БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Klarna IPO-сы: Еуропаның ең қымбат финтех-стартаптарының бірі саудаға шықты

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Klarna IPO-сы: Еуропаның ең қымбат финтех-стартаптарының бірі саудаға шықты

Онлайн-тауарларды бөліп төлеу сервисіне маманданған еуропалық финтех-стартап Klarna акцияларының алдын ала саудасы Freedom клиенттеріне арналған жүйеде KLAR.US тикерімен басталды. IPO Klarna 2025 жылы Уолл-стриттегі ең ірі орналастырулардың бірі болды. Компанияның қағаздары сәрсенбі күні кешірек Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) пайда болады.

Егжей-тегжейлі

Klarna және оның акционерлері NYSE-ге 1,37 млрд доллар тартып, 34,3 млн акцияны бір қағазы үшін 40 доллардан орналастырды. Бұл белгіленген баға диапазонының (35–37 доллар) жоғарғы шегінен де жоғары. Нәтижесінде компанияның нарықтық құны 15,1 млрд доллар болды.

Klarna-ның листингі Нью-Йорктегі 2025 жылғы қаражат тарту көлемі бойынша төртінші болды. Алдында тек Venture Global (1,75 млрд доллар), CoreWeave (1,5 млрд доллар) және SailPoint (1,38 млрд доллар) тұр. IPO-дың негізгі андеррайтерлері — Goldman Sachs, JPMorgan Chase және Morgan Stanley.

Компанияның өзі 5,6 млн акция сатса, акционерлері, соның ішінде Sequoia Capital, Heartland A/S және басқалары 28,8 млн акция орналастырды.

Жалпы 1,37 млрд доллардың ішінен Klarna-ның үлесіне тек 200 млн доллар тиеді, қалған 1,17 млрд доллар акцияларын сатқан акционерлерге түседі, деп жазды CNBC.

Компания несімен қызықты?

Klarna 2005 жылы Стокгольмде құрылды, бірақ 2024 жылы тіркеу орнын Лондонға ауыстырды. Компанияға кеңінен танымалдық әкелген сервис — «қазір ал, кейін төле» (Buy Now Pay Later, BNPL) моделі. Ол әсіресе пандемия кезінде онлайн-шопингтің жаппай өсуінде үлкен сұранысқа ие болды.

Стартап Visa-мен серіктестікте шығарылған Klarna Card картасын және сатып алуларға кешбэк беретін мобильді қосымшаны ұсынады. 2025 жылдың шілдесінде Klarna-ның 111 млн белсенді қолданушысы және 26 елде 790 мың сауда серіктесі болды.

Klarna-ның соңғы қаржылық есебі кірістің де, шығынның да өскенін көрсетті. IPO проспектісі бойынша 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында компания кірісі 15%-ға өсіп, 1,5 млрд долларға жетті. Бірақ таза шығын 152 млн долларды құрады — бұл былтырғыдан бес есе көп. Дегенмен, 2024 жылды Klarna 21 млн доллар пайдамен аяқтады (2023 жылы 244 млн доллар шығын болған еді).

Компания алғаш рет IPO-ға 2021 жылы шығуды жоспарлап, өзін шамамен 50 млрд долларға бағалаған. 2022 жылғы инвестициялық раундта инвесторлар бағасын 46 млрд долларға дейін жеткізгенімен, бір жылдан кейін ол 6,7 млрд долларға дейін құлдырады. 2024 жылдың қазанында Deutsche Bank компанияны 14,6 млрд долларға бағалады, ал қарашада Klarna IPO-ға алдын ала өтінім берді. Алайда 2025 жылдың сәуірінде АҚШ бастаған сауда соғысынан кейінгі нарықтық турбуленттікке байланысты орналастыруды кейінге қалдырды.

Аналитиктердің пікірі

Freedom Broker аналитигі Әлем Бектеміров Klarna акцияларына Buy (сатып алу) рейтингін берді. Оның есебінше компанияның әділ нарықтық құны шамамен 18,4 млрд доллар, яғни бір акция үшін 48 доллар. Бұл баға орналастыру деңгейінен 20% жоғары әлеует береді.

Bankless Times пікірінше BNPL қызметтеріне сұраныс сақталып отырғандықтан, Klarna ұзақ мерзімге тартымды инвестиция болуы мүмкін. Басылым Forge Global деректерін келтіріп, 2023 жылдың басынан бері Klarna акцияларының бағасы екі есеге өскенін, ал 2024 жылы компанияның алғаш рет табысқа шыққанын атап өтеді. «Ең ықтимал сценарий: IPO-дан кейін акция бағасы тез көтеріледі, содан кейін lock-up мерзімі біткенге дейін төмендейді, ал уақыт өте келе қайтадан өседі», — делінген мақалада.

Kiplinger жеке инвесторларға аса сақ болуды ұсынады: егер IPO-дан кейін бірден сатып алса, онда тек шағын сомаға және алдын ала ойластырылған жоспарға сәйкес. Өйткені, әдетте акциялар листингтің алғашқы күнінде жақсы нәтиже көрсеткенімен, жаңа эмитенттердің бірінші жылғы табыстылығы әлсіз болады деп жазады басылым Trivariate Research дерегіне сілтеме жасай отырып.

Forbes-тың колумнисі, консалтингтік компания негізін қалаушы Питер Кохан ең орынды тактика — күту екенін айтады. Ол үш себеппен IPO кезінде сатып алмауды ұсынады: кірістің баяу өсуі және рентабельділіктің жоқтығы, қатаң бәсеке, сондай-ақ жасанды интеллектіні шамадан тыс пайдалану себебінен клиенттерге қызмет көрсетуде қиындықтар туындауы мүмкін. Оның айтуынша, шешімді инсайдерлерге қойылған алты айлық шектеу (lock-up) біткеннен кейін ғана қабылдаған жөн. Barron’s та инвесторларды шығындар жалғасып жатқанына және lock-up мерзімі аяқталған соң акциялардың сатылуы не құбылмалылығының күшею қаупіне байланысты сабыр сақтауға шақырады.

Ал New Constructs негізін қалаушы Дэвид Трейнер Forbes-та жарияланған мақаласында тіпті қатаң ескерту жасады: Klarna акцияларын «қазір де, кейін де алмау керек». Оның айтуынша, IPO ерте инвесторларға қымбат бағаланған акцияларды бейхабар қатысушыларға сатып, пайдасын бекіту тәсіліне көбірек ұқсайды. Компания көптеген ұқсас сервистермен бәсекеге түсіп отыр, рентабельділікті көтеру үшін күрес жүргізуде және әзірге тұрақты пайда әкелмей отыр. Трейнердің есебінше, компанияға болжамды 13,5 млрд доллар бағасын ақтау үшін кірісті жыл сайын орта есеппен 24%-ға өсіріп, маржаны айтарлықтай жақсарту қажет, ал бұл «өте екіталай».

Freedom клиенттері Klarna акцияларын негізгі биржалық сессия ашылмай тұрып сатып ала алады. Сауда АҚШ биржалары ашылудан 2–3 сағат бұрын (Астана уақытымен 15:30–16:30) ерте премаркет форматында басталады. Қатысу үшін KLAR.US тикерін басыңыз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары