БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Макрон Лекорнды қайтадан Франция премьер-министрі етіп тағайындады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Макрон Лекорнды қайтадан Франция премьер-министрі етіп тағайындады

Франция президенті Эммануэль Макрон төрт күн бұрын отставкаға жіберген Себастьен Лекорнды қайтадан премьер-министр етіп тағайындады, деп хабарлайды Bloomberg. Осылайша, Макрон серіктесіне жаңа министрлер кабинетін жасақтауға және бөлінген парламентте 2026 жылдың бюджетін өткізуге тағы бір мүмкіндік берді, дейді агенттік.

Лекорнды қайта тағайындау — Макронның мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуден қашып, елдегі саяси жағдайды ушықтырмау үшін жасаған әрекеті болуы мүмкін, деп жазады Bloomberg. Ұлттық жиналыс әлі 2026 жылдың бюджетін бекіткен жоқ, сондықтан парламентті тарату ЕО-ның екінші ірі экономикасы саналатын Францияны одан әрі белгісіздікке ұрындыруы ықтимал, дейді Associated Press. Парламентті таратудың баламасы ретінде Макронның өзі отставкаға кетуі де қарастырылған, алайда Елисей сарайы бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Жаңа премьер-министр бюджетті дүйсенбі күні ұсынуы тиіс, сонда ол жыл соңына дейін әдеттегі тәртіппен қабылданады. Егер бұл орындалмаса, парламентке үкімет қаржыландыруын сақтау үшін арнайы заң жобасын қабылдауға тура келуі мүмкін.

Макронның ең жақын серіктестерінің бірі саналатын Себастьен Лекорн премьер-министр қызметіне алғаш рет 9 қыркүйекте тағайындалған еді. Алайда, бұл қызметте бар болғаны 27 күн ғана болды. 5 қазанда Лекорн негізінен Макронның бұрынғы үкіметінде жұмыс істеген «ардагерлерден» құралған жаңа министрлер кабинетін ұсынды. Бірақ бұл министрлер кабинеті қатты сынға ұшырап, 6 қазанда премьер отставкаға кетті.

Макронды қолдайтын коалиция 2022 жылы Ұлттық жиналыстағы абсолютті басым көпшілігінен айырылған, бұл президенттің бастамаларын ілгерілетуді қиындатады, деп жазады DW. 2024 жылы Еуропарламент сайлауындағы француз оңшылдарының жетістігінен кейін Макрон төменгі палатаға мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін жариялады. Соның нәтижесінде оның жақтастары бұрынғыдан да көп орыннан айырылды, ал Марин Ле Пеннің «Ұлттық бірлестік» партиясы өз позициясын нығайтты. Қазір үкіметтегі азшылық оппозицияның қарсылығына барлық мәселеде дерлік тап болды. Ле Пен партиясы жаңа парламент сайлауы өтпейінше, Макрон ұсынған кез келген премьердің отставкасы үшін дауыс беретінін мәлімдеді, деп жазады DW.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары