Xiaomi негізін қалаушысы өз компаниясының қағазын сатып алды. Акциясы 4% өсті

Қытайлық смартфон және смарт-электроника өндірушісі Xiaomi акциясы 25 қарашадағы саудада 4%-дан астам күрт өсіп, соңғы екі айдағы ең қатты бір күндік өсім көрсетті, деп хабарлады Bloomberg. Инвесторлардың оптимизміне себеп, компанияның негізін қалаушысы Лэй Цзюньнің шамамен 100 млн гонконг долларына ($12,9 млн) компания қағазын сатып алғаны туралы жаңалығы. Осы мәміледен кейін Лэй Цзюньнің үлесі 23,26%-ға дейін ұлғайды.
Бұл сатып алу шілдеде тіркелген максимумнан кейін акция 30%-дан аса төмендеп кеткен соң нарықтағы көңіл күйді қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін, деп жазды Bloomberg. Соған қарамастан, Гонконгта саудаланатын Xiaomi қағазы 2025 жылдың басымен салыстырғанда әлі 17% плюсте тұр.
Мәміле не білдіреді?
Осылай компания емес, негізін қалаушының өзі акция сатып алуы, сирек кездеседі және акция динамикасын тұрақтандыруға және ары қарайғы төмендеуді шектеуге ұмтылысын көрсетеді, деп жазды Bloomberg сарапшыларға сілтеме жасап.
«Бұл соңғы құлдырау ма — дөп айту қиын, алайда төмендеу мүмкіндігі шектеулі екеніне қатысты белгі айтарлықтай нық», — деді Zhuhai Greenbamboo Private Fund Management қорының басқарушысы Цзян Лянцин.
Xiaomi 2022 жылдан бері бірнеше рет акциясын кері сатып алу бағдарламаларын іске асырды, бұл котировканың өсуіне ықпал етті. Мысалы, маусымдағы жаңа бағдарлама туралы жариялау кейінгі апталарда акцияны раллиге апарды, деп жазды Bloomberg.
Сарапшылар кеңесі
Goldman Sachs сарапшылары Xiaomi акциясы бойынша мақсатты бағасын 10%-дан астам төмендетті, себебі компанияның рентабельділігіне әсер етуі мүмкін микросхема және жад чиптері сияқты компоненттер бағасының қымбаттауы олардың алаңдаушылығын күшейтті, деп хабарлады Bloomberg. Банк мәліметінше, хедж-фондтар қарашаның басында Xiaomi акциясына қарсы ставкаларын көбейткен: компания катализаторлардың болмауына байланысты қысқа мерзімді перспективада шортқа немесе сатуға арналған консенсус-идеяға айналған.
Алайда, жалпы нарық Xiaomi-дің әрі қарайғы өсуіне және тұрақтылығына сенеді, ал тәуекелдер сарапшылар пікірі бойынша шектеулі. Wall Street Journal дерегіне сәйкес, «сатып алуға» (Buy, Overweight) — 36, «ұстауға» (Hold) — 3, «сатуды» (Sell) — 2 сарапшы кеңес берді.








