Нью-Йорктегі таң: TSMC есебі инвесторларға сенім ұялатуда

Freedom Capital Markets Research компаниясы директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына күнделікті шолуы мен болжамы.
Кеше нарықта не болды
16 сәуір күні АҚШ-тың қор нарығындағы сауда сессиясы айтарлықтай минуспен аяқталды. S&P 500 – 2,24%-ға, Nasdaq 100 – 3,04%-ға, Dow Jones – 1,73%-ға, ал шағын компаниялар индексі Russell 2000 – 1,03%-ға төмендеді. Ең үлкен қысымға бигтех-компаниялар ұшырады. Nvidia (NVDA: –6,87%) акциялары Ақ үйдің Қытайға H20 чиптерін экспорттауға жаңа шектеулер енгізетіні туралы хабардан кейін күрт арзандады. Нәтижесінде ең көп жоғалтқан сектор – ақпараттық технологиялар болды (–3,94%). Мұнай бағасының қалпына келуінің арқасында тек энергетика секторы ғана өсім көрсетті (+0,8%). Ал алтын 3,3%-ға қымбаттап, кезекті рет тарихи максимумды жаңартты.
АҚШ президентінің әкімшілігі Қытайдан әкелінетін тауарларға арналған бұрынғы 145% кедендік баждарды 245%-ға дейін көтеруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл Пекиннің кедендік тарифтерді арттырғанына жауап ретінде қарастырылып отыр. БАҚ мәліметінше Қытай билігі Ақ үйдің басқа сауда серіктестерімен келіссөздер кезінде ҚХР-ды оқшаулауға шақыратынын, ал бұған жауап ретінде АҚШ өз тауарларын экспорттауға жеңілдіктер ұсынатынын айтып отыр. Алайда Қытай тарапы өзара құрмет пен екі жаққа да тиімді шешім іздеу негізінде келіссөздер жүргізуге дайын екенін білдірді.
ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл Чикагодағы Экономикалық клубта сөйлеген сөзінде сәуір басындағы мәлімдемелерін қайталады, бірақ бұл жолғы риторикасы қатаңырақ болды. Ол импорттық тарифтердің салдары ретінде жаһандық жеткізу тізбектерінің бұзылуын атап өтті. Бұл өз кезегінде бағаның бір реттік өсуінен инфляциялық қысымның артуына әкелуі мүмкін. Мұндай іркілістер, әсіресе, көлік саласы үшін ауыр соққы болмақ.
Наурыз айындағы бөлшек сауда көрсеткіштері оң болғанымен, бұл акциялар нарығындағы қысымды жеңілдете алмады. Автокөліктерді есепке алмағанда бөлшек сауда көлемі 0,5%-ға өсті (Freedom Broker болжамы – 0,3%, нарықтық консенсус – 0,4%). Жалпы көрсеткіш 1,4%-ға артты (күтілгені – 1,3%). Қаңтар–ақпан айларындағы мәліметтер жоғары қарай қайта қаралды. Америкалықтардың қоғамдық тамақтануға жұмсайтын шығындарының қайта өсуі де маңызды (+1,8% айлық өсім). Жалпы алғанда, бұл есеп бірінші тоқсанның ЖІӨ болжамдарының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.
Өндірістік сектор бойынша мәліметтер болжамға сай шықты (–0,3% айлық өзгеріс). NAHB тұрғын үй нарығына сенімділік индексі 39-дан 40-қа көтерілді, бұл көрсеткіштің 37–38 пунктке дейін төмендейді деген болжам болған.
Компания жаңалықтары
— Abbott Labs (ABT: +2,8%) 1-тоқсандағы таза табысы бойынша нарық күтулерінен асып түсті, бірақ табысы біршама төмен болды. Келесі үш айға арналған болжам консенсусқа сәйкес, жылдық бағдар да расталды. Ең жақсы нәтиже медициналық құрылғылар, әсіресе диабетті емдеу сегментінде байқалды.
— Advanced Micro Devices (AMD: –7,4%) АҚШ-тың MI308 чиптеріне қатысты жаңа экспорттық шектеулері компанияға шамамен $800 млн шығын әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.
— Travelers Cos. (TRV: +1,1%) табыс пен кіріс бойынша болжамдардан асып түсті. Табиғи апаттардан келген шығындарға қарамастан combined ratio көрсеткіші де жақсы болды. Компания дивидендтерін ұлғайтты.
— Tesla (TSLA: –4,94%) компаниясының Калифорниядағы көлік тіркеулері 1-тоқсанда 15%-ға азайды (ж/ж).
Болжам
Инвестор көңіл-күйінің негізгі драйвері — тарифтік саясаттағы белгісіздік пен Қытай тарапынан болуы мүмкін қарсы шаралар. Жапониямен сауда келіссөздерінде «үлкен ілгерілеу» бар екенін айтқан Дональд Трамптың мәлімдемесі оң әсер беруі мүмкін.
Чиптерді Қытайға экспорттауға қойылған шектеулер мен электроникаға жаңа импорттық тарифтер технологиялық секторға қысым жасауды жалғастыруы ықтимал. Дегенмен, әлемдік чип өндіруші TSMC-ның мықты есебі жасанды интеллектке байланысты акцияларға қызығушылықты қайта арттыруы мүмкін.
Бүгін — бейсенбі, әдеттегідей, АҚШ-та алғашқы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өтініштер саны жарияланады (күтілетіні – 225 мың, алдыңғысы – 223 мың). 250 мыңнан төмен нәтиже еңбек нарығының тұрақтылығын көрсетеді.
Наурыз айындағы тұрғын үй құрылысы бойынша статистика да ұсынылады (күтілетін: 1 420 мың, алдыңғы: 1 501 мың). Сондай-ақ, Филадельфия ФРБ өндірістік белсенділік индексінің жаңа мәнін ұсынады — болжам бойынша ол оң аймақта қалуы керек (күтілетіні: 4 пункт, алдыңғысы: 12,5 пункт).
Нарық жабылғаннан кейін Netflix (NFLX) қаржылық есебін жариялайды. 18 сәуір — Қасиетті жұма аталып өтіледі, сондықтан нарық бұл күні жабық болады. Сәйкесінше бұл жаңалықтарға инвесторлардың реакциясын дүйсенбіде байқайтын боламыз.
АҚШ индекстеріне арналған фьючерстер оң аймаққа өтті. Тәуекелдер теңгерімі — орташа оң. S&P 500 индексінің 5200–5380 пункт аралығында құбылуы күтіледі (16 сәуірдегі жабылу деңгейінен −1,4%–дан +2%-ға дейін).
Нарық назарында
— TSMC табысы 1-тоқсанда 60%-ға өсті. Компания AI-чиптерге жоғары сұраныс күтіп отыр. Акциялар премаркетте +4,5%.
— Hertz акциялары CNBC мәліметінен кейін 19,8%-ын Pershing Square иеленген соң күрт өсті. 15 сәуірден бері екі есе қымбаттаған.
— Ford дилерлерін мамырда автокөлік бағасы өсуі мүмкін екенін ескертті.
— Kinder Morgan 2025 ж. EPS – $1,27. Дивиденд арттырылып, жылдық кірістілік 2% шамасында.
— Alcoa табысы күткеннен жоғары: $2,15 (күтілгені – $1,41). Глиноземнен жоғары EBITDA болжап отыр.
— BHP Group мыс өндірісін 10%-ға арттырып, жылдық жоспарын растады.








