Нью-Йорктегі таң: нарық назарында тарифтік толқындар
Сауда соғысы бәсеңдеді ме? Жаңа аптада америкалық акцияларға не әсер етуі мүмкін

Freedom Capital
Markets Research зерттеу бөлімінің директоры орынбасары Михаил Денисламовтың
күнделікті нарықтық шолуы мен болжамы.
Жұма күнгі
нарық
11 сәуір күні АҚШ
қор нарығындағы сауда-саттық оң нәтиже көрсетті, индекстер күндізгі максимумнан
сәл төмен деңгейде жабылды.
S&P 500 индексі 1,81% өсіп, 2023 жылдың қарашасынан бері ең табысты аптасын
аяқтады.
Nasdaq 100 — 1,89%-ға, Dow Jones — 1,56%-ға, Russell 2000 — 1,57%-ға өсті.
Алтын 2,1%-ға
қымбаттап, тағы да тарихи максимумын жаңартты. Апта ішінде оның бағасы 6,9%-ға
өсті, бұл 2020 жылдың наурызынан бергі ең жоғары апталық өсім.
Қытай АҚШ-тан
келетін бірқатар тауарларға тарифті 125%-ға дейін көтерді және алдағы уақытта
АҚШ-тың ықтимал әрекеттеріне жауап бермейтінін мәлімдеді. Соған қарамастан, жақын
арада жартылай өткізгіштерге (чиптерге) баж салығы енгізілуі мүмкін. Әлемдегі
екі ірі экономиканың бір-бірінен ажырауы тақырыбы инвесторлар арасында әлі де
қызу талқылануда.
Мичиган
университетінің деректері бойынша халықтың бір жылдық инфляциялық күтулері 44
жыл ішіндегі ең жоғары деңгейге – 6,7%-ға жетті. Ал тұтынушылық оптимизм 2022
жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге түсті. Осы жағдайға байланысты ФРЖ-нің
пайыздық мөлшерлемені төмендету жоспарына қатысты күтулер қайта қаралып, сақтық
бағыт таңдалды.
Федералды резерв
жүйесі басшылары белгісіздік деңгейінің жоғары екеніне назар аудара отырып, биылғы
жылы АҚШ экономикасының өсімі 1%-ға дейін баяулайды, ал инфляция 4%-ға дейін
жеделдейді деп болжауда. Бұған Ақ үйдің тарифтік саясаты әсер етуде.
Өндіруші бағалар
индексі (PPI) сарапшылар күткен межеден төмен болды. Бұл көбіне энергия
тасымалдаушылар бағасының түсуімен байланысты.
Базалық PPI айлық есеппен 0,1%-ға төмендеді (күтілгені: +0,3%), ал қызмет
көрсету бағасы 0,2%-ға төмендеді.
Компаниялардың жаңалықтары
— Ірі қаржы
корпорациялары бірінші тоқсанның есеп беру маусымын ашты. Ең ірі банктердің табысы сарапшылардың
күткенінен асып түсті: J.P. Morgan Chase (JPM: +4%), Wells Fargo (WFC:
−0,95%), Morgan Stanley (MS: +1,44%) және BlackRock (BLK: +2,33%).
— Harley-Davidson (HOG: +4,9%) компаниясы өзінің
қаржы бөлімшесі Harley-Davidson Financial Services (HDFS)-ті 1 миллиард
долларға сатуды қарастыруда.
— Five Below (FIVE: −2,1%) Қытай жеткізушілеріне
өз жүк тасымалдарын тоқтататыны туралы хабарлады, себебі бұл екі ел арасындағы
өзара тарифтерге байланысты, деп хабарлайды Bloomberg.
Біз не күтудеміз
Тарифтік соғыстар
нарықтың басты тақырыбы болып қала беруде. Инвесторлар Қытайдың электроникасына
қойылған жоғары тарифтердің уақытша тоқтатылуын оң бағалады. Алайда 14 сәуірде
Трамп әкімшілігі жаңа тарифтерді енгізу жоспарын жариялайды, бұл жартылай
өткізгіштер мен электроника жеткізу тізбегіне қатысты болуы мүмкін. АҚШ Сауда
министрі Говард Латник жаңа тарифтер бір-екі ай ішінде енгізілетінін, бірақ
олар 125%-дан төмен болатындығын айтты. Бұл жағдай Apple сияқты Қытайда үлкен
өндірістік қуаты орналасқан компаниялар үшін жағдайды біршама жұмсартады.
Негізгі мақсат — микроэлектроника өндірісін АҚШ-қа көшіру. Келіссөздерге Ұлыбритания,
Еуроодақ, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль және Үндістан қатысуда, бірақ Қытай
қалыс қалды.
Макроэкономикалық
күнтізбе бойыша 14 сәуірде маңызды жаңалықтар күтіліп отырған жоқ. Тек Goldman
Sachs (GS) өзінің тоқсандық есебін ұсынады.
Негізгі
америкалық индекстердің фьючерстері Қытай электроникасына қойылған тарифтердің
уақытша тоқтатылуына оң әсер етіп, өсім көрсетуде. Алайда жаңа тарифтік шаралар
инвесторларды қынжлтуы мүмкін. Осыған байланысты біз жақын арадағы сессиядағы
тәуекелдер теңдестірілген деп бағалаймыз, сонымен қатар жоғары құбылмалылық
сақталады. S&P 500 индексінің қозғалысын 5200–5500 аралығында (−3,2% мен
+2,6% арасындағы деңгейде) болжаудамыз.
Басты назарда
— Трамп
әкімшілігі антимонополиялық қысымды күшейтуде: The New York Times дерегінше, Meta
(META) мен Alphabet (GOOG) компанияларына қатысты істер белсенді
фазаға өтті.
— Қытайдан әкелінетін
электроникаға бекітілмек тарифтердің уақытша тоқтатылуы Apple (AAPL) мен
Nvidia (NVDA) үшін тәуекелдерді азайтты. Apple ең нашар сценариден аман
қалды, бірақ Қытайға тәуелділік пен жеткізу тізбектеріндегі қиындықтар әлі де сақталып
отыр. 2024 жылдың наурызынан 2025 жылдың наурызына дейін Үндістанда $22
млрд-қа iPhone өндірілді (+60% жылдық өсім). Сондай-ақ компания Vision
Pro құрылғыларының екі жаңа моделін дайындап жатыр.
— Трамп U.S.
Steel (X) компаниясына шетелдік бақылаудың орнауына тағы да қарсы шықты.
Бұл оның $15 млрд-қа Nippon Steel-ге сатылу мәмілесінің мақұлдану
мүмкіндігін төмендетіп отыр.
— Bloomberg
хабарлауынша итальяндық миллиардер Джанлуиджи Апонте CK Hutchison
конгломератынан 43 портты сатып алуға негізгі үміткер болып отыр. Келісім
шарттарына сәйкес оның компаниясы барлық активтердің (екі Панама портынан басқа,
олар BlackRock (BLK) бақылауына өтеді) жалғыз иесі атанбақ.








