БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Shein Қытайға қайта оралуы мүмкін: IPO үшін жасалатын жаңа қадам

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Shein Қытайға қайта оралуы мүмкін: IPO үшін жасалатын жаңа қадам

Фаст-фэшн ритейлері Shein штаб-пәтерін Сингапурдан Қытайдың материктік бөлігіне көшіруді қарастырып отыр. Бұл қадам Пекин реттеушілерімен келісу процесін жеңілдетіп, Гонконгта IPO өткізуге рұқсат алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше компания Қытайда бас құрылым құру мәселесі бойынша заңгерлермен кеңескен. Мұндай қадам Shein-ді Қытайдың салық резидентіне айналдырып, реттеушілерге корпоративтік деректерді бақылауға жол ашады. Бұл — Гонконг биржасына шығудың міндетті шарттарының бірі, деп жазады Retail Sector. Қазіргі таңда Қытаймен айтарлықтай байланысы бар кез келген компания акцияларын шетелде орналастыру үшін де Қытайдың бағалы қағаздар нарығын реттеу комиссиясынан (CSRC) рұқсат алуы тиіс.

Shein бұған дейін Нью-Йорк пен Лондон нарығына шығуға талпынып көрген. Алайда CNBC-дің еске салуынша бұл жоспар жүзеге аспай қалды. АҚШ-та компания саяси қысымға, күштеп еңбекке тартты деген айыптауларға тап болды (The Wall Street Journal мәліметінше Shein мұны жоққа шығарады). Ал Ұлыбританияда процесс Қытай билігінің келісімі болмағандықтан тоқтап қалғаны туралы Financial Times жазып өтті. Енді көпжылдық IPO жоспарын іске асыру үшін басты нұсқа — Қытайға жақын әрі саяси тұрғыдан қолайлы Гонконг болып отыр.

Shein 2008 жылы Нанкинде құрылып, бастапқы кезден-ақ жаһандық экспансияға ден қойған. 2019 жылы компания штаб-пәтерін Сингапурда тіркеп, 2021 жылы толықтай сонда көшірген еді. Бұл шешім реттеушілік тәуекелдерді азайтып, халықаралық имиджін күшейтуге бағытталған болатын.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары