БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Morgan Stanley Micron акциясын 120% раллиден соң сатып алуды ұсынды

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Morgan Stanley Micron акциясын 120% раллиден соң сатып алуды ұсынды

Morgan Stanley сарапшысы жылдың басынан бері 120%-дан астам қымбаттаған жартылай өткізгіш өндіруші Micron акциясының өсу әлеуеті әлі таусылған жоқ деп санайды. Банк чипмейкердің акциясы қазір тарихи максимумда саудаланып жатқанына қарамастан, рейтингін көтеріп, акцияны сатып алуға кеңес берді. Morgan Stanley компанияның пайдасы жасанды интеллект бумы арқасында алдағы тоқсандарда өседі деп күтеді.

Егжей-тегжейлі

«Ештен кеш жақсы» — дәл осылай Morgan Stanley сарапшысы Джозеф Мур Micron акциясын сатып алуға берген ұсынысын симаттады, деп жазады MarketWatch. Өз жазбасында ол компания рейтингін “Equal weight” (нарық деңгейінде) мәртебесінен “Overweight” (нарықтан жоғары) деңгейіне көтеріп, мақсатты бағасын $160-дан $220-ға дейін ұлғайтты. Жаңа таргет компанияның нарықтық құны алдыңғы сауда жабылудан тағы шамамен 17% өсімді білдіреді.

Morgan Stanley сарапшысының ұсынысы шыққан күні Micron жаңа рекорд орнатты: 6 қазандағы саудада акциясы шамамен 7% шарықтап, алғаш рет $200 межесінен асты. Жыл басынан бері жад чиптерін өндірушінің нарықтық құны 123% өсті.

Morgan Stanley неге Micron өсу әлеуетіне сенді?

Мурдың оптимизмі Micron компаниясының алдағы 6–12 айдағы мықты нәтижелерін күтумен байланысты. «Бұл ұзақмерзімді бағалауды қайта қараудан гөрі, қысқа мерзімді сатып алу сигналы,» — деп нақтылады сарапшы өз жазбасында.

Негізгі өсу драйверлері ретінде ол пайда болжамының жоғарылауын және жасанды интеллект секторы ұсынған ұзақмерзімді мүмкіндіктерді атады. «Micron бүкіл сектордың өсуімен бірге жаңа бағалау деңгейіне көтеріліп келеді. Біз бірнеше тоқсан қатарынан екі таңбалы баға өсімін күтеміз, бұл компания пайдасының айтарлықтай артуына және ЖИ үшін жоғары жылдамдықты HBM жад өндірісіне қатысты күмәнді сейілтуге әкелуі мүмкін», — деп жазды Мур (CNBC келтірген дерек). Оның есебінше, Micron пайдасы келесі жылы акциясына шаққанда $15-дан асады.

Сарапшының айтуынша, Micron-ның технологиялық базасы берік, ал нарықтағы позициясын жоғалту қаупі тым төмен. «Бұған дейін инвесторлар Nvidia HBM4 жадының жылдамдығына қойылған қатаң талаптары Micron-ды қиын жағдайға қалдырады деп алаңдаған, — деді сарапшы. — Біз Micron-ның [Nvidia-ға HBM жадын жеткізуші басты бәсекелесі] Hynix-тен жеткізу көлемі бойынша шамамен бір тоқсан артта қалуы мүмкін деп болжаймыз. Алайда, компания нарықтағы үлесін сақтап, TSMC-пен бірге жаңа HBM4E чиптерін шығара алса, бұл оның позициясына айтарлықтай әсер етпейді».

Уолл-стриттегі Micron туралы бағалау

MarketWatch дерегінше, Мур бұған дейін Micron компаниясына қатысты скептик сарапшылардың бірі еді. Қазір жад чиптерін өндірушіні қадағалайтын 40 сарапшының 35-і акциясын сатып алуды (Buy және Overweight) ұсынды, ұстауды (Hold) — 3 сарапшы жөн көрді, ал сатуды (Underweight және Sell) — 2 сарапшы ұсынды. Сонымен қатар, Уолл-стриттің ағымдағы мақсатты бағасы — $192,2 — шамамен нарықтағы котировкамен сәйкес келеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары