БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорк таңы: АҚШ-Қытай келісімдері «бұқаларға» демеу беруде

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорк таңы: АҚШ-Қытай келісімдері «бұқаларға» демеу беруде

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығындағы оқиғаларға шолу және болжам.

Біз күтеміз

Осы дүйсенбіде негізгі сессия ашылар алдындағы басты ақпараттық себеп — демалыс күндері өткен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің оң нәтижелері. Тараптар Қытай тауарларын АҚШ-қа әкелуге салынатын кедендік баж салықтарын 90 күнге 145 %-дан 30 %-ға дейін (АҚШ президенті Дональд Трамп фентанил жеткізілімдері үшін енгізген алымдар өзгеріссіз қалды) және АҚШ тауарларына Қытайдағы тарифті 125 %-дан 10 %-ға дейін төмендетуге келісті. Келісім 14 мамырда күшіне енеді. Келіссөзге қатысушылар қарым-қатынастардың тұрақтылығын қолдауға мүдделі екендерін білдірді. 12 мамыр күні негізгі сессия жабылғаннан кейін АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің сұхбаты жарияланып, онда өткен диалогтың егжей-тегжейі ашылады деп күтілуде.

Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетт осы аптада басқа елдермен де жаңа сауда келісімдері жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ал Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба АҚШ-тың барлық тарифтерін жоюға қол жеткізетінін растады (Reuters). Еуроодақтың қатаң реттеуі, соның ішінде гормонмен өңделген сиыр етін әкелуге тыйым, Вашингтонмен диалогтағы түйткіл болып қалып отыр. Келіссөздер барысының мән-жайы мен компаниялардың есептері күн ішінде негізгі бағамдардың бағытын айқындайды.

Бүгін АҚШ федералдық бюджетінің ай сайынғы орындалу есебі жарияланады. Консенсус $256 млрд профицитті болжап отыр (алдыңғы айда −$160,5 млрд). Алайда бұл деректер саудаға айтарлықтай әсер етпеуі мүмкін.

S&P 500 құрамындағы компаниялардың 90%-дан астамы тоқсандық есептерін ұсынды. Бүгін негізгі сессия басталғанға дейін NRG Energy (NRG), Fox Corporation (FOX), Monday.com (MNDY), Essential Utilities (WTRG) нәтижелері жарияланады, ал постмаркетте Simon Property Group (SPG), Davita (DVA) және Standardaero (SARO) есептері шығады.

АҚШ индекстерінің фьючерстері плюста саудалануда. Сауда қақтығыстарының бәсеңдеуі тәуекел ұстанымын қолдайды. Ресми тұлғалардың келіссөздер барысы туралы қосымша сигналдары инвесторлардың көңіл-күйін түзетуі мүмкін. S&P 500 қозғалысын 5640–5830 пункт ауқымында (9 мамыр жабылу деңгейінен −0,4 %-дан +3 %-ға дейін) күшейген құбылмалылықпен болжаймыз (от −0,4% до +3% к уровню закрытия 9 мая)[MP1].

Басты назарда

— OpenAI Microsoft-пен (MSFT) жаңа қаржы тарту және IPO өткізу туралы келіссөз жүргізуде.

— Eli Lilly (LLY) SURMOUNT-5 үшінші фазасының нәтижелерін жариялады: Zepbound (тирзепатид) препараты Novo Nordisk-тің Wegovy (семаглутид) дәрісіне қарағанда семіздікпен күресте жоғары тиімділік көрсетті.

— Трамп рецептпен сатылатын дәрілер бағасын 30%–80%-ға төмендету туралы жарлыққа қол қоюды жоспарлауда. Бұл жаңалық күні бойы фармация секторындағы акцияларға қысым жасауы мүмкін.

— Федералдық сот Аризонадағы жер телімін мыс кенішін салу үшін Rio Tinto-ға (RIO) беруді уақытша тоқтатып, штаттың жергілікті халқының талабын қолдады.

— Alphabet (GOOGL) пайдаланушылардың орналасуын қадағалау және биометриялық деректерді келісімсіз сақтау жөніндегі екі сот талабын реттеу үшін Техас штатына шамамен $1,4 млрд төлейді.

Өткен апта соңындағы нарық

9 мамырдағы АҚШ биржаларындағы сауда аздаған минуспен аяқталды. S&P 500 0,07 %-ға, Nasdaq 100 0,01 %-ға төмендеді. Dow Jones 0,29 %, ал Russell 2000 0,16 % құлады. Кең нарық индексіне кіретін секторлардың көпшілігі «жасыл» аймақта болды. Теріс аймақта: денсаулық сақтау (XLV: −1,09 %), ІТ (XLK: −0,12 %), коммуникация (XLC: −0,51 %) және үнемі тұтынатын тауарлар (XLP: −0,58 %). «Қорқыныш индексі» VIX 2,58 %-ға түсті. Нөлге жуық динамика демалыс күндері Швейцарияда өтетін АҚШ-ҚХР келіссөздерін күтумен байланысты болды.

ФРС басшылығы өкілдерінің көптеген түсініктемелері FOMC-тың мамыр отырысынан кейінгі мәлімдемелерді қайталады. ФРЖ төрағасының қадағалау жөніндегі орынбасары Майкл Барр Ақ үй тариф саясаты жеткізу тізбегін бұзып, инфляцияны күшейтіп, экономиканы баяулататынын және жыл ішінде жұмыссыздықты арттыратынын атап өтті. FOMC-тың дауыс беруші мүшелері Ричард Уильямс пен Адриана Куглер де ЖІӨ өсімінің төмендеуін болжайды. Уильямс, бұдан бөлек, жоғары инфляция және жұмыссыздық тәуекелін көрсетті. Ричмонд ФРБ президенті Томас Баркин тұтыну шығындары мен бизнес инвестицияларының жоғары екенін айтып, компаниялар импорт тарифтеріне байланысты бағаларды көтермейді деп болжауда. Чикаго ФРБ басшысы Остен Гулсби АҚШ-тың пандемия салдарынан туындаған жоғары инфляциямен күресін жалғастырып жатқанын айтты.

Компания жаңалықтары

— Monster Beverage (MNST: +1,4 %) бірінші тоқсандық EPS-ті нарық күткен деңгейде жариялады. Компания кірісі консенсустан төмен болды, бірақ маржа қолайсыз ауа райы, валюта ауытқуы және алкоголь сегментіндегі сатылымның төмендеуіне қарамастан, күткендегіден жоғары. Басшылық бөлшек саудадағы трендтердің тұрақтылығын атап өтті.

— Cloudflare-дің (NET: +6,5 %) тоқсандық кірісі мен операциялық пайдасы консенсустан жоғары шықты. Ағымдағы тоқсанға арналған қоденс нарық күтілімдерімен сәйкес, жылдық бағдар өзгеріссіз қалды.

— Microchip Technology (MCHP: +12,6 %) төртінші қаржылық тоқсанның EPS және кірісі бойынша болжамнан асып түсті; келесі кезеңге арналған гиденс те қуантты. Басшылық кірістің «түбіне» жеткенін, қорлардың қалыпқа келгенін, book-to-bill коэффициенті үш жылдан бері алғаш рет 1-ден жоғарылағанын айтты. Сондай-ақ тапсырыстардың өсуі мен клиенттердің белсенділігі артып келе жатқаны хабарланды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары