күтуді бағасына енгізуді жалғастырды. Техникалық факторлар да қалыпқа келуге көмектесті.

Компания жаңалықтары

  • Intel (INTC: +10,2%) акциялары Мин-Чи Куоның есебінен кейін көтерілді. Оның айтуынша Intel Apple-мен келіссөздер ілгерілеуде, 2027 жылдың екінші жартысынан бастап M-сериялы процессорларға арналған чиптерді жеткізуші болуы мүмкін.

  • Circle Internet Group (CRCL: +10%) бағамдары USDC стейблкоинының капитализациясының өсуі және криптонарықтағы жалпы қалпына келумен көтерілді.

  • Alphabet (GOOGL) ЕО-дағы Microsoft-қа қатысты шағымын қайтарып алды, себебі Еуропаның реттеушілері жалпы бұлтты секторға қарсы кең ауқымды тергеу жүргізіп жатыр.

  • Wingtech (Нидерландтағы Nexperia компаниясының қытайлық иесі) жергілікті билік «интеллектуалдық меншікті Қытайға әкетеді» деген қауіппен қойған шектеулерді Жоғарғы сотта дауламақ. Бұл жағдай автокөлік саласында қолданылатын чиптердің жеткізілуіне кедергілер туғызуды жалғастыруда.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары