БастыЖаңалықтар
Бөлісу

АҚШ-тың Қаржы министрлігі ФРЖ төрағалығына үміткерлердің соңғы тізімін жариялады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

АҚШ-тың Қаржы министрлігі ФРЖ төрағалығына үміткерлердің соңғы тізімін жариялады

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) жаңа төрағасы қызметіне үміткерлердің соңғы бестігін атады, деп хабарлайды Bloomberg. Министрдің айтуынша тізімге ФРЖ басқарушылар кеңесінің қазіргі мүшелері Кристофер Уоллер мен Мишель Боуман, ФРЖ-ның бұрынғы мүшесі Кевин Уорш, Ақ үй жанындағы Ұлттық экономикалық кеңестің директоры Кевин Хассет және BlackRock компаниясының жоғары лауазымды менеджері Рик Ридер енген.

Бессент бұл туралы 27 қазанда АҚШ президентінің Air Force One ұшағында журналистерге мәлімдеді. Ол үміткерлермен қосымша сұхбат өткізіп, Алғыс айту күнінен кейін президент Дональд Трампқа «лайықты тізім» ұсынуды жоспарлап отырғанын айтты.

Өз кезегінде Трамп журналистерге жыл соңына дейін өз таңдауын жариялауды көздеп отырғанын мәлімдеді. «Қазір бізде онша ақылды емес адам бар», — деді ол, қазіргі ФРЖ басшысы Джером Пауэллді тағы да сынға алып. Трамп Пауэллді пайыздық мөлшерлемелерді батыл төмендетуден бас тартқаны үшін экономикалық өсімді тежеді деп айыптады. Сонымен қатар АҚШ президенті Бессенттің өз қызметін тастап, ФРЖ-ға ауысу жоспары жоқ екенін атап өтті.

Bloomberg-тің болжамынша 2026 жылдың басында ФРЖ басқарушыларының бірі босайтындықтан, жаңа төраға осы орынға тағайындалуы мүмкін. Пауэллдің ФРЖ төрағасы ретіндегі өкілеттігі 2026 жылғы мамыр айында аяқталады.

Келесі ФРЖ отырысы 28–29 қазанда өтеді. CME FedWatch-тың дерегінше нарық қатысушылары қазір қазан айында пайыздық мөлшерлеменің 0,25 пайыздық тармаққа төмендеуін және желтоқсанда тағы осындай көлемде қысқартылуын дерлік 100 пайыз ықтималдықпен болжап отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары