БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nasdaq Composite жеті айлық өсімнен кейін төмендеді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Nasdaq Composite жеті айлық өсімнен кейін төмендеді

Технологиялық сектордың негізгі индексі саналатын Nasdaq Composite қараша айында 1,5%-ға төмендеп, қатарынан жеті ай бойы жалғасқан өсімді тоқтатты. CNBC жазуынша, мұндай өзгеріске инвесторлардың жасанды интеллект (ЖИ) саласының тұрақты табысына деген күмәні себеп болды.

Ал S&P 500 бен Dow Jones Industrial Average индекстері қараша айында сәл ғана өсіп, тиісінше 0,1–0,3% шамасында оң нәтижемен аяқтады. Бұл апта ішіндегі нарықтағы раллидің арқасында мүмкін болды. Қазіргі кезде нарық ФРЖ желтоқсан айында биыл үшінші рет пайыздық мөлшерлемені төмендетеді деп күтуде.

Bloomberg-тің жазуынша, мерекелік апта кейінгі бес ай ішіндегі АҚШ акциялары үшін ең табыстысы болды. Апта қорытындысы бойынша Dow Jones пен S&P 500 3%-дан астам, ал Nasdaq Composite 4%-дан астам өсті.

Алғыс айту күніне байланысты қысқартылған сауда күнінде, яғни жұмада акциялар қайтадан өсті: Nasdaq Composite — 0,7%-ға, S&P 500 — 0,5%-ға, Dow Jones — 0,6%-ға көтерілді.

28 қарашадағы саудада технологиялық сектордағы басты жаңалықтардың бірі — Intel компаниясы болды. Ол Apple үшін процессор өндіруге қайта оралуы мүмкін деген ақпарат шыққаннан кейін, акциялары 10%-дан астам қымбаттады. Бұл серіктестік бес жыл үзілістен кейін қайта жандануы мүмкін.

Трейдерлер ФРЖ саясаты жұмсарады деген болжамды белсенді түрде есептей бастады. Өткен аптада Нью-Йорк ФРБ президенті Джон Уильямс негізгі мөлшерлеме диапазонында «қосымша түзетуге кеңістік бар» деген пікір айтқан болатын.

Zacks Investment Management компаниясының клиенттік портфель менеджері Брайан Малберри CNBC арнасына берген сұхбатында:

«Нарықтағы көңіл-күй тәуекелге деген жоғары қызығушылыққа қайта ойыса бастады. Қазір инвесторлар 80–85% сенімділікпен алдағы бірнеше аптада ФРЖ мөлшерлемені төмендетеді деп күтуде», — деді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары