БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Barron's сауалнамасы: Кейінгі 28 жылда инвесторлар мұншалықты көңілсіз болмаған

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Barrons сауалнамасы: Кейінгі 28 жылда инвесторлар мұншалықты көңілсіз болмаған

Қаржы нарығында жұмыс істейтін мамандардың салы суға кетті. Олар соңғы 28 жылда болмаған пессимизмге берілген. Мамандардың көңіл күйі 2008 жылғы қаржы дағдарысы мен COVID-19 пандемиясынан да нашар. Осы ретте Barron's сауалнама жүргізіп көрді. Белгілі болғандай, инвесторлардың тек төрттен бірі ғана алдағы бір жылда нарық өседі деп үміттенеді.

Инвесторлар үш мәселеге алаңдаулы. Олар: жақындап келе жатқан экономикалық құлдырау (рецессия), Дональд Трамптың шетелдік тауарларға шектеу қойып, америкалық бизнесті қорғауға бағытталған саясаты және акциялардың негізсіз жоғары бағалануы.

Дегенмен, нарықтағы осындай жағымсыз көзқарасқа қарамастан, инвестициялық мүмкіндік көріп отырғандар да бар.

Жағымсыз көзқарас себептері

Наурыз-сәуір аралығында жүргізілген Barron's-тың Big Money сауалнамасы инвесторлар арасындағы көңіл күйдің күрт нашарлағанын көрсетті. Нарықтың құлдырайтынына сенетін инвесторлар үлесі 32%-ға жетті. Отыз жылға жуық уақыт ішінде мұндай көрсеткіш болмаған еді. Ал өткен жылдың күзімен салыстырғанда, нарық өседі деп үміттенетіндер екі есе азайып, 50%-дан 26%-ға дейін түскен. Қалған 42% әзірге нақты шешім қабылдамай, жағдайды бақылауды жөн көрген.

Көңіл күйдің бұзылуына басты себеп — АҚШ үкіметінің Қытайға қарсы баж салығын күшейтуі, бұл рецессия қаупін күшейтті. Сауалнамаға қатысқан мамандардың 80%-ы АҚШ-та экономикалық құлдырау болуы мүмкін деп есептейді. Трамптың сауда саясатын тек 20%-ы ғана қолдайды.

Нарыққа төнген басты қауіптер: экономикалық кідіріс – 24%, рецессия – 19%, АҚШ-тағы ішкі саяси тұрақсыздық – 14%.

Инвесторлардың 58%-ы нарықтағы акциялар шектен тыс қымбат, ал тек 4%-ы ғана олар бағаланбай отыр деп есептейді. Barron's мәліметінше, инвестициялық қорларды басқаратын мамандардың клиенттері бұдан да өткен пессимистік көзқарас танытып отыр. Көпшілігі нарықтың құлдырауын күтуде. Сол себепті инвесторлар қауіпсіз, қорғаныс құралдарына көшіп жатыр.

Сарапшылар не дейді?

CFS Investment Advisory Services компаниясының негізін қалаушы Харрис Нидик: «Трамп баж салығын асыра енгізіп жіберген болуы мүмкін. Бұл — менің мансабымдағы ең түсініксіз әрі белгісіз кезеңдердің бірі».

Smead Capital өкілі Билл Смид: «Нарықта акция өсіміне деген шамадан тыс сенім бар еді. Бірақ жаңа тарифтер өндіріс пен тұтыну секторындағы акциялардың жаппай сатылуына алып келді».

SK Wealth Management инвестиция директоры Мэттью Нейланд: «Компаниялар әрекетсіз қалды. Ұзақмерзімді инвестицияға бару керек пе, әлде қысқа мерзімге ойнау керек пе? Басшылар, міне, соны білмей отыр».

Integrity Asset Management өкілі Джо Гилберт: «Баж салығы жағдайды тығырыққа тіреді. Осындай белгісіздікте сенімді сақтау қиын, ал экономика үшін басты қозғаушы күш — сенім».

Инвесторлар қандай активтерге көшіп жатыр?

Forester Value компаниясының өкілі Том Форестер Agnico Eagle Mines және Alamos Gold алтын өндіруші компанияларына үміт артады. Оның айтуынша, бұл екі компания нарықта дұрыс бағаланбай отыр және мұнай бағасының төмендеуінен ұтып жатыр. Ал Oppenheimer сарапшыларының пікірінше, инвестор портфеліндегі алтынның аз да болса үлесі — орынды шешім қабылдағанына дәлел. Бас инвестициялық стратег Джон Столцфустың айтуынша, қазір бағалы металл құнының өсуіне Қытай, Үндістан және басқа да дамушы елдердің орталық банктері жүргізіп жатқан белсенді алтын сатып алу жағдаяттары әсер етіп отыр. Бұл елдер доллардан тәуелділікті азайтуды көздейді.

Қандай басқа активтер ұсынылады?

Кейінгі алты айда сауалнамаға қатысқандардың 75%-ы облигациялар үлесін арттырған.

Hunter Associates басшысы Эрика Снайдердің болжауынша, жазда АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі мөлшерлемені бірнеше рет төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдай бұрын шығарылған, жоғары пайызбен берілген облигацияларға қызықтыра түседі. Сонымен қатар шетелдік активтерге қызығушылық артып келеді. Сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы АҚШ-тан тыс нарықтарды қолайлы деп есептейді. «Қазір шетелдік акциялар әлдеқайда тиімді, өйткені доллар әлсіреп, еуро нығайып жатыр», - деді Zhang Financial өкілі Чарльз Чжан. Оның таңдауы — iShares MSCI EAFE Value және Vanguard FTSE Emerging Markets қорлары.

Технологиялық акцияларға сұраныс бар ма?

Иә. Amazon, Meta, Alphabet сияқты технологиялық алыптар тұрақты табысы мен сенімді өсімі арқасында инвесторлардың назарында қалып отыр. Vanguard өкілі Шэрон Хилл банк пен фармацевтика секторындағы дивидендтік акцияларды қолдайды. «Қазіргідей төмендеген сәтте акция сатып алудан қорықпау керек. Мен нарық 2–3 жыл ішінде қайтадан өсе бастайды деп ойлаймын», - деді Technomart Advisors өкілі Джозеф Парнес.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары