БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Morgan Stanley ОПЕК+ шешімінен кейін мұнай бағасына қатысты болжамын көтерді

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Morgan Stanley ОПЕК+ шешімінен кейін мұнай бағасына қатысты  болжамын көтерді

Уолл-стриттің ең ірі инвестициялық банктерінің бірі — Morgan Stanley — ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді арттыру жоспарын уақытша тоқтатқаннан кейін мұнай бағасына қатысты қысқамерзімді болжамын жақсартты. 3 қарашада банк Brent эталондық маркалы мұнайдың бағасына қатысты 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған болжамын барреліне $57,5-тен $60-қа дейін көтергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bloomberg.

Аналитиктер Мартин Ратс пен Шарлотта Фиркинстің жазбасынан агенттік келесідей үзінді келтіреді:

«ОПЕК жасаған мәлімдеме біздің өндіріс бойынша болжамымызға техникалық тұрғыда әсер етпесе де, ол маңызды сигнал береді. ОПЕК белсенділігі байқалғанда, нарықтағы құбылмалылық төмендейді».

Олардың айтуынша белгіленген квоталар мен іс жүзіндегі өндіріс деңгейі арасында «айтарлықтай алшақтық» бар. Банк деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың наурызынан қазан айына дейін картельге мүше елдер квотамен көрсетілген 2,6 млн баррельдің орнына тәулігіне небәрі 500 мың баррельге ғана өндірісті ұлғайтқан.

UBS аналитиктері болса, Brent бағасы барреліне $60–70 диапазонында қала береді деген болжамды ұстанады. Seeking Alpha-ның мәліметінше олардың 2025 жылдың соңына арналған мақсатты бағасы — $62.

«2026 жылдың ортасына қарай нарық назары, мүмкін, 2027 жылға ауысады. Біз ол кезде ОПЕК+-ке кірмейтін елдерде ұсыныстың біршама артуын және сұраныстың өсуін жалғасады деп күтеміз», — дейді UBS.

Контекст

2 қарашада ОПЕК+ желтоқсан айында мұнай өндіру квотасын қараша деңгейімен салыстырғанда тәулігіне 137 мың баррельге арттыруға, ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында маусымдық жағдайларға байланысты өндірісті ұлғайтуды уақытша тоқтатуға келісті. Bloomberg атап өткендей, бұл — 2025 жылдың сәуірінде картель нарыққа жеткізілмей қалған көлемдерді қайта бере бастағаннан бергі алғашқы осындай шешім.

Соңғы үш айда квоталардың жоғарылауына байланысты Brent шамамен 10%-ға арзандады. Бірақ АҚШ-тың Ресейдің ірі мұнай компанияларына қарсы санкциялар енгізуі фонында баға бес айлық минимумнан қайта өсе бастады.

3 қарашада ОПЕК+ шешімінен кейін мұнай бағасы әуелі өскенімен, кейін қайта төмендеді: Brent фьючерстері 0,3%-ға азайып, барреліне $64,6-ға түсті, ал WTI келісімшарттары 0,4%-ға арздап, $60,7-ға жетті. Reuters түсіндіргендей, бағамдарға Азиядағы — әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы аймақтағы — өндірістік көрсеткіштердің әлсіздігі қысым көрсетті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары