БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Таңғы шолу: қорғаныс секторындағы өсім, жапондық акциялардың құлдырауы

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Таңғы шолу: қорғаныс секторындағы өсім, жапондық акциялардың құлдырауы

АҚШ Украинаға

әскери көмекті тоқтатқаннан кейін Еуропа мен Азиядағы қорғаныс компанияларының

акциялары қымбаттады. Трамптың Канада мен Мексикаға баж салығын енгізу шешімі

АҚШ қор нарығында биылғы ең ірі құлдырауға әкелді. Жапониядағы инвесторлар

тарифтер мен иенаның күшеюіне алаңдап, акцияларын сата бастады. Осы және басқа

да маңызды жаңалықтар таңғы шолуда.

АҚШ-тың Украинаға көмегін тоқтатуы Азия мен Еуропадағы қорғаныс компанияларының акцияларының өсуіне әкелді

4 наурызда

Азиядағы қорғаныс компанияларының акциялары күрт өсті. Оңтүстік Кореяның Hanwha

Aerospace және Hyundai Rotem, жапондық IHI Corp. акциялары 11%-дан астам өсті.

Сарапшылардың пікірінше бұл компаниялардың Еуропада қару-жараққа сұраныстың

артуынан пайда көреді, деп жазады Bloomberg.

Трамп АҚШ-тың

Украинаға әскери көмегін тоқтатты. Бұл шешім АҚШ әскери техникасының Украинаға

жетуін тоқтатты, оның ішінде Польша арқылы өтетін қару-жарақ та бар. Осы

жағдайдан кейін Еуропа елдері қорғаныс бюджеттерін арттыруға келісті.

Германияның Rheinmetall компаниясының акциялары 14%-ға, италиялық Leonardo –

15,4%-ға, француздық Thales – 15%-ға, британдық BAE Systems – 14,3%-ға, шведтық

Saab – 11,3%-ға өсті. Еуропалық SXPARO индексі 7,7%-ға өсіп, рекорд жаңартты, деп хабарлайды Reuters.

Трамптың баж

салығы туралы шешімі АҚШ нарығын құлдыратты

АҚШ акциялары

Трамптың Канада мен Мексикадан импортқа 25% тариф енгізу шешімінен кейін күрт

төмендеді, деп жазады CNN. S&P 500 индексі 1,8%-ға, Dow индексі 1,5%-ға,

Nasdaq Composite 2,6%-ға құлдырады.

«Ертеңнен бастап

Канада мен Мексика үшін баж салығы 25% құрайды», – деді Трамп. Ол бұл шешімді

тек екі ел өндірістерін АҚШ-қа көшірсе ғана қайта қарайтынын айтты.

Сонымен қатар,

Трамп Қытайдан келетін тауарларға баж салығын 10%-дан 20%-ға дейін көтеру

туралы шешім шығарды. Ол мұны Қытайдың АҚШ-қа есірткінің заңсыз тасымалын

тоқтатпағанымен түсіндірді.

Криптовалюталардың

өсімі бәсеңдеді

Биткоин жұма

күнгі деңгеймен салыстырғанда 2,4%-ға өссе де, жексенбіден бері 8%-ға

төмендеді, деп жазады Reuters. Трамп демалыс күндері токендерді АҚШ-тың жаңа

стратегиялық резервіне қосу мәселесін көтергеннен кейін күрт өскен бірнеше

басқа криптовалюталар да төмендеуге көшті.

Ether жұма

күнінен бері 4,3%-ға, жексенбіден бері 16%-ға төмендеді. XRP жексенбіден бері

15%-ға түссе де, жұма деңгейімен салыстырғанда 25%-ға өсті. Solana 16%-ға

құлады, бірақ жұмамен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары тұр. Cardano 19%-ға

төмендеп, жұма күнгі деңгеймен салыстырғанда 3%-ға кеміді.

Еуропада

инфляция төмендеді, бірақ күткеннен жоғары болды

Еуроаймақта

инфляция ақпанда 2,4%-ға дейін төмендеді (қаңтарда 2,5% болған). Бұл

сарапшылардың 2,3% деген болжамынан сәл жоғары көрсеткіш, деп жазады Reuters. Базалық инфляция

(энергия, азық-түлік, алкоголь және темекіні есептемегенде) 2,6%-ға түсті

(қаңтарда 2,7% болған).

Еуропалық орталық

банк (ЕОБ) бейсенбі күні тағы да пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін. CNBC

мәліметінше, бұл 2024 жылдың маусымынан бері алтыншы төмендету болмақ.

Жапониядағы

нарық құлдырады

Жапондық акциялар

сейсенбі күні 2%-дан астамға төмендеді, деп хабарлайды CNBC. Nikkei 225 индексі

2,4%-ға, ал Topix 1,5%-ға құлдырады.

Инвесторлар

АҚШ-тың жаңа тарифтері сауда соғысына әкелуі мүмкін деп алаңдаулы, деп жазады

Reuters. Сонымен қатар, иенаның күшеюі жапон экспортына кері әсер етті. Toyota

Motor акциялары төмендеді.

Трамп Жапония мен

Қытайды валюталарының құнын қолдан төмендетуді тоқтатуға шақырды. Алайда

жапондық билік иенаның әлсіздігін сақтап қалуға тырысатынын айтты, деп

мәлімдеді Nomura Securities сарапшысы Нака Мацудзава.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары