БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Вашингтоннан Парижге дейінгі саяси «дауыл»: дүрбелең неге болған жоқ?

Анна Краснова

Анна Краснова

Журналист
Вашингтоннан Парижге дейінгі саяси «дауыл»: дүрбелең неге болған жоқ?

Аяқталып келе жатқан апта саяси турбуленттілікпен өтті: АҚШ-та ФРЖ-ның тәуелсіздігі, ал Францияда үкіметтің тұрақтылығы күмән тудырды. Мұндай оқиғалар нарықтан қатты реакция тудыруы тиіс сияқты еді. Алайда дүрбелеңнің орнына инвесторлар сақтықты таңдады. J.P. Morgan сарапшыларының айтуынша, белгісіздік шынында құбылмалылықты күшейтеді, бірақ нарықтың іргелі негіздері әлі де жеткілікті беріктікке ие.

Вашингтоннан келген сигнал

Апта басында Дональд Трамп ФРЖ-ның басқарушылар кеңесінің мүшесі, өкілеттігі 2038 жылға дейін жалғасатын Лиза Кукты отставкаға жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұған оның тағайындалуына дейінгі кезеңге қатысты ипотекалық құжаттарды қолдан жасаған деген айыптаулар себеп болды. Кук бұл айыптауларды жоққа шығарып, оның адвокаты президенттің әрекетін заңсыз деп атады.

Кук ФРЖ басқарушылар кеңесіне Трамп емес, демократтар әкімшілігі арқылы тағайындалған. Оны орнынан алу талпынысы реттеуші орган басшылығындағы күштердің тепе-теңдігін өзгертуі мүмкін саяси қадам ретінде қабылданды. Бұл перспективада 2026 жылы өкілеттігі аяқталатын төраға Джером Пауэллдың болашағына да күмән тудыруы ықтимал. Жалпы алғанда, Трамптың бастамасы ФРЖ шешімдерінің саясилануына — мөлшерлемені төмендету қарқынынан бастап ұзақмерзімді инфляция бойынша бағдарларға дейін әкелуі мүмкін.

Нарық үшін басты қауіп нақты персоналдарға емес, институттың өзіне деген сенімнің әлсіреуінде жатыр. ФРЖ-ның тәуелсіздігі дәстүрлі түрде тұрақтылықтың негізгі факторы болып саналды, ал президенттің тікелей араласу талпынысы оны күмәнға қалдырады. J.P. Morgan атап өткендей, бұл инфляциялық күтулердің әлсіреуіне соқтыруы ықтимал. Бірақ сарапшылардың айтуынша, тарих көрсеткендей, ФРЖ мықты саяси қысым жағдайында да өз тәуелсіздігін сақтап қалуға механизмдері мен құқықтық қорғанысының арқасында қабілетті болған.

Франция үкіметі отставкаға кету алдында тұр

Франциядағы саяси шиеленіс жаңа деңгейге жетті. Премьер-министр Франсуа Байру оппозиция тарапынан қатты қарсылыққа тап болған 44 млрд еуролық бюджет реформалары жоспарын (шығындарды қысқарту мен салықтарды көтеруді қамтиды) дауысқа салды. Дегенмен іс жүзінде барлық партиялар үкіметке қарсы дауыс беретінін мәлімдеді.

J.P. Morgan сарапшыларының айтуынша, Байрудың жеңіліс ықтималдығы жоғары. Егер үкіметке сенімсіздік білдірілсе, ол отставкаға кетуі тиіс болады. Бұл президент Эммануэль Макронды күрделі таңдауға әкеледі: әлсіз азшылық үкіметін тағайындау немесе тәуекелге барып, мерзімінен бұрын парламент сайлауын жариялау. Екі жағдайда да басқару, бюджеттік келіссөздер мен фискалдық реформаларға қатысты жаңа белгісіздік туындайды.

Нарық үшін жағдайдың маңызы зор, себебі Франция — еуроаймақтың екінші экономикасы әрі еуропалық индекстердегі ең ірі эмитенттің бірі. Саяси тұрақсыздықтың күшеюі еуропалық инвесторлардың жалпы көңіл-күйіне қысым жасауы мүмкін.

Сонымен бірге аймақта белгілі бір теңгерім сақтайтын факторлар бар: қорғанысқа жұмсалатын шығынның артуы және Германия тарапынан көрсетілетін бюджеттік қолдау корпоративтік пайданы сақтап, саяси тәуекелді ішінара жұмсартуы ықтимал.

Нарықтың реакциясы қандай?

Артып отырған саяси тәуекелге нарық дүрбелеңмен емес, сақтықпен жауап берді. Еуропалық және америкалық акциялар шамалы төмендеді, доллар әлсіреді, ал алтын, керісінше, нығайды. АҚШ-тағы қисық кірістілік сәл түзелді, бұл ақша-несие саясатына қатысты күтулердің өзгерісін көрсетті. Ең айқын өзгерістер Францияда байқалды: мемлекеттік OAT облигацияларының кірістілігі немістің Bund қағаздарымен салыстырғанда өсті, ал CAC 40 индексі төмендеді.

Мұндай динамика инвесторлардың бағаға белгісіздіктің артуын енгізіп отырғанын, бірақ жағдайды жүйелік дағдарыстың бастауы ретінде қарастырмайтынын аңғартады. Негізгі тәуекел индикаторлары назарда қалып отыр: қысқа мерзімді ставкадан бастап инфляциялық күтулерге дейін, сондай-ақ ұзақ мерзімді облигация бойынша мерзімдік премия мен доллар бағамына дейін.

Бұл инвестор үшін қандай сигнал?

АҚШ пен Франциядағы саяси оқиғалар инвесторларға сыртқы факторлар нарықтағы құбылмалылықты күрт күшейте алатынын еске салды. Дегенмен негізгі перспективада тұрақтылық сақталып отыр: J.P. Morgan сарапшыларының айтуынша, америкалық актив әлі де төзімділігін көрсетуде, ал еуропалық акция орта мерзімді перспективада өсім әлеуетін сақтап тұр.

Инвесторлар үшін бұл – қысқа мерзімді жаңалыққа емес, портфельдің қорғанысы мен тұрақтылығына назар аудару қажеттігінің сигналы. Инвестицияны түрлі аймақ, сектор және валюта арасында бөлу, сондай-ақ облигация мен нақты активті тірек ретінде пайдалану саяси тәуекелдің ықпалын жұмсартуға көмектеседі. «Біз оптимизмді сақтап отырмыз және ұзақ мерзімді трендтің қысқа мерзімді сілкіністен күштірек болатынына сенімдіміз», — деп қорытындылады банк сарапшылары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары