БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Alibaba Қытайдың телеком-гигантына чип жеткізеді. Бұл ЖИ нарығына қалай әсер етеді?

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Alibaba Қытайдың телеком-гигантына чип жеткізеді. Бұл ЖИ нарығына қалай әсер етеді?

Alibaba акциялары өсті, себебі Қытайдың екінші ірі телеком-операторы China Unicom жаңа дата-орталығында Alibaba әзірлеген жасанды интеллект чиптерін қолданатыны хабарланды. Сонымен қатар The Financial Times Қытай билігінің Nvidia чиптерін сатып алуды тоқтатуды ұсынғанын хабарлады. Бұл импортты алмастыру бағытын күшейтіп, Alibaba жобаларының маңызын арттырды. Осы жаңалықтардан кейін Hang Seng Tech индексі соңғы төрт жылдағы ең жоғарғы деңгейіне жетті.

Егжей-тегжейі

Alibaba өзінің ЖИ чиптеріне ірі клиент тапты, деп жазды Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары және CNBC дереккөзі.

China Unicom телекоммуникациялық компаниясы Alibaba-ның жартылай өткізгіш бөлімшесі Pingtouge (T-Head) әзірлеген ЖИ жеделдеткіштерін қолданбақ. Чиптердің өзі сатылмайды, клиенттер олардың қуатына бұлтты сервистер арқылы қол жеткізеді.

Alibaba акциялары Гонконгта 5,2%-ға, Нью-Йорктегі депозитарлық жазбалар 2,3%-ға өсті.

Бұл неге маңызды?

China Unicom жаңа дата-орталығында Alibaba-ның есептеу қуатын қолданады, деп жазды CNBC. Сондай-ақ ол жерде MetaX пен Biren Technology секілді жергілікті өндірушілердің чиптері орнатылады.

Alibaba үш жыл ішінде 380 млрд юань ($53,5 млрд) инвестиция салып, ЖИ инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл АҚШ технологиясына тәуелділікті азайтуға бағытталған. Қытай өз ЖИ-чиптерін дамытуға тырысуда, өйткені Nvidia-ға қолжетімділік белгісіз күйінде қалуда. FT дерегінше, регулятор жергілікті компанияларға америкалық чиптерді сатып алуды тоқтатуды талап еткен.

Бұған дейін Пекин Nvidia-ны монополияға қарсы заңды бұзды деп айыптады. Компания барлық талаптарды сақтайтынын және билікпен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Инвесторлардың сенімі

Alibaba, Tencent, Baidu, JD.com сияқты компаниялар ЖИ-ға қарқынды инвестиция құйып жатыр. Соның арқасында Hang Seng Tech Index 17 қыркүйекте 4,2%-ға көтеріліп, 2021 жылғы қарашадан бергі ең жоғарғы деңгейде жабылды. Ең үлкен өсім Baidu акциясында болды — ол 16%-ға қымбаттады.

Индекс жеті апта қатарынан өсіп келеді, жыл басынан бері 42%-ға көтерілді. Инвесторлар қытайлық компаниялардың ЖИ-дағы салымдары нәтиже береді деп сенеді.

Saxo Markets-тің инвестициялық стратегия жөніндегі жетекшісі Чару Чанана: «Қытайлық техкомпаниялар ЖИ-ға шығындарын арттырып, жаңа өнім шығарып жатыр: ЖИ модельдер, роботакси, өз чиптері. Олар технологияны күткеннен жылдам ақшаға айналдыра алатынын дәлелдеді. АҚШ-пен салыстырғанда бағалау төмен болғандықтан, инвесторлар Қытайға қайта қарай бастады», — деді.

Bloomberg Intelligence дерегінше, Alibaba, Tencent, Baidu және JD.com ЖИ-ға 2025 жылға қарай 32 млрд доллар инвестиция салмақ. 2023 жылы бұл көрсеткіш 13 млрд доллар болған.

Контекст

16 қыркүйекте Alibaba негізін қалаушы Джек Ма антимонополиялық қысымнан кейін компания жұмысына қайта араласа бастағаны белгілі болды. Ол бірнеше рет компания кампусында көрінді, бұл оның қайтып келуі мүмкін деген сыбыс тудырды.

Bloomberg атап өткендей, бұл Пекиннің 2020-жылдардың басындағы қатаң реттеуден кейін интернет-гиганттарға қатысты саясатын жұмсартқанын білдіреді.

Қазір компанияны Ма-ның серіктестері Джо Цай мен Эдди Ву басқарады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары