БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: инвесторлар назарында жұмыссыздық деректері мен сауда күн тәртібі

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: инвесторлар назарында жұмыссыздық деректері мен сауда күн тәртібі

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов әзірлеген АҚШ қор нарығындағы оқиғаларға арналған күнделікті шолуы және болжамы.

Біз күтеміз

Инвесторлар назарын 26 маусымда бірқатар макроэкономикалық көрсеткіштерге аударады. Мамыр айына арналған сауда балансы мен ұзақмерзімді пайдалануға арналған тауарларға алдын-ала тапсырыстар бағалауы болжамдық экономикалық модельдерді түзетуге мүмкіндік береді. Алайда бұл статистиканың жариялануы макроболжамдарды да, бірінші тоқсанның ЖІӨ-нің қорытынды динамикасына қатысты орташа бағдарды да елеулі түрде өзгертпейді.

Апта сайын жарияланатын бастапқы жұмыссыздық жәрдемақысына өтініштер деректері ерекше қызығушылық тудырады, себебі олар сыртқы саудадағы белгісіздік экономикаға қалай әсер ететінін жедел көрсетеді. Егер көрсеткіш 260–270 мыңнан төмен болса, бұл экономикалық өсімнің болар-болмас баяулауын білдіреді; одан жоғары мән акциялар нарығында теріс реакция туғызуы мүмкін.

Сауда қатысушылары ФРЖ қадағалау жөніндегі төраға орынбасары Майкл Баррдың ақша-несие саясаты саммитіндегі сөзіне де зер салмақ. Сондай-ақ реттеуші басшылығының басқа да өкілдерінің пікірлері назардан тыс қалмайды.

Сауда барысына сыртқы сауда келіссөздері мен геосаяси жағдай туралы жаңалықтар әсер етуді жалғастырады. Инвесторлар тарифтік саясат тақырыбына назар аударады, өйткені Вашингтон өзара баж салығын енгізу мерзімін 9 шілдеге белгілеген. Fox News дерегінше Трамп әкімшілігі Жапония, Оңтүстік Корея және Вьетнаммен келісімдерге жақын. Дегенмен келіссөздер күрделі жүріп жатыр. Жапонияны автокөлік экспортына 25 пайыздық баж салу қанағаттандырмай отыр, Оңтүстік Кореяның сауда министрі болат пен автомобиль баж салықтарын алып тастауды талап етуде, Үндістанмен диалог ауыл шаруашылығы мен нарыққа қолжетімділік бойынша келіспеушіліктерге байланысты тығырыққа тірелді.

Nike (NKE) компаниясы тоқсандық есебін 26 маусымда негізгі сессия жабылғаннан кейін жариялайды.

Америка қор индекстерінің фьючерстері «жасыл» аймақта саудалануда. Негізгі сессия ашылар алдында тәуекелдердің нейтралдық тепе-теңдігі және орташа құбылмалылық байқалады. 25 маусымдағы жабылу деңгейімен салыстырғанда −1 %-тан +0,9 %-қа дейінгі (6030–6145 пункт) диапазонда S&P 500 қозғалысына бағдарланамыз.

Назарда

— Micron Technology (MU) постмаркеттің есебі жарияланғаннан кейін өсім көрсетті: EPS те, түсім де консенсусты айтарлықтай асып түсті. Компанияның осы индикаторлар бойынша болжамы да орташа күтулерден әлдеқайда жоғары. Менеджмент ресурстардың көбірек бөлігін ЖИ шешімдерін дамытуға қайта бөлу туралы мәлімдеді.

— Дональд Трамп қазіргі реттеуші басшылығының ақша-несие саясатын бірден жұмсартудан бас тартуына байланысты жаңа ФРЖ төрағасының кандидатурасын қыркүйек-қазан айларында ұсынуы мүмкін. Джером Пауэллды орнынан алу туралы алыпқашпа сөздер жұмсақтау монетарлық саясаттың белгісі ретінде қабылданады. Дереккөздерге сүйенсек, Трамптың мақсаты — барынша адал кандидат табу.

— Jefferies Financial Group (JEF) акциялары постмаркеттің саудасында төмендеді: компанияның екінші қаржылық тоқсанындағы EPS $0,4 болды (консенсус — $0,44), алайда түсім орташа болжамнан сәл жоғары шықты.

— Ralliant (RAL) 1 шілдеден бастап S&P SmallCap 600 индексінде Wolfspeed (WOLF) компаниясын алмастырады, бұл пассивті капитал ағынының арқасында RAL акцияларына жағымды әсер етуі мүмкін.

Кешегі нарықтағы жағдай

25 маусымдағы сауда АҚШ қор алаңдарында әркелкі аяқталды. S&P 500 0 % өзгеріс көрсетті, ал тең салмақталған индекс 0,75 % төмендеді. Nasdaq 100 0,21%-ға өсті, Dow Jones 0,25%-ға төмендеді, Russell 2000 1,16%-ға құлдырады. Жалпы нарықтан озық саудаланған сектор — IT (XLK: +0,85 %). Ал аутсайдер — жылжымайтын мүлік индустриясы (XLRE: −2,44 %), әлсіз статистика ықпал етті. Мұнай бағасы (WTI) алдыңғы екі күндегі шамамен 13 % төмендеуден кейін 0,65 % көтерілді.

Мамыр айында жаңа үйлер сатылымы қазан айынан бергі ең төмен деңгейге түсті және 2019 жылдың сәйкес айынан бері ең әлсіз көрсеткіш болды.

ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл Конгрестегі екінші күнгі сөзінде болашақ сауда келісімдері мөлшерлемені төмендетуге жағдай жасай алатынын, бірақ импорттық тарифтердің инфляциялық тәуекелдері бар екенін ескертті. Сондай-ақ ол ФРЖ-ның күтуші ұстанымды жалғастыруға мүмкіндік барын растады. Сонымен бірге Федрезерв ең ірі банктерге қойылатын капитал талаптарын жұмсартуы мүмкін екенін жариялап, бұл олардың операциялық икемділігін арттырар еді.

Компания жаңалықтары

— BP (BP: +1,6 %) бағамдары Shell (SHEL) тарапынан ықтимал сатып алу жөніндегі алдын-ала келіссөздер туралы хабардан кейін өсті, дегенмен BP бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— General Mills (GIS: −5,1 %) төртінші қаржылық тоқсандағы бір акцияға табысы консенсусты асыра орындағанымен, түсім мен органикалық өсу күтуден төмен болды. Сатылым көлемінің қысқаруы мен қолайсыз баға конъюнктурасы нәтижелерге қысым көрсетті. Компания басшылығы келесі жылы негізгі санаттардағы өсім ұзақмерзімді бағдарлардан төмен болады деп ескертті, себебі тұтынушылық сұраныс әлсіз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары