БастыЖаңалықтар
Бөлісу

АҚШ-та Domino’s Pizza сатылымы күрт төмендеп кетті

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
АҚШ-та Domino’s Pizza сатылымы күрт төмендеп кетті

Алайда, халықаралық

нарықтарда компанияның салыстырмалы

сатылымдары сарапшылардың күткенінен

де асып түсті.

Әлемдегі ең ірі пицца

желілерінің бірі – Domino’s Pizza Уолл-стриттің

болжамдарына қарамастан, АҚШ-та 2025

жылдың бірінші тоқсанында салыстырмалы

сатылымдарының төмендегенін хабарлады.

Макроэкономикалық тұрақсыздық пен

Дональд Трамптың бастамасынан кейін

өршіп тұрған сауда соғысы кезінде АҚШ

тұтынушылары шығындарын үнемдеуге

көшкен. Бүгінде олар қоғамдық тамақтану

орындарына аз бара бастады. Салдарынан

Domino’s-тың жалпы табысы аналитиктердің

ойлағанынан төмен болды, алайда акцияға

шаққандағы пайда, керісінше, болжамнан

асып түскен. Дегенмен бұл жағдай да

инвесторларды ынталандыра алмады.

Дүйсенбі күнгі саудада Domino’s Pizza акциялары

3%-дан аса төмендеді.

Толығырақ

Domino’s Pizza АҚШ-тағы

салыстырмалы сатылымдары жылдық есеппен

алғанда 0,5%-ға азайғанын хабарлады. Бұл

2025 қаржы жылының 25 наурызда аяқталған

бірінші тоқсанындағы қорытынды. Ал

аналитиктер, керісінше, 0,5%-ға өсім

болатынын болжаған еді, деп жазады

Reuters LSEG деректеріне сүйене отырып.

Domino’s мейрамханаларына

бару көрсеткіші ақпан және наурыз

айларында төмендеді. Мұның себебі –

Дональд Трамптың болжап болмайтын сауда

саясатына байланысты тұтынушылар

көңіл-күйінің нашарлауы, рецессия мен

инфляция қаупінің артуы, деп түсіндіреді

Reuters.

Алайда, Domino’s компаниясының

халықаралық нарықтағы үлесі ішкі нарыққа

тәуелді компаниялармен салыстырғанда

әлдеқайда тұрақты. Уолл-стрит сарапшылары

оның халықаралық нүктелердегі салыстырмалы

сатылымдары тек 1,93%-дық өсім көрсетеді

деген еді, алайда көрсеткіш 3,7%-ға өскен,

деп атап өтті Reuters.

Domino’s Pizza-ның бас

директоры Рассел Вайнер компанияның

нарықтағы үлесінің тұрақты өсуі оның

өзіне тәуелді факторларды дұрыс басқара

алатынында дейді. Оның айтуынша,

бұл — ұзақ мерзімді табыстың кілті. Бұл

пікір компанияның ресми сайтындағы

мәлімдемеде келтірілген.

Компанияның бірінші

тоқсандағы жалпы табысы 1,11 млрд долларды

құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен

салыстырғанда 2,5%-ға жоғары. Бірақ бұл

көрсеткіш Уолл-стриттің орташа болжамынан

20 млн долларға төмен болды, деп жазады

Barron’s FactSet деректеріне сүйеніп.

Акцияға шаққандағы

пайда өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға

өсіп, 4,33 долларды құрады. Бұл сарапшылар

болжамынан 6%-ға жоғары.

Компания басшылығының

айтуынша, пайданы арттыруға акцияларды

қайтару бағдарламасы да әсер еткен.

Компания 2025 жылға

арналған болжамдарын жарияламады.

Акциялардың реакциясы

28 сәуірдегі сауда-саттықтың

басында Domino’s Pizza акциялары 3,4%-ға

төмендеді, бірақ кейін аздап қайта өсті.

Жыл басынан бері компания

акциялары шамамен 13,6%-ға қымбаттады.

Бұл АҚШ-тың негізгі қор индексі S&P 500

көрсеткішінен едәуір жоғары. S&P 500 осы

аралықта шамамен 6%-ға төмендеген еді.

Сарапшылар не дейді

Northcoast Research аналитигі

Джим Сандерсон Domino’s компаниясының

АҚШ-тағы салыстырмалы сатылымдарын

жылдың екінші жартысында қайта өсіруге

мүмкіндігі көп деп есептейді. Сондай-ақ

ол компанияның DoorDash атты АҚШ-тың ірі

азық-түлік жеткізу платформасымен

серіктестік орнатуын жағымды фактор

ретінде атап өткен. Бұл жаңа қызмет мамыр

айында бүкіл ел бойынша іске қосылады

және Domino’s-қа ауылдық және қала маңы

аймақтарынан жаңа тұтынушыларды тартуға

көмектесуі ықтимал.

Reuters агенттігі Джим

Сандерсонның «DoorDash-пен серіктестік

Domino’s үшін пандемиядан кейін жоғалтқан

нарық үлесін қалпына келтіруде маңызды

қозғаушы күш болады», деген пікірін

атап өтті.

MarketWatch деректеріне

сәйкес, Domino’s Pizza акцияларына 35 сарапшы

рейтинг жасаған. Олардың 21-і инвесторларға

компанияның қағаздарын сатып алуды

ұсынды (Buy және Overweight бағалары), 12-ісі

бейтарап ұстанымда қалса (Hold), қалған

2 аналитик сатуға кеңес берген (Underweight

және Sell).

Қазіргі сәтте Уолл-стриттің

Domino’s Pizza акцияларына ортақ болжаммен

белгілеген бағасы – 497,8 доллар. Бұл

алдағы 12 айда тек 2%-дық өсу мүмкіндігіне

ие дегенді аңғартады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары