БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктағы таң: инвесторлар сақ қимылдап, тәуекелден бой тартады

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктағы таң: инвесторлар сақ қимылдап, тәуекелден бой тартады

Freedom Capital Markets Research зерттеу департаменті директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына арналған күнделікті шолуы және болжамы.

Не күтеміз

АҚШ-тың сауда министрі Говард Латник 1 тамыздан кейін де сауда серіктестері Вашингтонмен келіссөз жүргізе алатынын растады, алайда осы күннен бастап кедендік тарифтер толық күшіне енеді. Латын Америкасы, Кариб алабы және Африка сияқты шағын экономикалар үшін 10% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме белгіленген. Ал ЕО сынды ірі экономикалық блоктарға не нарықтарын ашу, не «әділ» баж салығын төлеу ұсынылады. Бұл мәлімдемелер АҚШ-тың сыртқы сауда саясатына қатысты белгісіздікті күшейтіп, әсіресе экспорт пен импортқа тәуелді салалар мен дамушы нарық активтеріне деген тәуекел тәбетін шектеуі мүмкін.

Инвесторлардың көңіл-күйіне қосымша қысым тудырып отырған жайт – Дональд Трамп пен ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл арасындағы шиеленіс. Себеп – ФРЖ-ның штаб-пәтерін қайта құру құнының $2,5 млрд-қа өсуі туралы ақпарат. Бұл жобаның заңдылығына күмән келтіру әрекеттері Пауэллді ауыстыруға негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдай FOMC-тің алдағы отырысы қарсаңында саяси шиеленісті күшейтіп отыр.

21 шілде, дүйсенбі күні маусым айына қатысты жиынтық жетекші экономикалық индикаторлар жарияланады (консенсус: -0,3% айлық, мамыр: -0,1%). Теріс үрдістің тереңдеуі АҚШ экономикасының өсу тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықты арттырып, циклдік сектордағы акциялардың қозғалысына әсер етуі мүмкін.

Негізгі сессия ашылғанға дейін Verizon Communications (VZ), Roper Technologies (ROP), Domino’s Pizza (DPZ) және Cleveland-Cliffs (CLF) өз есептерін жариялайды. Постмаркетте NXP Semiconductors (NXPI), AGNC Investment (AGNC), Steel Dynamics (STLD) және WR Berkley (WRB) нәтижелерін ұсынады.

АҚШ қор индекстеріне арналған фьючерстер оң бағытта саудалануда. Алдағы сессиядағы тәуекелдер тепе-теңдігін біз бейтарап деп бағалаймыз, құбылмалылық орташа деңгейде. S&P 500 индексінің қозғалысын 6250–6350 пункт аралығында күтеміз (алдыңғы сессияның жабылуымен салыстырғанда -0,7% пен +0,9% аралығы).

Назарда

— Nvidia (NVDA) басшысы Дженсен Хуанг компаниясының 75 мың акциясын $12,94 млн-ға сатты. Бұл – 6 млн акцияны сатуға бағытталған жоспардың бір бөлігі. Өткен аптада ол $37 млн көлеміндегі пакетін де өткізген болатын. Nvidia АҚШ-тан экспорттық лицензияларға рұқсат алғаннан кейін H20 чиптерін Қытайға жеткізуді жалғастыратынын хабарлады. Алайда қытайлық серіктестерге бұл өнімнің қоры шектеулі екенін ескертті.

— Илон Маск xAI компаниясының Baby Grok атты балаларға арналған, қауіпсіз мазмұн ұсынатын жаңа қосымшасын таныстырды. Бұл қадам Grok 4 чат-ботына қатысты сынға жауап ретінде жасалды. Жоба xAI беделін арттырып, Tesla (TSLA) акцияларына да жанама әсер етуі мүмкін.

— Block (XYZ) акциялары шамамен 10% өсіп отыр. Себебі компания S&P 500 индексіне қосылып, бұрынғы мүшесі Hess (HES) орнына келеді. Hess жақында Chevron Corp (CVX) тарапынан сатып алынған.

— Cava Group (CAVA) Мичиганда алғашқы мейрамханасын ашып, өз желісін 28-штатқа жеткізді. Компания Орта Батыста белсенді кеңеюін жалғастырып, 2032 жылға дейін 1000 нүктеге жетуді көздейді.

Алдыңғы сессиядағы нарық динамикасы

18 шілдедегі сауда АҚШ қор нарығында аздаған минуспен аяқталды. S&P 500 0,01%-ға, Nasdaq 100 — 0,07%-ға төмендеді. Dow Jones 0,32%-ға, ал шағын компаниялар индексі Russell 2000 — 0,61%-ға түсті. Жаңалықтардың әлсіз аясында сауда шектелген дәлізде өтті. «Ғажайып жетілік» акциялары аралас динамика көрсетті. Ең жақсы нәтиже Tesla-ға (TSLA: +3,21%) тиесілі болды. Кең нарықта коммуналдық сектор (XLU: +1,68%) алға шықты. Ал энергетика саласы (XLE: −0,81%) мұнай бағасының төмендеуі салдарынан артта қалды.

АҚШ-та маусым айындағы тұрғын үй құрылысы 1,321 млн үйге жетіп, күтулерден жоғары шықты. Сонымен қатар, мамыр айының көрсеткіші де жоғары қарай қайта қаралды. Бұл құрылыс саласында сәл де болса жандану барын білдіреді. Мичиган университетінің шілде айына арналған тұтынушылық көңіл-күйдің алдын ала бағасы да болжамнан асып түсті. Ақпаннан бергі ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Инвесторлар үшін инфляциялық күтулердің динамикасы ерекше маңызды болды: жылдық деңгей 0,6 п.т.-ға төмендеп, 4,4%-ды, ал бесжылдық көрсеткіш 0,3 п.т.-ға азайып, 3,6%-ды құрады. Дегенмен, бұл екі көрсеткіш те желтоқсанмен салыстырғанда жоғары күйде қалуда.

ФРЖ Басқарушылар кеңесінің мүшесі Кристофер Уоллер шілдеде мөлшерлемені төмендету керек деп мәлімдеді. Бірақ шешім макроэкономикалық деректерге байланысты қыркүйекке қалдырылуы да мүмкін екенін атап өтті. Соған қарамастан, нарық жақын арада ақша-несие саясатының жұмсаруы ықтималдығын әлі де төмен деп бағалайды.

Компания жаңалықтары

— American Express (AXP: -2,4%) табыс пен кіріс бойынша болжамнан жоғары нәтиже көрсетті және жылдық болжамды растады, бірақ инвесторлар болашақ өсімге қатысты алаңдаушылық танытты.

— 3M (MMM: -3,7%) компаниясының 2025 жылға болжамы жақсарғанымен және тоқсандық нәтижелері күшті болғанымен, тұтынушылық сегменттегі әлсіздік акция бағасының төмендеуіне себеп болды.

— Charles Schwab (SCHW: +2,9%) күткеннен жақсы есеп ұсынды: жаңа шоттардың өсуі, маржаның жақсаруы және клиенттік қалдықтардың қалпына келуі тіркелді.

— Schlumberger (SLB: -3,9%) табыс пен кіріс бойынша консенсусты басып озды, бірақ ақшалай ағынның әлсіздігі мен Солтүстік Америкадағы қысым акциялардың сатылымына себеп болды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары