БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Meta-ны сатуды ұсынған жалғыз сарапшы. Ол неге акция өспейді деп ойлайды?

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Meta-ны сатуды ұсынған жалғыз сарапшы. Ол неге акция өспейді деп ойлайды?

BNP Paribas сарапшысы Meta Platforms акциялары соңғы құлдыраудан кейін «Керемет жетілік» арасындағы ең әлсіз нәтижені көрсетіп отыр және алдағы уақытта да артта қалуы мүмкін деп есептейді. Ол — Уолл-стриттегі Facebook пен Instagram иесінің акцияларын ЖИ саласындағы жоғары шығындар себебінен сатуды ұсынған жалғыз сарапшы. Оның болжамы бойынша Meta акциялары арзандайды.

Егжей-тегжейі

BNP Paribas сарапшысы Стефан Словински былтыр мамырдан бері Meta акцияларын сатуды ұсынуда. FactSet дерегіне сүйенсек, ол Facebook иесінің бағалы қағаздарына теріс баға берген жалғыз сарапшы болып отыр. Словинскидің айтуынша, компанияның өсім қарқыны бәсеңдеген сайын Meta нарықтан қалып қоя береді. Үшінші тоқсан есебінен кейін ол Meta акцияларының мақсатты бағасын 616 доллардан 580 долларға дейін төмендетті. Бұл 7 қарашадағы жабылу бағасынан шамамен 7% төмен.

Дүйсенбі күнгі саудада Meta Platforms акциялары 2%-ға өсіп, 634,4 долларға жетті.

BNP Paribas неге құлдырау күтеді?

«Біз бұрын айтқан қауіптер дәл қазір іске аса бастады», — деді Словински MarketWatch басылымына.

Сарапшының пікірінше, Meta-ның үшінші тоқсан нәтижелері мен акция бағасының төмендеуі компанияның ЖИ-ге белсенді инвестициялары пайдаға қысым жасап, акционерлер үшін құн қалыптастыруға кедергі болып жатқанын дәлелдейді.

«Компания Meta Superintelligence Labs бөлімін дамыту үшін тек капиталдық емес, операциялық шығындарға да көп қаржы құюда. Бұл маржа мен табыс өсіміне әсер етеді», — деді Словински. Оның айтуынша, капиталдық шығындар артқан сайын пайда маржасы төмендей бастаған. Соңғы тоқсанда Meta шығындары 32,1%-ға өсіп, операциялық маржа 42,7%-дан 40,1%-ға түсті.

Meta ЖИ инфрақұрылымы мен мамандарына салынатын инвестицияны екі еселеуді жоспарлап отыр. Словинскидің есебінше, бұл 2026 жылы компания пайдасының төмендеуіне әкеледі.

Сарапшыны әсіресе Meta-ның ЖИ инвестицияларын өз қаржысымен емес, облигациялар мен жеке несиелер арқылы қаржыландыруы алаңдатады.

Meta неге артта қалды?

Словинскидің ойынша, Meta-ның мұндай ірі инвестицияларының басты себебі ретінде ЖИ жарысында көшбасшыларды қуып жету ниеті. Компания бұған дейін метағаламды дамытуға назар аударып, генеративті ЖИ инвестицияларынан қалып қойған. Ал бәсекелестер өз ЖИ жүйелері мен чиптерін жылдар бойы жетілдіріп келген.

«Meta өз жартылай өткізгіштерін әзірлеуде де артта қалды», — дейді сарапшы. Google өз TPU чиптерін, ал Amazon Trainium мен Inferentia чиптерін белсенді пайдаланып отыр. Ал Meta-ның ЖИ-ге арналған арнайы чиптері әлі сынақ сатысында, сондықтан компания қымбат Nvidia шешімдеріне тәуелді.

Сонымен қатар Meta-ның бизнес үлгісі ЖИ арқылы табыс табуға бәсекелестерге қарағанда тиімсіз. Amazon мен Google ЖИ технологияларын коммерцияландыру үшін бұлтты сервистерге сүйенсе, Meta әлі де жарнама арқылы табыс табады.

Словински Meta-ны ЖИ саласында сәтсіз компания деп санамайды, бірақ басқа ірі компаниялардың тәуекел мен пайда арақатынасы тиімдірек дейді. Ол инвесторларға Amazon, Oracle және Microsoft акцияларын сатып алуды, ал Alphabet акцияларын ұстауды ұсынады.

«Негізінен, бұл бес ірі технологиялық компанияның бәрі, соның ішінде Meta да, ЖИ-ден ұзақ мерзімді пайда көреді деп ойлаймын», — деді Словински.

Басқа сарапшылар не дейді?

29 қазанда жарияланған тоқсандық есептен кейін Meta компаниясы ЖИ саласына шығынды көбейтетінін хабарлады, содан кейін акциялары 17,3%-ға құлдырады. Инвесторларды болашақтағы үлкен шығындар жоспары алаңдатты. Нәтижесінде Meta 2025 жылы «Керемет жетілік» арасындағы ең әлсіз акцияға айналды.

Дегенмен басқа сарапшылардың көбі Meta-ға оң көзқараста. Freedom Broker сарапшысы Сәкен Исмаилов 10 қарашада Meta акцияларының бағасын «бейтараптан» «сатып алуға» дейін көтеріп, мақсатты бағасын 800 доллар деңгейінде қалдырды. Ол акция бағасы компанияның ЖИ құралдарын жарнама мен пайдаланушыларды тартуда пайдалану әлеуетін әлі толық көрсетпей отырғанын айтты.

Deutsche Bank сарапшысы Бенджамин Блэк те 30 қазанда Meta акцияларын сатып алуды ұсынды. Оның мақсатты бағасы — 880 доллар. Ол Meta ЖИ саласында алда болу үшін «алдын ала көп ақша жұмсап жатыр», бірақ бұл ұзақ мерзімде өзін ақтайды дейді.

MarketWatch дерегіне сүйенсек, Facebook пен Instagram иесінің акцияларын бақылайтын 72 сарапшының 61-і сатып алуды, 10-ы ұстауды, ал тек біреуі сатуды ұсынады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары