БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Лабубу өндіруші Pop Mart акциялары биыл 180%-ға өсті. Қазір сатып алу кеш пе?

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Лабубу өндіруші Pop Mart акциялары биыл 180%-ға өсті. Қазір сатып алу кеш пе?

HSBC мен Citi сарапшылары қытайлық вирус ойыншықтарын шығаратын Pop Mart компаниясына әлі де сеніммен қарап отыр. Жақында болған түзетулерге қарамастан, олар компанияда жаңа ойыншықтар сериясын шығару мен Азия нарығындағы мықты позициялары арқасында әлі де өсім әлеуеті бар деп санайды.

Егжей-тегжейлі

Barron’s дерегі бойынша соңғы бір айда Pop Mart акциялары 9%-ға төмендегенімен, екі ірі қаржы сарапшысы бұл компанияның құнды қағаздарына әлі де сеніммен қарап, сатып алуға кеңес беруде.

HSBC Global Research сарапшысы Лина Янның айтуынша Pop Mart жаңа ойыншықтар мен серияларды іске қосу арқылы тұтынушылардың қызығушылығын сақтап қала алады. Компанияның танымал Лабубу құбыжықтарынан бөлек, өнімге айналдыруға болатын он шақты басқа да кейіпкерлері бар. Ян Pop Mart акцияларына «Сатып алу» деген ұсыныс берді.

Citi сарапшысы Лидия Линг те компания бағасы тартымды деңгейге жетті деп санайды. Әсіресе акциялардың жақында арзандауы инвесторлар үшін тиімді кіру нүктесін ұсынды, дейді ол.

«Жақында болған түзетуден кейін акция бағасы инвестиция үшін тартымды бола түсті. Біз табыс өсімі есебінен акциялардың оң серпінін күтеміз», – деп жазды Лидия Линг.

Компания қарқыны

15 шілдеде Pop Mart 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында табысын үш есе арттыруды күтетінін мәлімдеді. Бұл – Лабубу брендінің бүкіләлемдік сұранысына байланысты. Өткен жылдың сол кезеңінде компанияның табысы 4,56 млрд юаньды ($635 млн), ал таза пайдасы 964 млн юаньды ($134 млн) құраған.

17 шілдеде Гонконг биржасында Pop Mart акциялары шамамен 1%-ға арзандады. Алайда жыл басынан бері олардың құны 180%-ға, ал соңғы 12 айда 565%-ға өсті. Қазір компанияның нарықтық құны шамамен $43 млрд. Бұл — америкалық ойыншық өндірушілер Hasbro ($10,49 млрд) және Mattel ($6,29 млрд) компанияларынан әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Қандай қауіптер бар?

Инвесторлар арасында қазіргі өсім шегіне жетті ме деген алаңдаушылық пайда болды. Бұл Pop Mart акцияларының соңғы айда 9%-ға төмендеуіне себеп болды. Barron’s басылымы ескерткендей, келесі жылы компанияның қазіргі жетістігін қайталауы қиындауы мүмкін.

Оған қоса, Pop Mart Солтүстік Америка нарығына шығуға тырысып жатқанымен, бұл бағытта жаңа импорттық баж салығы кедергі келтіруі мүмкін. Себебі компанияның өнімдерінің басым бөлігі Қытайда жасалады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары