БастыSmall Caps
Бөлісу

Эмодзи энциклопедиясын жасаған компанияның акциялары 24% төмендеді

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Эмодзи энциклопедиясын жасаған компанияның акциялары 24% төмендеді

Эмодзилер энциклопедиясын жасап, сонымен қатар мобильді телефондарға арналған рингтондар мен тұсқағаздар сататын шағын компания Zedge акциялары 28 қазанда 24%-дан астамға арзандады. Бұған компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштерінің төмендегенін хабарлаған есеп себеп болды. Тіпті бизнесті дамытуға арналған жоспар да инвесторлардың сенімін қайтара алмады.

Егжей-тегжейі

28 қазанда Zedge акциялары 24,3%-ға арзандап, бір акция бағасы $2,87 болды. Компанияның нарықтық құны $39,1 миллионға дейін қысқарды.

Сауда басталар алдында компания 31 шілдеде аяқталған 2025 қаржылық жылындағы көрсеткіштері нашарлағанын хабарлады. Түсім 2,3%-ға төмендеп, $29,4 миллион болды. Ал бір акцияға шаққандағы таза табыс 62%-ға құлдырап, $0,05 миллионға дейін азайды.

Компанияда не болды?

Zedge – өзімен аттас мобильді қосымшаның, эмодзилерге арналған Emojipedia энциклопедиясының және фотосүйер қауымға арналған GuruShots онлайн-челленджінің иесі. Компания үш бағыт арқылы табыс табады: жарнама сату, сандық тауарлар мен қызметтер, жазылым.

Zedge бас директоры Джонатан Райхтың айтуынша, табыстың төмендеуіне себеп болған негізгі фактор – АҚШ-тағы TikTok-тың болашағына қатысты белгісіздік. 2024 жылы TikTok арнайы жарнама платформаларында ең ірі жарнама беруші болған. Алайда АҚШ-та қызметіне тыйым салу қаупі туындаған соң, шығындарын күрт қысқартқан. Қыркүйек соңында Дональд Трамп TikTok-тың елде қалуын көздейтін жарлыққа қол қойды. Трамптың айтуынша, мәміле 30 қазанда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде аяқталуы мүмкін.

Компания шығындарын азайту үшін де бірқатар шара қабылдаған. Қызметкерлер санын 22%-ға қысқартты, Норвегиядағы бөлімшесін жапты, қызметті Литва мен Израильге біріктірді. Сонымен қатар, 2022 жылы GuruShots бизнесін сатып алуға берілген бонустар да әсер етті. Райх мұндай шығындар енді қайталанбайды деп сендірді. Оның пікірінше, бұл өзгерістер 2026 жылы табыстылықты және еркін ақша ағынын жақсартуға мүмкіндік береді.

Zedge жағдайды қалай өзгертпек?

Райх 2026 қаржылық жылын «өсімді ынталандыру үшін инновация жылы» деп атады. Компания жаңа өнім тұжырымдамаларын жылдам сынап көруге және жасанды интеллектті қолдануға жауапты команда құрды. Әр өнім арнайы көрсеткіштер бойынша бағаланып, оған инвестицияны жалғастыру немесе жобаны тоқтату туралы шешім қабылданады. Бұл тәсіл шығындарды бақылауда ұстауға көмектеседі дейді Райх.

Сондай-ақ, компания жақында іске қосқан Tapedeck музыкалық платформасы арқылы жаңа табыс көзін күтіп отыр. Бұл платформада авторлар өз тректерінің бағасын өздері қоя алады. Мұнда жарнама, жазылым және ақылы мүмкіндіктер арқылы табыс табу көзделген.

Тағы бір перспективалық жоба – DataSeeds.AI деп аталатын деректерді тексеру платформасы. Бұл қызмет бизнес-клиенттерге арналған. Компания алғашқы келісімшартты 2025 жылы жасаған және қазір тағы бірнеше клиентпен келіссөз жүргізіп жатыр. Райх бұл бастамалар компания үшін ұзақ мерзімді құн қалыптастырады деп есептейді.

Акциялардың жай-күйі

Жыл басынан бері Zedge акциялары небәрі 6,7%-ға қымбаттаған. Соңғы үш айда олардың бағасы 30%-ға төмендеген. MarketWatch мәліметіне сәйкес, Уолл-стритте компанияны тек бір ғана сарапшы бақылап отыр. Ол акцияларды сатып алуға кеңес береді. Оның бағалауы бойынша, акциялар $5-қа дейін өсуі мүмкін, бұл қазіргі бағамен салыстырғанда 74% өсім болады деген сөз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары