БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: Сауда саясаты котировкаларға қысым көрсетуде

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: Сауда саясаты котировкаларға қысым көрсетуде

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ-тың қор нарығындағы оқиғаларға күнделікті шолуы және болжамы.

Біз не күтеміз

Инвесторлар қауымдастығының назарында негізінен АҚШ билігінің сыртқы сауда бағыты. Осы күн тәртібіне қатысты жаңа мәлімдемелер мен жарияланымдар бағамдардың құбылмалылығын күшейтуі мүмкін. 20 мамырда Қытай АҚШ-тың чип экспортын шектеуі Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда қарым-қатынасының одан әрі қалыпқа келуіне кедергі екенін ескертті. Бұл мәлімдеме америкалық индекстер фьючерстерінің төмендеуіне себеп болды. Тариф саясатына қатысты белгісіздік пен ФРЖ өкілдерінің риторикасы нарық қатысушыларын күтуші ұстанымға итермелеп отыр. Бұл факторлар да нарықтардағы қысқа мерзімді құбылмалылықты арттырады. Сонымен қатар, Moody’s агенттігінің АҚШ-тың кредиттік рейтингін төмендету туралы шешімі инвесторлар тарапынан қайта қарастырылуда, дегенмен 19 мамырдағы сауда кезінде оған деген реакция шектеулі болды.

Сейсенбі күні Филадельфия ФРБ-ның мамырдағы өндірістен тыс сектордағы іскерлік белсенділік бағалауы жарияланады. Бұл көрсеткіш алдағы сауда барысына шешуші әсер етпесе де, бейсенбіге жоспарланған S&P Global-дың осы айдағы бизнес-белсенділіктің алдын ала индексімен қатар қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, ФРЖ басшылығының бірқатар өкілдері сөз сөйлейді. Болжам бойынша олардың риторикасы күту ұстанымын растаумен шектеледі.

Негізгі сессия ашылғанға дейін Pony AI (PONY), Viking Holdings (VIK) және Vipshop Holdings Limited (VIPS) тоқсандық есептерін жариялайды. Home Depot (HD) соңғы тоқсандағы сатылымдары күткеннен төмен болды. Постмаркетте Palo Alto Works (PANW), Toll Brothers (TOL) және Keysight Technologies (KEYS) өздерінің қаржылық нәтижелерін ұсынады.

АҚШ-тың негізгі акция индекстерінің фьючерстері орташа төмендеуде. Алдағы сессияда құбылмалылықтың орташа деңгейі және тәуекелдердің қалыпты теріс балансы белең алады деп болжануда. S&P 500 индексінің қозғалысын 5870–6000 тармақ диапазонында күтеміз (бұрынғы сессияның жабылу деңгейінен −1,6%-дан +0,6%-ға дейін).

Назарда

— Continental Resources (CLR) Hess Corp.-ты (HES) оның еншілес құрылымдарымен жасалған мәмілелер аясында $69 млн-ға дейінгі алаяқтық үшін сотқа берді.

— Pfizer (PFE) Қытайдың 3SBio биотехнологиялық компаниясының қатерлі ісікке қарсы эксперименттік әдісін $1,25 млрд бастапқы төлеммен және даму кезеңдерінде $4,8 млрд-қа дейін лицензиялайды.

— Apple (AAPL) өнімін шығаратын мердігер Foxconn өндірісті Қытайдан АҚШ-тың сауда саясаты салдарынан зардап шеккен Үндістанға көшіру аясында үнді бөлімшесіне 1,5 млрд рупий ($18 млн) инвестициялайды. Сондай-ақ, компания Nvidia (NVDA) компаниясымен бірлескен Тайваньдағы ЖИ деректер орталығының қуаты 100 МВт болатынын хабарлады.

— Норвегиялық Equinor (EQNR) Empire Wind жел электр жобасын қайта іске қосуға рұқсат алды. Бұл жоба болашақта Нью-Йорк штатындағы шамамен 500 мың үйді электр қуатымен қамтамасыз етпек. Жоба құны — $5 млрд.

— Alphabet (GOOG) компаниясының жүргізушісіз көлік әзірлейтін Waymo бөлімшесіне Сан-Францискода роботаксилерді кеңейте отырып қолдануға рұқсат берілді.

Кешегі нарықтағы жағдай

19 мамырда АҚШ қор биржаларындағы сауда нәтижелері әртүрлі бағытта аяқталды. S&P 500 және Nasdaq 100 0,09%-ға, ал Dow Jones 0,32%-ға өсті. Russell 2000 0,42%-ға төмендеді. Moody’s-тің АҚШ кредиттік рейтингіне қатысты шешіміне нарықтың реакциясы байсалды болды. Сессия басында кең нарық индексі теріс аймаққа түсіп, кейін өсімге өтті. «Керемет жетілік» акциялары негізінен оң динамика көрсетті. Tesla (TSLA: −2,3%) және Apple (AAPL: −1,17%) ерекше төмендеді. Кең нарық индексіне кіретін секторлардың басым бөлігі күнді өсіммен аяқтады. Денсаулық сақтау индустриясы көш бастады (XLV: +0,96%), ал энергетика саласы аутсайдер болды (XLE: −1,3%). 30 жылдық қазыналық облигациялар кірістілігі 5%-дан асып, кейін 4,9%-ға оралды.

АҚШ-тың Conference Board ұйымының жетекші экономикалық индикаторлар индексі (LEI) сәуірде 1%-ға төмендеді, консенсус −0,85% болған. Бұл — 2023 жылдың наурызынан бергі ең үлкен құлдырау. Компоненттердің басым бөлігі, соның ішінде тұтынушылық күтулер, құрылысқа рұқсаттар саны және өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейі теріс динамика көрсетті. Соңғы алты айда индекс 2%-дан астамға құлдырады, бұл экономикалық белсенділіктің әлсіреуінің айқын белгісіне айналып отыр.

АҚШ президентінің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетт жаңа сауда келісімдері 15 серіктес мемлекетпен жақын арада жасалатынын мәлімдеді. Бұл тарифтік соғыстарға қатысты алаңдаушылықты біршама төмендетуге ықпал етті.

Компания жаңалықтары

— Tesla (TSLA: −2,3%) акциялары АҚШ-та сатылымды ынталандыру шаралары жарияланғаннан кейін арзандады. Бұл шаралар сұраныс тапшылығы мен Model Y-ға тапсырыстың болмауы салдарынан бүкіл модельдік қатарға әсер етсе керек.

— Sable Offshore (SOC: +14,4%) акциялары Santa Ynez кен орнында мұнай өндірудің қайта басталуы және шілдеде Las Flores құбыр желісі арқылы жеткізулердің іске қосылатыны туралы жаңалықтардан кейін күрт өсті.

— UnitedHealth Group (UNH: +8,2%) акциялары АҚШ Әділет министрлігінің тергеуі салдарынан болған құлдыраудан кейін қалпына келді. Акцияларға жаңа бас директор мен басқа инсайдерлердің $25 млн көлемінде сатып алуы қолдау көрсетті.

— TXNM Energy (TXNM: +7%) акциялары Blackstone Infrastructure тарапынан $11,5 млрд-қа (бір акцияға $61,25) сатып алу туралы келісім аясында оң реакция көрсетті. Бұл баға жұма күнгі жабылу құнынан 16%-ға жоғары. Мәміле 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары